көрнекілікті кескінделген және экранды-дыбыстық деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Кескінделген көрнекі оқу құралдарына грамматикалык кесте, сурет, оқиғалы картиналар, схема, үлестірме кеспе қағаздары жатады. Экранды-дыбыстық құралдарға дыбыстық-бейнетаспа; жазулары, фонохрестоматия, күйтабақ, кодоскопқа арналған транспоранттар, компьютерлік сабақтар т.б. жатады.
4. Саналылық пен белсенділік ұстанымы оқушыларға грамматикадан білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілетін дамытып отырады. Тілдің заңдылықтары мен ережелерін оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі қажет. Демек, мұғалім материалды дәл, айқын түсіндіріп, оқушыларға материалды өз түсінігі бойынша айтқызып отырғаны орынды. Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырып отыру - оқу үрдісінде нәтижеге жетудің алғы шартының бірі. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану арқылы пікірсайыс ұйымдастыруға болады. Оқушының оқу белсенділігі сабаққа қызығушылығы болған кезде артады. Қызығушылық жағымды мотивтің туындауымен тығыз байланысты. "Мотивация" – уәждеме - белгілі бір іс-әрекетті орындауға қозғау салу, соған итермелеу. Осы тұрғыда оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға мүмкіндік жасалуы керек. Оқушының оқуға деген белсенділігі артып, жұмысты өздігінен орындауға бейімділігі, қызығушылығы жүзеге асқан кезде ғана, оқушының саналы түрде материалды меңгеруі қалыптасады. Мәселен, "Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғаларды" меңгерту барысында оқушылардың оқу белсенділігі артады, яғни сөз тіркесінің қыры мен сырын ұғынуға оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырған кезде материалды саналы түрде меңгеру жүзеге асады. Тақырыптың негізгі ерекшеліктерін саналы түрде меңгерген оқушы ғана оны әр уақытта басқа тұлғалардан ажырата алады.
5. Теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін өмір қажетіне пайдаланулары арқылы іске асады. Оқулықтағы теориялық материалды игеру онда берілген практикалық жаттығулардың берілуіне байланысты. Оқулықтағы жаттығулар оқушыларға өтілген тақырыптан алған білімдерін жан-жақты танытуға мүмкіндік береді.
Тіл дамыту т.б. жұмыстар әдемі сөйлеуге, қатесіз, сауатты жаза білуге үйретеді. Конференцияларда баяндама жасауға, мақала жазуға дағды береді. Мұндай дағды ұзақ, жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы іске асады. Мұғалімдер оқыту ісінде бір жақты кетпей, яғни тілдік материалдарды ғана меңгертумен шектелмей, оқушылардың сол тілдік материалдарды сөйлеулерінде, жазуларында дұрыс таңдап, іріктеп ала білу, орынды қолдану қабілеттерін арттыруға да үздіксіз назар аударып отыруы тиіс. Оқушыларды таза, жақсы сөйлеуге, әрдайым өз сөзін бақылауға әдеттендіру үшін, олардың стилистикалық орашолақты, жауапсыз сөйлеушілікті мұғалімнің кешірмейтінін, ол үшін бағасы төмендейтінін жақсы білулері шарт.
6. Түсініктілік ұстанымы оқу материалына дәл анықталған материалды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми терминдер мен үғымдарды пайдалануды көздейді. Жалпы бұл ұстаным, негізінен, оқулықтағы тілдік, практикалық материалдардың тілінің түсініктілігімен тікелей байланысты.
Сондай-ақ, оқу материалын меңгертуде мұғалімнің жаңа білімді баяндап, түсіндіруіне да байланысты. Мұғалім тақырыптарды түсіндіргенде, бүл тақырыптың тілдің басқа салаларымен тығыз байланысты екенін естен шығармай, оқушылардың естеріне өткен сабақтардан алған білімдерін түсіреді.
7.Жеңілден ауырға қарай ұстанымы арқылы материалды түсіндіреді. Бірақ бағдарламалық материалды жеңілдетемін деп, оны не ықшамдауға, не үстіртін өтуге болмайды. Бүл ұстанымның нәтижелі болуы мұғалімнің сабақты тартымды, қызықты жеткізуіне байланысты. Оқулықтағы материалдың біртіндеп, сатылы түрде, жүйелі, түсінікті, сапалы болуы мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.
8. Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беруде олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі мен икемділігі ескеріледі. Мұғалім әрбір сабақтың үстінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді. Сабақты нашар және орта меңгерген оқушыларға жеке тапсырмалар береді. Әрбір баланың темпераментін назарға ала отырып жұмыстар орындатады. Осымен байланысты саралап оқыту жүйесін қолдануға болады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту да оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.
Қазақ тілін оқытуда көп мән берілмей келген негізгі ұстанымның бірі