«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест спецификациясы Мақсаты


  тақырып Қазақ тілін оқыту құралдары



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата10.04.2023
өлшемі140,68 Kb.
#80973
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
НКТ тест

1.3 
тақырып Қазақ тілін оқыту құралдары 
Дидактикалық принциптердің бірі – оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте қазақ 
тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, 
графикалық көрнекілік (таблица, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды 
көрсету, суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар техникалық құралдарды пайдалану 
(компьютер, интерактивті тақта, электронды кестелер, кітаптар, презентациялар) арқылы білім 
алушылардың есту және көру сезімдерін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. 


Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, 
бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі мақсат қоя отырып 
пайдалану қажет. 
Қазақ тілі бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастыру 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, білім 
алушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгерудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен 
теориялық білім беру арқылы білім алушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады. 
Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру 
қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ. Сонымен бірге әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-
сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын 
құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни, ғылыми дәлелденген, мектеп тәрбиесінен сыналған ең тиімді 
оқытудың әдістері мен тәсілдерін қазақ тілін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. 
Әдістеме мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің 
тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. 
1.4 
тақырып Қазақ тілі бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс 
Сыныптан тыс жұмыстар, олардың жоспары. Оның мақсаты мен міндеттері және ұйымдастыру 
жолдары. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың түрлері. Факультативтік сабақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет