Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


Сейіл Жиенбайұлы оқулық пен оқу бағдарламаларын жасауда концентрлі және жүйелі принциптерді ұсынады. Бұл принциптерді қалай ұғындырасыз?



бет3/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
СЕС (ҚТОӘ) (копиия)

3. Сейіл Жиенбайұлы оқулық пен оқу бағдарламаларын жасауда концентрлі және жүйелі принциптерді ұсынады. Бұл принциптерді қалай ұғындырасыз?
Жаңартылған білім мазмұнының спиральді қағидатпен берілуінің осы принциптермен қандай байланысы бар?


Автор еңбегінде “Бастауыш мектеп граматикасындағы тақырыптардың саныда, көлеміде тар болып келеді. Онда мысалға балаға сөилем жайында үғым беру үшін бастауыш, баяндауыштың негізгі сипаттары ғана айтылады да, бұл жайында толып жатқан әңгімелер айтылмай кейінге сақталады және онда бір айтылған тақырып көбінесе жоғарғы кластада қайталап айтылып, қайталанған сайын белгілі мөлшерде тереңдетіліп отыруы шарт. Оқытудың осындай принципін методикада концентерлі принцип деп атайды.” Деген Ал жүиелі оқыту деген Морфология курсының дағдылы системасы –сөз тұлғасы, сөз таптары болып келеді, сөз таптарының тақырыбы - зат есім -сын есім -сан есім -есімдік –етістік -үстеу -шылау -одағай болып орналасады. Бұлай өткенде бір тақырыпты екінші рет қайталауға мүмкіншілік болмайды. Яғни Бастауыш мектепте оқушыларға белгілі бір тақырыпты сүт деп алсақ балаға сол сүттің бетіндегі қаймағын ғана береміз. Тереңдетіп оқытпаймыз себебі жас ерекшелігіне байланысты ойын баласы көп нәрсені соның ішінде қиынын қабылдай алмайды. Ал жоғарғы кластарда жағы сүттің қаймағымен қоса сүтінде береміз. Қайталап барып тереңдетіп оқытамыз. Бұны олар қабылдай алады және қызығушылыұ туындайды. Жаңартылған білім мазмұнындағы спиральді қағитдат деп отырғанымыз тереңдетіп оқыту, өзіндік жұмыс, оқушының деңгейін анықтай отып қызығушылығын арттыру деп түсінемін демек концентрлі және жүиелі принцип пен спиральді қағидаттың байланысы оқушыға жас ерекшелігіне сай қабылдау деңгейіне байланысты тереңдедіп білім беру. Объектінің түрлі қасиеттерін жинақтап келтіріп айту –оқушының ойлау қабілетін жетілетін, ойлау логикасын тәртіптейтін маңызды нәрсе.


4. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымының шарттарын талдап жазыңыз.


Жауап: Ғылымилық принцип дегеніміз қазақ тілін оқытуда грамматиканың әр саласынан берілетін ғылыми фактілер, ұғым және анықтамалар. Ғылыми принципті меңгеру мен меңгерту қазақ тіліндегі әрір тақырыпқа байланысты игерілетін, іріктелетін материалдардың ғылыми түсініктемесі. Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемдерге сәйкес болуы қажет:
1. Меңгерілетін обьектінің термині анық болуы қажет. Мысалы, 4 және 5 сынып оқушыларына берілетін терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде беруге болмайды. Айталық, дауысты дыбыстарды- вокализм деп, ал дауыссыз дыбыстарды - консонантизм деп, қосынды дауыстыларды – дифтонгоид деп түсіндіруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет