ІІ кезең - «Мақал – сөздің мәйегі»
Ортада үш мақалшы ғана қалады. «Соль» кілті салынған суреттердің астынан шыққан сөздерден мақалшыларымыз мақалдар құраулары керек. Көп құраған ойыншымыз жеңімпаз атанады. Ойыннан шығып қалған мақалшымызға шағын сыйлығымызды ұсынамыз.
-Ал,енді «Көрермендер көрімдігі» айдарына да кезек жетті.
Көрермендерге мақалдың бірінші жолы айтылады, олар екінші жолын жалғастырады.
1.Қына тасқа бітеді...
2.Ер ел үшін туады...
3.Жаңбыр жауса жер ырысы...
4.Қоянды қамыс өлтіреді...
5.Ырыс алды қызыл тіл...
6.Әдепті бала- арлы бала...
7.Жақсыдан үйрен...
ІІІ кезең -«Алғыр болсаң шешіп көр»-Ал, енді жұмбақшыларымызды таңдайық.
І қатар.
1.Адамға серік,
Күзетке берік.(ит )
2.Құстан аумайды,
Көкке заулайды.(ұшақ)
3.Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды.(жапырақ) ІІ қатар.
1.Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.(күн) 2.Суда қалқиды,
Жылуда балқиды.(мұз) 3.Біліммен мол сый-осы,
Балғындардың ұясы.(мектеп)
ІІІ қатар. 1.сырт-сырт соғады,
Уақыт озады.(сағат) 2.Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.(ай) 3.Тілі бар өзінде,
Сөзі бар ізінде.(қалам)
-Ортаға үш жұмбақшы шығады. Аз смайлик жинаған ойыншы ойыннан шығады.
І-айналым. 1.Білімнің жол басшысы,шәкірттің қолбасшысы.(мұғалім) 2.Сағат сайын соғылады,тек мектептен табылады.(қоңырау) 3.Жұқа тақтай бөлшегі,ұзындықтың өлшемі (сызғыш) 4.Шәкірттің кезгені,білімнің безгені (баға) 5.Төрт қырлы, өзі аппақ, тақтадағы ізі аппақ(бор) 6.Доп сынды келбеті,онда бар түп-түгел,әлемнің әлпеті(глобус) 7.Білім менен тәлім,парақты ашқанда,беттерінен мәлім(күнделік) 8.Қабы салу,ліні бояу(қарындаш) 9.Ұшылмен қазық,тор көзді жазық,
Үстіне өттім,асыл сөз жазып.
10.Бірін-бірі қоштаған,бір үйден көрдім, 42 дос жаран.
Ойыннан шыққан сайыскерлерімізге сыйлықтар ұсынылады.