Қазақ тілін оқытудың дидактикалық Ұстанымдары



бет1/3
Дата10.04.2023
өлшемі19,5 Kb.
#80837
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№4 дәріс ҚТОӘ


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Қазақ тілі әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту; ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді.


XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі чех педагогі Ян Амос Коменский дидактика саласында еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырды. Педагогтің "Ұлы дидактика" еңбегінен кейінгі ұрпаққа өнеге болатындай сөздер орын алды. Кейбір педагогтар баланың сезім қабілетін ескермей, оның ақылын дамытуды ғана көздеген. Оқыту мен тәрбиелеудің бұл тәсіліне Я.А.Коменский қарсы болды. Ол әр түрлі сыртқы әсерлерді адамның қабылдауы сезімнен басталатындығын өз еңбегінде айтқан. Оқу- тәрбие жұмысының негізгі әдісі - баяндау мен сөзге құрылған бақылау емес, дидактика заңдарын терең қолданып, жаттықтыру, яғни білімді іскерлік негізінде меңгеріп, оны дағдыға айналдыру. Осы тұрғыда Я.А.Коменскийдің мектепті жаттығу орнына балауының маңызы зор. Ол: "Білімнің негізі зат пен құбылыстың өз табиғатынан алынсын. Ұстаз аз сөйлеп, шәкірт көп үйренетін болсын. Тәртібі жоқ мектеп сусыз диірменге ұқсайды. Білімнің негізінде әдемі зат, көркем текст содан соң талдау, аяғында қорыту тұрады" - деген дидактикалық қағидалары осы күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.
Я.А.Коменскийдің идеясын одан әрі жалғастырған орыс педагогі К.Д.Ушинский ана тілін мектепте оқылатын пәндердің негізгісіне теңеп: "Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымдарын және математиканы үйренген кезде теореманы немесе математикалық есепті өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?"- деген болатын. К.Д.Ушинский оқу материалын меңгеруде әңгіме, салыстыру, пысықтау, бекіту сияқты әдістерді тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.
Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп отырады. Осы мәселелер женінде өзінің ұстанымдарын белгілейді.
Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған. Б.Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардын сегіз түрін, атап айтқанда, оқытудың ғылыми ұстанымын, жүйелілік ұстанымын, материалды дұрыс орналастыру ұстанымын, алдын-ала болжау ұстанымын, саналылық ұстанымын, оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымын; теория мен практиканы өмірмен байланыстыру ұстанымын, оқытудың көрнекілік ұстанымын ұсынады.
С.Қазыбаев балаларды тәрбиелеу әрі дамыту,оқу материалын саналы меңгерту, ғылыми дұрыс білім беру, білім, білік, дағды беріктігі, түсініктілік, көрнекілік, оқушылардың оқу еңбегінде көрсеткен белсенділігі мен өздік жұмысы, білімнің жүйелілік және бірізділігі, оқытудың сабақтастығы ұстанымдарын -барлығы тоғыз ұстанымның қажеттігін айтады.
Әдіскердің ұсынған сабақтастылық ұстанымы Б.Құлмағанбетова ұсынған алдын-ала болжау ұстанымына ұқсас. Дегенмен, айырмашылығы да бар. Бұл екі ұстаным да алдыңғы сабақта өтілген материалдың толықтырылатынын ескертеді. Бірақ, алдын-ала болжау - алдыңғы сабақта оқытылатын материалды меңгертудің тиімділігін алдын-ала болжап, бастауыш сыныптарда өтілген тақырыптар жоғары сыныптарда толықтырылып өтілетініне сүйенеді. Ал сабақтастық ұстанымында әр күн, әр тақырып, әр бөлім бір-бірімен сатылап байланысады.
Ә.Исабаев ұстанымдарды ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдары деп топтастырады. Әдіскер ұсынған оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы басқа әдіскерлердің еңбектерінде кездеспейді.
А.Әбілқаев оқытудың тоғыз ұстанымын ұсынады. Әдіскер ұсынған жаңа ұстаным - перспективті ұстанымы. Перспективті ұстанымы оқыту тек әрбір сабақтың ғана мақсатын көздемей, сол сабақта не оқытылады, қазіргі оқытылып жатқан материалды оқушылар ұққанда, оның келешекте өтілетін материалды меңгеруге қандай көмегі бар дегенді негізге алады.
1. Оқытудың ғылымилық ұстанымы бойынша оқулықтардағы тілдік материалдардың мазмұны тіл білімі саласындағы ұғымдар мен олардың құрылымына сәйкес келуі тиіс. Казақ тілі пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары осы ұстанымға сүйеніп жасалады. Оқушыларға казақ тілінен берілетін білім лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің ең негізгі белгілерін ұстаз ой елегінен өткізіп, оқушыларға жеткізеді. Тек ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге көмектеседі. Педагог-әдіскер Ә.Исабаев ғылыми ұстаным төмендегі өлшемдерге сай болуы қажет деп есептейді: 1.Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет. 2.Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлділігі талап етіледі. 3.Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып алынғаны абзал. Қазақ тілінен берілетін материалдардың анықтамалары мен ережелері дәл болғаны абзал. Тілдік тақырыптарга байланысты берілетін практикалық дағдылардың да көлемі дәл болғаны жөн.
Демек оқулық осы айтылған өлшемдер негізінде жасалуы тиіс. Тақырыпты бұрын берілген білімді еске түсіруден бастаған жөн. Бұл тұста ғылыми ұстанымның жүйелілік ұстаныммен тығыз байланысты екенін есте ұстау қажет. Тақырыптарды өту барысында сол тақырыпқа байланысты тіл ғылымындағы соңғы жаңалықтарды да енгізіп, айту қажет. Тіл білімінде өзінің шешімін тапқан мәселелер туралы терең мағлұмат беру, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушы білімі тек оқулық деңгейінде қалып қоймайды. Осы ретте оқытудың ғылыми ұстанымы зор рөл атқарады. Мұғалім теория мен практика арасындағы диалектикалық байланысты естен шығармауы керек. Әр тақырыптың тіл жүйесіндегі орнына оқушының көңілін аударту олардың сол білімді саналы игеруіне көмектесумен қатар, танымдық қабілеттерін дамытады.
2. Оқытудың жүйелілік ұстанымы дегеніміз оқу материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібі. Білімнің жүйелілік және бірізділігі ұстанымы жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, тексеруде, үй тапсырмасын беруді және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Бұл
ұстаным оқушы меңгеретін білім мен біліктердің жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай дамытылып отыруын қажет етеді.
3. Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Оқушыларға тілдік материалды дәл, анық түсіндіруде іске асырылады. Әрбір
сабақта көрнекі құралды үтымды пайдалана білу – сабақтың сапасын жақсартады. Оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс, туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады. Сондықтан мұғалім өзі жасаған үлестірме қағаз, схема, таблица сияқты көрнекі құралдардың сапасына, тазалығына басты назар аударуы қажет.
Сабақ барысында таблицаларды, дидактикалык кестелерді, схемаларды, әр түрлі сериялы оқиғаға құрылған суреттерді көптеп қолдану тиімді. Дидактика ілімінде

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет