Қазақ тілі вокализмін зерттеуші ғалымдар. Концептуалды кесте дайындаңыз



бет1/2
Дата24.12.2022
өлшемі23,6 Kb.
#59355
  1   2
Байланысты:
аза тілі вокализмін зерттеуші алымдар. Концептуалды кесте дай


Қазақ тілі вокализмін зерттеуші ғалымдар. Концептуалды кесте дайындаңыз.

Зерттеуші ғалымдар

Ғалымдар туралы мәліметтер

Қазақ тілі вокализміне қосқан үлесі

Еңбектері

В. В. Радлов

Қазақ халқының сөздері мен ауыз әдебиеті туралы, кітап құрастырған белгілі түрколог ғалым
В.В. Радловтың түркі тілдері туралы материалдарын жазып,жинап оны жарыққа шығарды. Болашаққа қалдырған еңбектері көненің көзі , бай рухани қазына деп айтуға болады.

Аса көрнекті түріктанушы ғалым В.В.Радлов өзінің он томдық шығармалар жинағының «Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері» деген үшінші томын түгелдей қазақ фольклорына арнады. Ол қазақтардың шешендік өнерінің зор екенін, олардың табиғи дарынының молдығын және осының аркасында әрқашанда ырғаққа және тіпті жай сөйлескеннің өзінде ұйқасқа мән беретінін ерекше атап өткен. В.В.Радлов қазақтардың жоғары поэтикалық мәдениетін атап көрсетті. Ол халық жадының қаншалықты күшті және қазақ тілі мен оның поэзиясы дамуының деңгейі қаншалықты жоғары екеніне көзбен көріп көз жеткізді. Қазақтардың ауызша халық шығармашылығының, фольклорлық жанрының байлығына қайран қалған ол қазақ әдебиетін дидактикалық, эпикалық және лирикалық жанрларға бөлген.

Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері”, "Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы”

Н. Сауранбаев

Қазақ тілін білімінің негізін салушы, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор. 

Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің тарихы мен синтаксисіне, әдеби тіл тарихы, түркітану, диалектология, орфография, жазу, емле, сөздік түзу мәселелеріне арналған. Морфология саласында ол қазақ тіліндегі етістік категориясының жасалу тәсілдері мен тарихи даму жолдары, көсемше тұлғалары, олардың мағыналары, синтаксистік қызметі жайында және қазақ тілі грамматикасының, оның ішінде морфологиясы, орфографиясы мен алфавиті жайында ғылыми еңбектер жариялады..

"Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі" ,
"Қазақ тілінің жасалуы туралы",
"Қазіргі қазақ тіліндегі диалекттер",
"Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы" .



Ғ. Айдаров

Ғалым, филология ғылымының докторы.

Орта Азия халықтарының тілі мен әдебиеттерін зерттеген. Ол көне Орхон-Енисей ескерткіштерін оқыған. Оқулықтар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазды. Ол қазақ тілі мен әдебиетін зерттеген. Айдаров 250-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектер мен оқулықтар жазған. Ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап,олардың тілін лингвист тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.

Білге қаған 
ескерткішінің тілі,
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі (оқулық),
Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі.



Ы. Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушысы.Қазақ мектебінің негізін қалаушыларының бірі.

Ы. Алтынсариннің 1871 жылы Оринборда жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргиз-русскому языку» атты еңбегі қазақтарға орыс тілі грамматикасын түсіндіретін ең бірінші оқу құралы ретінде зор қзмет атқарды. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А. Байтұрсыновтың ағартушылық жолға құлшына кірісіп, сауаттылықты жою жолында қазақ тілін жан-жақты талдауына Ы. Алтынсариннің осы еңбегі де үлгі болған сияқты. Ташкентте, Орынборда, Алматыда жоғары орындарында профессор қызметін атқару. Қазақ тілі мен әдебиетін терең зерттеуге ғалымға мүмкіндік жасады, ұстаздық пен қоғамдық жұмыстарда жүріп, ол зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған.

Қанағат
Қарға мен құрт
Қыпшақ Сейітұлы
Үнді
Үш ұры
Әділдік
Әдеп
Әке мен бала
Әлім кісі
Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш
Өтіріктің залал



А. Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынов қазақтың ақыны,аудармашы.
Қазақтың әлібиінің қалыптастырушы "Әліппе"кітабының авторы.

Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ахмет Байтұрсынов.

Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері «Оқу құрал» (1912) «Әдебиет танытқыш» (1926) «Әліпби» (1924) «Тіл құрал» (1914) “

И.Ильминский

Ильминский Қазан дін акадеиясын бітіріп, сонда оқытушы қызметін атқарды. Орыс жерлеріндегі азшылықты құрайтын ұлттарды, әсіресе түркі халықтарын христиандастыру үшін белсене еңбек етті. Татарша және арапша үйренді. 1851-1854 жылдары аралығында Сирия, Палестина және Мысырда болды. Бұл жерлерде Исламды зерттеді. 1861 жылы Қазан университетіне түркі-татар тілдерінің профессоры етіп тағайындалды.

И.Ильминскийдің зерттеуі Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.

«Ер Тарғын», Қазан, 1862; «Қисса Рабғузи», Қазан

Қ. Жұбанов

Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы Құсаиния медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. 1920Академик Қ. Жұбанов – арнайы тіл тарихына байланысты байыпты пікір айтқан алғашқы қазақ ғалымы деп айтуға толық негіз бар.

азақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым — қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман-кадрлар шықты. қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған — фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. Фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.

“Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары” (1-том), “Фонетика” (орыс тілінде), “Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе”, “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар”, “Буын жігін қалай табуға болады”, “Қазақ тілінде біріккен сөздің жазылуы”, “Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі”, “Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан”




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет