«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест спецификациясы Мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата10.04.2023
өлшемі140,68 Kb.
#80973
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
НКТ тест

 2.5 
Фонетиканы оқыту әдістемесі 
Тіл дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалуы. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері. Буын, 
екпін, тасымал. Дыбыстардың өзгерістерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары. 
2.6 
тақырып Лексиканы оқыту әдістемесі 
Лексика – тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы. Қазақ тілін оқытумен байланысты 
фонетика, морфология, синтаксисті оқыту сөзден тыс қарастырылмайды. Тіліміздегі сөздер тіл 
дыбыстары арқылы, морфология сөздердің лексикалық, грамматикалық мағынасына қарай, ал 
синтаксис сөздердің мағыналық, әрі грамматикалық байланысына қарай көрінеді. 
Қазақ тілін саналы оқытуда лексиканы дұрыс, жан-жақты үйретудің маңызы зор. Әсіресе сөз 
мағынасын, синоним, антоним, омоним, фразеологизм тб оқытудың маңызы зор. 
2.7 
тақырып Сөзжасамды оқыту әдістемесі. Грамматиканы оқыту әдістемесі 
Қазақ тіліндегі сөздердің жасалу жолдары. Әр сыныпта оқылатын сөздердің түрлері: қос сөздер, 
біріккен сөздер, қысқарған сөздер және негізгі сөздер мен туынды сөздер. 
Түбір сөзді оқытудың жолдары. Сөз тудырғыш, сөз түрлендіргіш жұрнақтардың ерекшеліктері. 
Жалғаулы сөздерді оқыту жолдары. 
Морфология – сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім.Морфологияны оқытуда 
мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетінін, бұл топтардың әрқайсысының өзіне тән 
грамматикалық сыр-сипатының барлығын, қызмет атқаратындығын білім алушыларға түсіндіру талап 
етіледі. Сөз таптарын оқыту. Негізгі сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып бөлінуі. 
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің түрлерін оқыту. Сөйлемнің түрлерін, сөйлем мүшелерін негізгі 
мектептерде жаңа әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіру жолдары. 
2.8 
тақырып Орфографияны оқыту әдістемесі. Пунктуацияны оқыту әдістемесі 
Орфографиның зерттелуі. Орфографиялық дағдыны қалыптастыру. Сауатты жаудың жолдары. 
Орфографияны оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. 
Қазақ пунктуациясының негізі. Пунктуация және мағына. Тыныс белгілерін қолдану әдіс-тәсілдері. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет