Қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр: Зат есім



бет7/20
Дата19.04.2023
өлшемі58,46 Kb.
#84056
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Сөз таптары

Болжалдық сан есімдер
Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілудеБазаралының қасында бес-алты кісі қалған (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).
Бөлшектік сан есімдер
Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы: Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.
4. Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Есімдіктердің мағыналары
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

  1. жіктеу есімдіктер;

  2. сілтеу есімдіктер;

  3. сұрау есімдіктер;

  4. өздік есімдіктер;

  5. белгісіздік есімдіктер;

  6. болымсыздық есімдіктер;

  7. жалпылау есімдіктері;

Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.
Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау

мен

сен

ол

Ілік

менің

сенің

оның

Барыс

маған

саған

оған

Табыс

мені

сені

оны

Жатыс

менде

сенде

онда

Шығыс

менен

сенен

онан (одан)

Көмектес

менімен

сенімен

онымен

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет