Қазақ тілін оқытудың дидактикалық Ұстанымдары


коммуникативтік (қатысымдық)



бет3/3
Дата10.04.2023
өлшемі19,5 Kb.
#80837
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
№4 дәріс ҚТОӘ

коммуникативтік (қатысымдық) ұстаным болып табылады. Осы принциптің ескерілмеуінен де окушылар үшін тіл пәні жалпы ережелер мен қағидаларды меңгертуден аса алмай қалды. Білім берілді де, оны қолдану мәселесі шешімін таппады. Сондықтан да балалардың сөйлеу тілі тежеліп келді. Ерекше табиғи дарыны барларды айтпағанда, оқушылар шешен сөйлеу мен сөйлесуге баулынбағандықтан және шешендік білім мазмұнын анықтаудың басты талабы ретінде көрсетілмегендіктен, олардың байланыстырып сөйлеу, өз ойын жүйелеп айта білу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік аз болды.
Бұл оқулық материалдарының мазмұны мен құрылымына да әсерін тигізіп отырды. Мәселен, оқулықтағы жаттығу-тапсырмалар түгел дерлік тілдік білімді игертіп, бекітуге бағытталды да, жаттығулар, негізінен, үзіп-жұлынған жеке сөйлемдерден құрастырылып, олардың құрамында тек теориялык объектінің болуы талап етілді. Бағдарламада да теориялық мәліметтер жалаң айтылып, олардың тілдік қатынастағы мәні мен рөліне жете көңіл бөлінбеді, оқушылар игеруге тиіс білім деңгейіне қойылар талаптарда да тек қана ғылыми-тілдік мағлұматқа назар аударылды. Міне, осы кемшіліктердің орнын толықтыратын бірден-бір ұстаным коммуникативтік ұстаным екені бүгінгі күні дәлелденді.
Тілдік білімге коммуникативтік тұрғыдан келу ғана оқушылардың сөзге деген эстетикалық талғамын тәрбиелеуге де зор ықпалын тигізеді. Эстетикалық қатынастар жүйесіне әдеби тілдің ойды білдірудегі әр түрлі құралдарының молдығы, оның әуезділігі мен әуені, тілдік бірліктердің экспрессивтік қуаты секілді сапалар енеді. Ал эстетикалық сезім өз тілінің ерекшеліктерін танып-білуден бастап қалыптасады.
Коммуникативтік ұстаным оқушының тілдік құзыреттілігін шыңдауға да негіз болады. Өйткені мұнда тіл мен сөйлеудің барлық қырлары танылады, әдеби тілдің ауызша жазбаша түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктері, әдеби тіл нормалары жөнінде білім қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет