Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет42/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Тыңдалым.
2-тапсырма.
https://youtu.be/2ijq6-oL1ss сілтеме арқылы видеоны тамашалап, түсінгендеріңізді сөздік қордады пайдала отырып, айтып көріңіздер.


Айтылым.
3-тапсырма. Өздеріңіз қандай қазақстандық саяхатшыларды білесіздер?


Оқылым.
4-тапсырма. Мəтіндегі негізгі тірек сөздерді атаңыздар. Қысқаша мазмұндаңыздар.

Әліби Жангелдин – жер шарын айналған қазақтың тұңғыш саяхатшысы


Биыл қазақ баласының жер шарына саяхат жасағанына 105 жыл толмақ. Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай уезі, қазіргі Қостанай облысындағы Қайдауыл жерінде дүниеге келді. Әкесі орта жүздің қыпшағынан шыққан жалшы болатын. Отбасында 8 бала болды: үш ұл, қалғандары қыз бала. Өздері кедейшілік жағдайында өмір сүрді. Ерте жастан бастап Әліби білімге ұмтылғанымен, оның тұрған жерінде мектеп болмады. Бір күні Торғай кәсіптік мектебінің мұғалімі ауыл үстінен өтіп бара жатып, Әлібимен кездесіп қалды. Қолөнер мектебінің мұғалімі оның есте сақтау және тез үйрену қабілеттерінің жақсы жетілгенін байқап, мектепке шақырады. Әліби өзінің әкесімен мектеп туралы және білім алуға деген құштарлығы туралы сөз қозғағанда, ол баласын тыңдағысы да келмеді. Жас бала үйден қашуға бекінді және соған ыңғайы келетін сәтті күтті де. Көрші ауылдан Торғайға қарай бет алған керуенмен кейін жасырын ілесіп кетіп қалды. Торғайдан өзі аулында кезіктірген Ахмет Балғамбаев деп аталатын ұстазын кезіктірді. Ол орыс тілінде білім берілетін қолөнер мектебіне меңгерушілік ететін. Осылайша болашақ саяхатшы сауаттылыққа үйрене бастады


Жазылым.
4-тапсырма.Жағдаяттық тапсырма. «Мен саяхаттап жүргенде, достарымнан адасып қалдым». Сіз бұдан қалай шығасыз?


5-тапсырма. Топтық жұмыс.
«Дөңгелек үстел» ойыны арқылы жүргізіледі.
Топтағы студенттің бірі берілген параққа тақырып
бойынша1сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын əрі қарай
жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып
жайлы шыққан мəтінді бір студент оқиды, топ болып талдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет