2.9 тақырып Байланыстырып сөйлеу және жазу жұмысының әдістемесі, тіл мәдениетін оқыту.Тіл дамыту әдістемесі Білім алушылардың жазу жұмыстарын тексеру әдістері. Жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді
түзету жолдары. Тіл жұмыстарымен байланысты тіл дамыту жұмысының жүйесі. Жазба тіл мен
ауызекі сөйлеу тілі арасындағы айырмашылықтары.
Стилистиканың жалпы халықтық тілге қатысы. Стилистиканың тіл білімі салалармен байланысы.
Қазақ тілінің жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты диалектілері, олардың қолдану аясы. Тіл
мәдениеті, сөйлеу мәдениеті жайлы.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша бағдарлама құрылымы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы. Оқыту мақсаттарының жүйесі.
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының
қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 25 %; орташа деңгейде (B) – 50 %; жоғары
деңгейде (C) – 25 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең
төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға,
қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа
жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге,
дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды,
тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын
біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге
бағытталған.
6. Тест тапсырмаларының формалары: Бір дұрыс жауапты және бір немесе бірнеше дұрыс
жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары.