2. Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлдігі талап етіледі. 3. Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып алынғаны абзал. 4. Қазақ тілінен берілетін материалдардың анықтамалары мен ережелері дәл болғаны абзал. 5. Тілдік тақырыптарға байланысты берілетін практикалық дағдылардың да көлемі дәл болғаны жөн. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің ғылыми жағына, оның зерттелуі, тарихи даму ерекшелігі, ғылыми фактілер, анықтамалар, терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті айту арқылы жүргізіледі 5. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің оқулыққа тән сипаттамасы қандай? Ы.Алтынсарин оқулығының бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі (жаңартылған білім мазмұнына орай) оқулықпен сабақтастығы бар ма?
Қазақ оқулықтары Ы. Алтынсариннің 1879 жылы жарыққа шыққан «Қазақ хрестоматиясынан» бастау алады. Ұлт ұстазы мектепке арналған оқулыққа қойылатын бірнеше талапты да анықтап берген. Біріншіден, «Мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны мен материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс. Екіншіден, балаға түсінікті әрі қызықты болуы керек. Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» деп басталатын «Қазақ хрестоматиясы» ағартушылық қызмет атқарды. Ұлы ағартушының қысқа және тартымды жазылған көркем шығармасының барлығы оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде маңызы зор. Оқушылардың мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем əәдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iс-əәрекеттерi де үлкен әсер етедi. Қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған шығармаларын кез келген жастағы балалар қызыға отырып оқиды. Әңгімелерінің тілі жатық, оларда оқушының ойын жетелейтін идеялар басым. Сондықтан біз бұл оқулықты бүгінгі орта білімберу жүиесіндегі оқулықпен сабақтастығы бар деп толықтай айта аламыз. Бүгінкі күніде мектеп оқушыларына білім беру тәрбиемен егіз ұғым бола отырып, біз оқушылардың алдына берген оқулығымыз пайдаланып отырған бала жаңа дүниені үиреніп қана қоимай өмірлік көзқарасын қалыптастырады.
6. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру; оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету оқытудың қай қағидасына жатады? Қазақ тіл білімі салаларын оқытуда қандай бөліктерге бөлесіз?
Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды. Шарттары: • оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру; • оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау; • пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану; • оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету; • бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру; • өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру; • материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу; • оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау; • баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу; • оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу; • жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету; • бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру; • пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу; • оқушылардың қателерін әдеппен түзету; • оқушыны өз қатесін талдауға үйрету; • оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу; • баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру; • жүйелі білім есте жақсы сақталады 7. Әдіскер ғалым Ш.Сарыбаев «Кейбір мұғалімдер үйреткенін су сияқты, оқушылардың ұғымын ыдыс сияқты көріп, сабақ үйрету үшін айтылған сөздердің бәрі шайқалмастан, төгілместен ыдысқа құйылғандай болады деп түсінеді...» дегенде нені меңзейді?