Қазақ тілі В2 деңгейі, 1-семестр



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата10.03.2023
өлшемі0,79 Mb.
#72907
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
В2 бақылау сұрақтары

2 бөлім сұрақтары: 
81. «Отан», «Туған жер» туралы қандай мақал-мәтел білесіз? 
82. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіз? 
83. Сөйлем мүшелеріне тоқталыңыз. Мысал келтіріңіз. 
84. Орталық Қазақстанда қандай көрікті жерлер бар? 
85. Күрделі сөздер дегеніміз не? Қандай түрлері бар? 
86. Атаулы сөйлемдер дегеніміз не? Қалай жасалады? 
87. Қазақстанда қандай тарихи орындар бар? 
88. Сәулет өнері қазақ жерінде қай кезеңде өркендей бастаған? 
89. Мәдени, тарихи ескерткіштер дегенміз не? 
90. Тарихи ескерткіштер типологиялық түрлеріне қарай қалай бөлінеді? 
91. Тараз қаласының маңында сәулет өнерінің қандай тамаша туындылары бар? 
92. Қай ғасырларда ірі сәулет құрылыс жүйелері салына бастады? 
93. Арыстан баб кесенесі қайда орналасқан? 
94. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай ғасырдағы сәулет өнері туындысы?
95. Кесененің сырты, қабырғалары қалай әшекейленген? 
96. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? 
97. Тілек, ниет мәнді сөйлемдер қалай жасалады? Мысал келтіріңіз. 
98. Ата-бабамыз уақыт өлшемдерін қалай анықтаған, білген?
99. Мезгіл өлшемдеріне не жатады? 
100. Бір жылда неше күн, ай, апта бар? 
101. Күн шығар алдындағы мезгіл қалай аталады?
102. Мерзім өлшемдеріне мысал келтіріңіз. 
103. Мөлшерді, көлемді, болжауды білдіретін тіркестер қалай жасалады? 
104. Етістіктің мақсатты келер шағы қандай жұрнақтар арқылы жасалады? 
105. Адамның сыртқы бейнесі немен байланысты? 
106. Рухани байлық дегенді қалай түсінесіздер? 
107. «Рухани байлық» туралы Лев Толстойдың қандай сөзі бар? 
108. Ұлы ақын Абай рухани байлыққа не деп айтқан? 
109. Өзіңізді ұстау ережелерін білесіз бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт
залда, асханада) 
110. Сіз киіну мәдениетіне мән бересіз бе? 
111. Қатыстық сын есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалады? 
112. Ауыз әдебиеті дегеніміз не? 
113. Киім таңдаудағы талғам туралы не білесіз? 
114. «Сұлулық», «Сәнділік» дегенді қалай түсінесіз? 
115. Киімнің шығу тарихы туралы не білесіз? 
116. Киім қандай түрлерге бөлінеді?
117. Стиль – киім мәдениеті дегеніміз не?
118. Сән стильдің қандай түрлері бар? 
119. Киімге байланысты стильді қалай ажыратуғаболады? 
120. Сән үлгілері жұмысқа, саяжайға, қыдыруға қолайлы деп санайсыз ба? 
121. Ұлттық нақыштағы киімдер несімен ерекшеленеді? 
122. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігі неде? 
123. Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесіз?. 
124. Ою-өрнектің қазақ халқының өмірінде алатын орны қандай? 
125. Сіздің стиліңіз қандай стильге жатады?
126. Өзіңіздің сән стиліңізді сипаттаңыз. 
127. Экологиялық таза тағамдарға қандай тағамдар жатады? 
128. Қандай ғажайып сәулет туындыларын білесіз? 


129. Күрделі атаулардың тәуелденуіне мысал келтіріңіз. 
130. Қандай қолөнер туындыларын білесіз? 
131. Ағаштан, асыл тастардан жасалатын қандай қолөнер туындыларын білесіз? 
132. Сапалық, қатыстық сын есімдер қалай жасалады?
133. Өтініш, тілек, сұрау мәнді сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 
134. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші модельдер қалай жасалады? 
135. Зат есім мағыналық түрлеріне қарай қалай бөлінеді? 
136. Сан есім мағыналық түрлеріне қарай қалай бөлінеді? 
137. Сын есім шырайларының жасалу жолдарына тоқталыңыз. 
138. Жалғаулардың жасалу жолдарына мысал келтіріңіз. 
139. Бөлшектік сан есім қалай жасалады? Мысал келтіріңіз. 
140. Болжалдық сан есім қалай жасалады? Мысал келтіріңіз. 
141. Сөйлем мүшелеріне тоқталыңыз. Мысал келтіріңіз. 
142. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары қандай? 
143. Сөйлем айтылуы мақсатына қарай қандай түрлерге бөлінеді? 
144. Ауыз әдебиетінің жанрларын атаңыз? 
145. Өздік есімдігі арқылы жасалған тіркеске мысал келтіріңіз. 
146. Етістіктің райлары қалай жасалады? 
147. Халық ауыз әдебиетінің ерекшелігі неде? 
148. Жалғау арқылы байланысқан сөз тіркесіне мысал келтіріңіз. 
149. Болымды, болымсыз етістіктері қалай жасалады? 
150. Ертегілерден мысал келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет