Мақсаттың нақтылығы ұстанымы.
Модульмен оқытуға жалпы (модульді бағдарлама үшін), жеке (модульге), арнайы (модульдік бірлік, оқу элементі үшін)
мақсаттарының дәл анықталуы тән.Мақсат – жетуге бағытталған әрекеттің нәтежиесін сезіну.Мақсаттар кез келген модульдің бӛлінбес
бӛлшегі болып саналады.
Модуль мақсат қояды, сонымен қатар оларды ашады, түсінуге кӛмектеседі.Егер мақсатқа апаратын әрекет саналы болса, онда
біршама табысты болады.Оқудағы табыс, кӛптеген жағдайда, мақсатқа қатаң бағынуына байланысты болады.
Бұл ұстаным тілді оқытып – үйрету жақын, таяу және қашықтықтан мақсатын терең түсініп, ұғынуын талап етеді.Басқарудың кез
келген үрдісі мақсаттың анықталуынан басталады.Сондықтан,егер тілді оқытып - үйретуде оқушылар ӛзін - ӛзі басқару мүмкіншіліктерін
пайдаланса, онда оларға тілді оқып – үйрену мақсаттарын (аралық және негізгі) анық түсіндіріп, ұғындыру қажет.[5, 33бб.]
Қазақ тілін модульмен оқытуда алдағы мақсаттың нақтылық ұстанымын жүзеге асыру үшін кейінгі қағидаларды ескеру керек;
оқу жылының басында оқудың толық кезеңіне арналған модульмен оқыту бағдарламасын оқушыларға ұсыну керек;
модульмен оқыту бағдарламасында кешенді дидактикалық мақсатты нақты анықтау қажет.Оны әр оқушы жете түсініп, алдағы
мәнді нәтиже ретінде ұғынуы керек;
кӛзделген мақсатқа жету үшін модульмен оқыту бағдарламасы оқу әрекеттері бағдарламасын қамтуы керек, яғни, оқушы
жақын, таяу және қашықтағы нәтижеге жету үшін әдістемелік нұсқаумен қамтамасыз етілуі керек;
әр элементтің басында тілді оқытып – үйретудің жеке мақсаттарын әрекет нәтижелері ретінде дәл кӛрсету қажет;
міндетті түрде әр модульдің басында тілді оқытып – үйретуді кіріктіретін мақсаттарын әрекеттің нәтижелері ретінде нақты
сипаттау керек.-
Қазақ тілін модульмен оқыту барысында оралымдық, икемділік ұстанымын жүзеге асырып, кейінгі әдістемелік ережелерді сақтау
керек:
базалық дайындық ӛлшемі бойынша оқыту мазмұнын жекелеу үшін білімді анықтаудың алғы диагностикасын ӛткізу;
білімді анықтаудың алғы диагностикасы, оның нәтижелері бойынша нақты модульдің жекеленген құрылымын жеңіл құруға
болатындай жасалуы қажет;
оқытудың жекеленген мақсаттарына негіздей отырып, оқу мазмұнын жекелеу үшін оқушы, ұжым жекеленген тұлға оқуды
қажетсінуі анализін жасау қажет;
оқу мазмұнын жекелеу үшін базалық дайындық пен оқытудың жекеленген мақсаттарынан тұратын оның құрылымының
кешенді ӛлшемін де пайдалануға болады. Бұл жағдай екі сатыда ӛтуі керек, яғни, білімді анықтаудың алғы диагностикасынан бастап, оқудың
қажетсінуі анализін жасаумен аяқталады;
білімді меңгерудің жекеленген қарқынын қамтамасыз ету қажет;
жеке бақылау мен ӛзін - ӛзі бақылаудың қамтамасыз етуі қажет; .[5, 36 бб.]
Модульмен оқыту – білім беру, тілді оқытып үйрету саласындағы жана жүйе.Сондықтан жоғарыда аталған модульмен оқыту
ұстанымдары тізімін шектеулі, аяқталған деп айта аламыз.Ол әлі де дамып жетіледі.Соның негізінде жаңа идеялар, жаңа ұстанымдар пайда
болады.Қазіргі кез талабына сай модульмен оқытудың жалпы бағытын, оның мақсаты мен мазмұнын, тілді оқытып – үйрету әдістемесі
айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |