Оқылым
3-тапсырма.
Тақырыпқа сәйкес ойды жалғастырыңыз
Отбасы заңдылықтары дегенді қалай түсінесіз?
Қазіргі таңда отау тіккен көптеген ерлі-зайыптылар үйлерінде бақыттың, өзара жылудың жоқтығын айтып шағым жасайды. Сол бақытсыздықтың себебі – ері мен әйелдің біріне-бірі кешіріммен қарай алмай, араларында өшпенділік, кек сақтауы болса керек. Ал, негізінде, кешірімділік – отбасы шаттығы үшін ең маңызды құндылықтардың бірі.
Адамдар арасындағы өзара түсіністік болу қажет. Түсіністіктің бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Түсіністік – бір-бірімізбен татулықта өмір сүрудің бір жолы. Түсіністіктің болмауы қауіпті жағдайларға әкеледі. Адамдар бір-бірін түсінбесе, неке бұзылуы, қылмыс т.б. жағымсыз істердін пайда болуы мүмкін.
Айтылым
Тақырыпқа кері байланыс:
Қарсы пікір білдіріңіз
Келіспеген жағдайда нақты мысалдармен дәлелдеңіз
Жазылым
Күнделік жазыңыз
Менің бақытты сәттерім .....................
Ата-анаға деген сүйіспеншілік ..................
Әдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
6-сабақ
1-тапсырма.
Сөздік қор:
Ағайын татулығы
Өзара түсіністік
Қара шаңырақ
Шаңырақ иесі
Ата-ананы сыйлау
Қатені кешіру
Кешіріммен қарау
Тіршілікте сыйласу
Адамгершілік қасиеттер
Тыңдалым
2-тапсырма. «Қара шаңырақ» көркем фильмінен үзінді көріңіздер
Фильммен жұмыс:
Ағайын арасындағы татулықты көрдіңіз бе?
Қазақ халқына тән қасиеттер
Ата-ана мен бала арасындағы түсіністік болса, мысал келтіріңіз
Фильмнің мақсаты не?
Оқылым
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, жаттап алыңыз:
Ағайын сәні- сыйластық
Сыйласаң ата-анаңды,
Кешірер сенің қатеңді
Тіріде сыйласпаған өлгенде жыласпайды.
Туғаныңмен сыйласпасаң,
Кең дүниеге сыймассың.
Жазылым
Грамматикалық тапсырма:
Есімше жұрнақтарымен тақырыпқа сәйкес 10 сөйлем құрастырыңыз
Сөйлесім
«Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.
Берілген мақал- мәтелдерді сөздік қолданысқа енгізіңіз:
Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
Достарыңызбен бөлісу: |