Сөздік жұмыс Ақша жарату;
Ысырапшыл;
Сараң адам;
Жомарт адам;
Құйылған ақша;
Көз тоймау;
Қанағатшылдық;
Қолма-қол ақша;
Ақша айналысы;
Ақша құнының өсуі;
Тиын-тебен;
Күн көріс;
Бай қуатты;
Оқылым 2-тапсырма. Мәтінді оқып, идеяны анықтау.
Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы
Ақша — адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.
Тыңдалымhttps://www.youtube.com/watch?v=uZEy8NY6IUo 3-тапсырма. Бейнематериалды көріп, төмендегі кестені толтырыңыз. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.