Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту жеке сөз ретінде қолданылады. Қазақ тілінде аталмыш негіз



Pdf көрінісі
бет6/36
Дата06.04.2017
өлшемі2,18 Mb.
#11188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ 

АНТРОПОӨЗЕКТІК ҮРДІС

Көне түркі деректеріндегі 

ұлттық мəдениеттің танымдық негіздері

Заманалар  тоғысында  егемендікке  қол  жеткен  бүгінгі  таңда 

бүкіл рухани тəжірибені қорытып, ел игілігіне қолдану – ұлттық 

сана  мен  таным  көкжиегін  кеңейтіп  келе  жатқан  өрісті  үрдіс. 

Осымен байланысты руханияттың көне дəуірлердегі негіздері, ұлт-

тық  таным  мен  болмыстың  тарихи  күре  тамырлары  тереңдеп 

қарастырылуда.  Осы  орайда  тарихи  көне  жазбалар  мен  мəдени 

мұраларымыз ежелгі заманнан күні бүгінге дейін ұласқан рухани 

даму  барысының  үзілмес  желісі  іспетті  бүгінгі  күнмен  сабақта-

сады.


Нақты айтқанда, егер ең алғаш түркі дүниесін танытқан көне 

түркі ескерткіштері десек, бүгінде іштей қайта түлеп, жаңғырып 

жатқан түркі халықтарының бірі қазақ халқының жаңа астанасы-

ның төрінде түркілердің тарихнамасы іспетті «Күлтегін» ескерт-

кішінің келіп орналасуын оның да қайта жаңғыруы десе болар.

Бұл  көңілімізді  көкке  көтеріп,  жан-дүниемізді  толқытқан 

еліміздегі  елеулі  рухани-мəдени  оқиға  болғаны  хақ.  Осы  ретте 

тілдің  таным  құралы  ретінде  (қарым-қатынас  құралы  ғана  емес) 

жəне  құжаттық  қызметі  (накопительная  или  кумулятивная 

функция) негізінде мəні ерекше екенін айқындай көрсетеді.

Бағзы  заманнан  бастау  алып,  халық  санасына  сіңіп,  жадында 

жатталған  көне  сөздердің  тарихына  үңілу,  тарихи  сырын  ашып, 

мағыналық  даму  мен  тілдік  қолданыс  аясын  анықтау,  ұлт  мəде-

ниетімен сабақтастыру тіл тарихының ұлт тарихынан ұзақ екенін 

негіздейді.  Сондықтан  да  ол – бүгінде  тіл  ғылымының  көкжие-

гінде ерекше назар аударатын мəселенің бірі.

Осыған орай қазіргі тіл білімінде осы бағыттағы зерттеулерде 

этномəдениеттілік  құндылықтарды  бейнелейтін  этнолексиканы 



123

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

«тіл  мен  ұлт  біртұтас»  деген  қағидаға  сəйкес  саралау  үрдісі  қа-

лыптасуда.  Сондықтан  В.  фон  Гумбольдтың  «Тіл – халық  рухы, 

халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа 

ғылыми  жолдың  концепциясының  алғашқы  нышаны  немесе 

қағидасы.

Ал, американдық ғалым Э. Сепир: «Тілдің бір тұғыры бар. Ол 

мəдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дəстүр болып жалғасқан біздің 

тыныс-тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дəстүр мен наным-

сенімдерден  арыла  алмайды.  Тілдегі  лексика  өзі  қызмет  етіп 

отырған мəдениетті өз қалпында көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда 

тілдің  тарихы  мен  мəдениет  тарихы  жапсарлас  дамиды  деуге 

болады» деп анықтайды. Осы тұжырымды тамыры көне түркілік 

негіздермен сабақтас, қазақ тіліндегі кейбір этномəдени атауларды 

талдау арқылы көрсетейік.

Қазақ  тіл  білімінде  проф.  Қ.  Жұбанов  тіл  арқылы  халықтың 

тағылымдық  мұраты  этностың  əр  дəуірдегі  ұрпақ  өкілдерінің 

мəдени  əрі  тілдік  мұрасы  ретінде  сақталатынына  жəне  тіл  мен 

мəдениетті  табыстыратын  жаңа  саланың  дүниеге  келетініне  сол 

кездердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі: көк күн көру, безгегі 



ұстау т.б.

Көне түркілік тілдік деректерде хатқа түскен материалдық мə-

дениетке қатысы бар атаулардың қазіргі тілде өзгеріссіз сақталуы 

көрінеді:  аltun:  аltun  кümüš kerdäksiz kelürti «Олар  алтын  мен 



күмісті  көп  мөлшерде  жеткізді» (Күлтегін  ескерткіші);  bеlbау: 

аltunluу  bеlbауі  bіrlä jiyačqa bауlаdі  «алтынмен  əшекейленген 



белбеумен ағашқа байланды»; еb//еv//uу//uv: basmil jayidip ebimru 

bаrdі  «бізге  жау  болған  басмылдар  менің  үйімді  (тұрағымды) 

шапты» (Мойын  Шор  ескерткішінен);  jаrаq:  jаrаqinta juz аrtuq 

oqunl qulti «оның  сауыты  мен  желбегейіне  жүзден  астам  жебе 

тиді» (Күлтегін ескерткішінен).

Міне, бұл тізбекті əрі қарай жалғастыра беруге болады. Бірақ 

осы  мысалдардың  өзінен-ақ  мағынасы  қазіргі  тілде  де  түсінікті, 

көбіне  қолданыста  жүрген  материалдық  мəдениетті  бейнелейтін 

көптеген  атаулардың  ежелгі  түркілік  дəуірде-ақ  қалыптасқаны 

көрінеді. Оны жете түсіну үшін біз келтірілген мысалдарды əдейі 

контексте алып көрсеттік.

Дегенмен, көне түркілік жазбаларда қазірде қолданылмайтын 

кейбір зат атаулары да кездесіп, зерттеушіні тарихи-лингвистика-


124

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

лық қызықты ойларға жетелейді. Мысалы: ауі: bіr tümänауі аltun 

кümüšкеrgäкsiz кеlürt «он мың (шексіз) мөлшерде қымбат заттар, 

қазына  алтын,  күміс  жеткізді» (Күлтегін  ескерткішінен)  немесе 

gаzіnа uzаsа  кümüš  һаm  ауі  «қазынада  күміс  пен  қымбат  тас 

көбейсін».

Осы  қолданыстардың  мағынасынан  ауі  <а<ша  жақындығын 

жорамалдауға  болатын  секілді:  іšigti:  аltun  кümüs  іšigti qutaj 

bunsiz anča berur tabyar bodun «қайғырмай-ақ  соншама  алтын, 

күміс,  масайтатын  сусындар  берген  табғач  елі...»  (Күлтегін 

ескерткішінен) (яғни іšigti ~ ішімдік); sürmä: jig еt аš sürmä tilädi 

«ол шикі ет, ас жеп, шарап ішкісі келді» немесе türlüg аšlar, ürlüg 



sürmälär  čudujanlar qimizlar ač [a] dilär ičtilar «олар  түрлі  тағам, 

түрлі шарап ішті, ет жеп, қымыз ішті» (sürmä атауының қалыпта-

суы,  біздің  ойымызша, sür деген  «қуу,  тарту,  сүйреу,  шығару» 

түбірімен байланысты).

Ал,  орта  түркі  кезеңінің  тілдік  деректерінен  орасан  зор  мəлі-

мет  беретін  ең  құнды  еңбек – М.  Қашқари  сөздігінің  материалы 

негізінде жинақталған, материалдық болмысты бейнелейтін мына 

атаулардан  олардың  тарихи-лексикологиялық  жəне  этнолингвис-

тикалық  құрылымын  көруге  болады.  Олар  сол  дəуірге  тəн  мате-

риалдық  өндіріс  деңгейін,  мəдениетін  көрсетіп,  кейбір  жағдайда 

оның  дамуы  нəтижесіндегі  жіктелуінің  көрінісін  бейнелейтін 

тəрізді. Мысалы: аbrim – «ердің астына салатын киіз» (МК. I, 66); 



jеtän  –  мақта  мен  жүнді  тарайтын  құрал;  jоуurt  –  ашыған  cүт  >

jоуur  – «мешать», «месить»;  jоyuryuč – оқтау  >jоуur  «мешать», 

«месить» «скатывать»;  jоуurqan – көрпе.  Қазіргі  қазақ  тілінде 



жуырқан  cөзі  диалектілік  ерекшелік  ретінде  қолданылады. 

Jorgomäč  –  ішекке  орап  өріп  пісірген  тағам,  қазіргі  колбаса  тə-

різді болу керек; jorgänču – 1) сырылған көрпе; 2) орау, шұлғау 



jorqa kedut – жасау я сый ретінде берілетін халат, киім. Ол қазақ 

тіліндегі киіт сөзімен мəндес келетін тəрізді. Кеrim – кілем >kеr; 



кер=>kеrkі – кішкентай  балта;  kеsqu  –  кесуге  арналған  құрал. 

Керäz  –  мақта;  kön–  иленген  тері.  Ол  қазақ  тілінде – көн,  көн 

терісі,  көні  жібу,  т.б  тіркестерінің  құрамында  кездеседі;  bаrčіn– 

жібек мата: tөsаklіk bаrčin– төсектік мата; қазақ тілінде баршын 

сөзінің түсті білдіретін мағынасы сақталған. bogda//bоkta – кездік; 

buqarsi//buqursi– темір түсті соқа; kоnäk – су таситын ыдыс. Ол, 


125

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

сірə, теріден жасалған болуы керек. Коzgü – айна; uruš – астықтың 

уызданған дəнін қуырып жасаған тағам, т.б.

Көріп  отырғанымыздай – «өмір  сүруді  қамтамасыз  ететін 

мəдениетке» жататын дүниелердің мəдениетке катысы адамдардың 

тек  өмір  сүру  үшін  қажет  мұқтаждарын  ғана  канағаттандырып 

қоймай, сонымен бірге ұлттық мəдениеттің танымдық негіздерін 

социогендік, символикалық жəне эстетикалық қызметін де сипат-

тайды.

Жалпы алғанда, мəдениет – көптеген индивидтердің қатысуы-



мен жасалатын терең əлеуметтік құбылыс. Сондықтан ол белгілі 

бір қоғамға кіретін ортақ əлеуметтік территориялық негізде бірік-

кен  адамдардың  белгілі  бір  қоғамының  қоршаған  табиғатқа  бе-

йімделуі (адаптация); ортақ тұрақ, жай құрып, тұрмысқа қажет та-

мақ əзірлеп, киім тігуі, т.б. индивидтердің тəртібін белгілі бір қа-

лыпқа түсіріп, іс-əрекетін стереотипке түсірумен, т.б. сипатталады, 

көрінеді. Табиғат көрінісіне, жағдайына икемделу – адамның не-

гізгі  бір  қасиеті,  жүздеген  я  мыңдаған  жылдар  бойы  жалғасатын 

бұл икемделу тек материалдық емес, ол адамдардың ой-өрісіне де 

əсер  етеді.  Осының  негізінде  əлеуметтік  қатынастар,  əр  ұлттың 

өзіне  лайық  мəдениеті,  еңбек  түрлерінің  ерекшеліктері  қалыпта-

сады. Этнос пен табиғатты біртұтас ұғым деп қараудың, əсіресе, 

көшпенділер  мəдениеті  мен  психологиясына  маңызды  ерекше. 

Сондықтан  да  табиғаттың  əсерін  «көк  тəңірге»  құлшылық  еткен 

сенімінен бастап, фольклордағы мифологиялық бейнелерден, т.б. 

көруге болады.

Демек,  Гумбольдтың  түсіндіруінде  тіл  дүниені  тікелей,  тура 

бейнелемейді.  Тілде  адамның  дүниені  қалай  түсінетіні  көрініс 

береді. Оның ойынша, сөз заттың тура таңбасы емес, оның біздің 

санамызда  тілдік  шығармашылық  үдеріс  нəтижесінде  туған  бей-

несі.  Яғни  тіл  кез  келген  жеке  заттарды  бейнелегенде,  сол  тілде 

сөйлеушіге қоршаған дүниенің есігін ашады, суретін салады. Мұ-

ның  мəдениетке  байланысты  ұлттық  атауларға  тікелей  қатысы 

бар. Көне заман куəгері «Күлтегін» – ұзақ ғасырлық мəдени тарих-

тың  жемісі,  онда  тұтас  тарих  жатыр.  Онда  ертедегі  түркілер-

дің  айшықты  əдемі  сөз  орамдары,  мақал-мəтелдері,  жоқтаулары, 

шешендік  сөзі,  образды  сөз  өрнектері,  эпостық  суреттеулері, 

тарихи  баяндаулары – бəрі-бəрі  бар.  Онда  ертедегі  түркілердің 



126

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

таным-түсінігі, мінез-құлқы, сана-сезімі, ой-өрісі, мұң-шері, аңса-

ған арман-мұраты, ерлік үні – баршасы көрініс берген. Онда ерте-

дегі  түркілердің  тарихи  шындықты  тануы,  өткен  тарихын,  өз 

заманын, өздерін қалай тануы, қоршаған ортасын қалай, қай дəре-

жеде танығаны анық көрініп тұр. 

Қорыта  айтқанда,  тіл – тек  коммуникативтік  құрал  емес, 

сонымен  бірге,  адам  болмысының,  оның  мəдениетінің  көрінісі. 

Өйткені мəдениет таңба, белгіден тысқары, яғни тілден тысқары 

өмір сүре алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық əлем қор-

шаған.  Өйткені  адам  болмысының  өзі  таңбалық,  тілдік  болмыс. 

Адам бір мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да. Тіл – 

тек  денотативті  (белгілі  сигналдық)  коммуникация  құралы  ғана 

емес,  сонымен  бірге  коннотативті  (белгілі  əлеуметтік-мəдени, 

идеологиялық мəні бар) құрал. Тілде əр халықтың тарихы, оның 

өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мəдениеті жатыр.

Олай болса, осыдан 1270 жыл бұрын Орхон бойына қойылған 

осы бір тас кітап бүгін түркі халықтарының тарих сахнасына шығуы 

мен  өзін  танытуының,  өзгелерге  осы  танымды  мойындатуының 

тарихи куəсі іспетті қызмет атқарып тұр.



Көне түркі ескерткіштері мен қазақтың төл мəдениетіндегі 

сабақтастықтың тілдік дəйектері

Тəуелсіз Қазақстан кезеңінде таным көкжиегін кеңейтуге ық-

пал  етуші  сана  тəуелсіздігінің  өрелі  өрісі  руханияттың  көне 

дəуірлердегі  тілдік  дəйектерінің  көзі  ретіндегі  ғажайып  мəдени 

мұра – көне түркі ескерткіштерін терең тануға да жаңа серпін берді. 

Бұл – тіл мен мəдениет сабақтастығын арқау ететін тіл білімінің 

антропоөзектік бағытына сай ұлттық сана мен болмыстың күре та-

мырлары іспетті тарихи бастауларын кешенді де терең тану үрдісі. 

Бірнеше дəуірдің тарихы, мəдениеті, баласының болашағы қо-

ғамдық,  əлеуметтік,  экономикалық,  т.б.  күресі,  рухани  жаңғы-

рулары  ғасыр  өтсе  де,  сол  халықтың  ұрпағынан-ұрпағына  сол 

этностың  тілі  сақталуы  арқылы  жетеді.  Соның  арқасында  ұрпақ 

ана  тілдің  өміршеңдік  қызметінің  қуаты  мен  құдіреті  негізінде 

ұлтымыздың көне тарихы мəдениетін дұрыс танып-білуге бастау 

алады. Осы бастаулар көзі кешенді тіл ғылымының көкжиегінде 


127

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

ұлттық  мəдениеттің  көзі  ретінде  тағылымдық  мəні  зор  ұлттық 

тілдің өн бойынан табылады. Осымен байланысты тіл табиғатының 

құпиясы  ғылымның  басқа  салаларымен  (психология,  антропо-

логия,  мəдениеттану,  мифология,  т.б.)  тығыз  қарым-қатынастың 

нəтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені кез келген ұлттың 

тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу 

жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан 

дəуірдегі  жүріп  өткен  тарихымен,  күнделікті  өмірде  тұрмысына 

орнықтырған мəдениетімен, күн көрісіне арқау болған жан рухы-

мен, ой-санасымен тікелей байланысты екені сөзсіз.

Осы  орайда  көнетүркі  ескерткіштері  тілдік  деректерінің  та-

нымдық,  рухани-мəдени  маңызы  қандай?  Оны,  біріншіден,  тіл 

арқылы сақталған ұлттық танымның көне дəуірдегі тілдік негізде-

рі мен тарихи күретамырларын зерделеу мен зерттеуден табамыз. 

Екіншіден, кестелі де кешенді көнетүркілік мұраны кешеден бү-

гінге  жеткізген,  бүгіннен  енді  ертеңгі  ұрпаққа  жеткізетін  тілдің 

құдіретті  құжаттық  (кумулятивтік)  қызметіне  ерекше  мəн  бере 

зерттейтін тіл білімінің жаңа бағыттарымен сабақтасады. Осыған 

орай  тарихи-көркемдік  кеңістікті  тұтастықта  қарап,  көркемдік-

танымдық  заңдылықтары  ұлттық  болмысымен  ерекшеленетін 

нақты  тілді  деректерді  талдау  арқылы,  сонымен  бірге  туыстас 

түркі  халықтары  мен  жалпыадамзаттың  өркениетімен  тамырла-

сатын  қазақ  мəдениетінің  өміршең  сипаттарын  санаға  сіңіру,  əрі 

жаңғырту – қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарын белгілейтін өзекті 

мəселелерінің бірі. Осы əлеуметтік үрдісті нақты түрде іске асы-

ру  тіл  білімінің  лингвомəдениеттану  деп  аталатын  саласының 

еншісіне тиіп отыр. 

Демек,  ежелгі  дəуірлер  мен  тарихи  кезеңдердегі  қазақтың 

рухани-мəдени  жүйесінің  жаратылысы  мен  болмысын  көнетүр-

кілік тілдік деректер негізінде саралап тану – қазіргі тіл білімінде-

гі өркенді арна. Себебі ол тіліміздің көркемдік таным əлемін ғана 

емес, ұлттық мəдениетіміздің де арқауларын анықтап, ұлттық та-

нымның ғасырлар тереңіндегі терең тамырларына жалғастырады.

Осы  бағытта  этностың,  ұлттың  мəдени-танымдық  жүйесін 

зерттеу барысында теориялық-əдістемелік негіз ретінде антропо-

центристік  жəне  когнитивтік  лингвистиканың  «ғаламның  тілдік 

бейнесі»  теориясының  қағидалары  басшылыққа  алынады.  Түркі 



128

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

əлемінде  ол  «Күлтегін»  ескерткішінде  берілген:  Көкте  тəңірі, 



төменде  қара  жер  пайда  болған  кезде  екеуінің  арасында  адам 

пайда болды.

Осы  арада  көнетүркілік  жəдігерлерді  зерттеуде  оның  мазмұ-

нындағы  түркі  жұртының  ұлттық-мəдени,  тарихи-əлеуметтік  не-

гіздегі тұтастығын бейнелейтін тілдік мұра ретінде жаңа ғылыми 

парадигмада қарастырыла бастағанын да атап өткен жөн. Ежелгі 

түркілердің санасы репрезенттелген тілдік деректерді когнитивтік 

жүйеде  қарау,  əсіресе  ескертікштер  тіліндегі  түбірлердің  семан-

тикалық құрылымына жаңғыртуда мəні ерекше.

Қазіргі түркітанудағы түбіртану мəселесін зерттеуде дəстүрлі 

əдіс-тəсілдермен қатар, тың теориялық танымдық бағдар ұстану-

дың жаңа үлгісін көрсеткен башқұрт ғалымы А. Шайхулов Еділ-

Жайық аумағын мекендеуші түркі халықтары тіліндегі моносил-

лабтардың  құрылымы  мен  идеографиялық  парадигмасын  түркі-

аралық жəне жалпытүркілік лексиканың ареалдық континуумын-

да зерттейді.

Қазақ тілінің тарихи дамуы мен қалыптасуын, сонымен сабақ-

тас мəдениетін анықтау барысында көнетүркі, ортатүркі, қыпшақ, 

т.б. жазбаларының деректерін зерттеуге байланысты қазіргі қазақ 

тіл білімінде біршама еңбектерді атап өтуге болады (Ғ. Айдаров, 

М. Томанов, Ə. Құрышжанов, А. Ибатов, М. Сабыр, т.б.). 

Осыған орай көнетүркі жазбалар мен мəдени мұраларымызда-

ғы  ежелгі  заманнан  күні  бүгінге  дейін  ұласқан  рухани  даму  ба-

рысының  үзілмес  желісінің  бүгінгі  күнмен  сабақтасуын  уақыт 

пен  кеңістік  контексінде  жүргізілетін  зерттеулер  нəтижесінде 

анықталған  тілдік  көрінісі  этномəдениеттің  метатілін  көрсетеді. 

Мысалы, «Ескітүркі  сөздігі»  деректерінің  негізінде  көнетүркі 

жазба  нұсқаларындағы  мəдениетке  қатысы  бар  жалпытүркілік 

лексиканың  қазіргі  тілде  сақталған  жүйесін  көрсетуге  болады: 



jejim: ešäkni berginča bu jejimni jesün «есекті  бермес  бұрын  ол 

жемін жеп алсын» [ЕТС, 253]; kidizki[d]izig subda soqmiš «киізді 

суға салып қойды» [ЕТС, 306]; ujuq: bir qai bir ujuq čaruq «бір пар 

шарыққа бір ұйық» (шұлық) [ЕТС, 608]; sünügsünü qilič taz … 

bogda temir berka ort jalin bilan belgurtup «жалынмен бірге сүңгісін 

(найзасын), қылышын, тəжін, қанжарын көрсетіп ...» [ЕТС, 517]; 

oq: bir erig oqun urti «бір кісіге ол оқ тигізіп құлатты» [ЕТС, 368]; 


129

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

jemiš – жеміс;  bagir – бақыр;  jörgäk – жөргек;  jügün – жүген; 

jüzük – жүзік;  kerägü – кереге;  kisän – кісен;  kömäč – көмеш; 

bešik – бесік; bičak – пышақ; börk – бөрік; čit – шыт; čir – шыр: 

шыр біту; čaruq – шарық; ičuk – ішік; jignä – ине; qurut – құрт; 



sir – сыр; šonqur // šonqar – сұңқар; očaq – ошақ; qamči – қамшы; 

qumuz // qimiz – қымыз; tügmä < tüg – түйме < түй; süzmä – сүзбе; 

čačir // čatir > čač «шаш» – шатыр шаш; könläk > kön // kön «илен-

ген тері» – көйлек. 

Кейбір атаулар сол дəуірге тəн материалдық өндіріс деңгейін, 

мəдениетін көрсетіп, кейбір жағдайда оның дамуы нəтижесіндегі 

жіктелуінің көрінісін бейнелейтін тəрізді. Мысалы: aδrim – ердің 

астына салатын киіз [МК, І, 66]; jetän – мақта мен жүнді тарайтын 

құрал; joγurt – ашыған сүт > joγur «мешать», «месить», «скатывать»; 

joγurγuč – оқтау; joγurqan – көрпе. Қазіргі қазақ тілінде жуырқан 

сөзі  диалектілік  ерекшелік  ретінде  қолданылады.  Jörgömäč – 

iшекке орап, өріп пісірген тағам; jörgänču – 1) сырылған көрпе; 

2)  орау,  шұлғау > jorqa kebüt – жасау  ия  сый  ретінде  берілетін 

халат, киім. Ол қазақ тіліндегі киіт сөзімен мəндес келетін тəрізді. 

Kerim – кілем > ker; кер > kerki – кішкентай балта; kešgü – кесуге 

арналған құрал; kepäz – мақта; kön – иленген тері. Ол қазақ тілін-

де – көн, көн терісі, көні жібу т.б. тіркестерінің құрамында кез-

деседі. Barčin – жібек мата; tösäklik barčin – төсектік мата. Қазақ 

тілінде  баршын  сөзінің  түсті  білдіретін  мағынасы  сақталған. 

Bögdä // böktä – кездік; buqarši // buqurši – темір тісті соқа; könäk – 

су  таситын  ыдыс.  Қазақ  тілінде – көнек//көнектей  боп,  т.с.с. 



Köpčük – көпшік. Қазақ тілінде көпшік сөзі диалектілік ерекшелік 

ретінде «жастық» мағынасында қолданылады. 



Тұрмыс бұйымдары: susγaγ – ожау; tusiq – шелек; tukän – есек-

ке артылған жүктің бір жағындағы қоржын; saγir – сусын дайын-

дайтын ыдыс; könäk – мес; közägü – көсеу; közgü – айна. Қазіргі 

кезде бұл атаудың (көзгі) сақталмауын оның жаңа атаумен (айна) 

алмастырылуымен түсіндіруге болатын сияқты. Örgän – жуан ар-

қан; qašuq – жылқының терісінен жасалған торсық; tükäk – жүкті 

ерге  байлау  үшін  жіптің  ұшына  бекітілген  ағаш  сақина > tük // 

tüj; učan – екі желкенді қайық; ujma – аяқ киім жасайтын киіз > 

uj  «нығыздау»;  ugurmak – түйенің  арқасына  бекітіліп,  отыра-

тын орындық ретінде пайдаланылады; ükäk – жерлеуге апаратын 



130

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

зембіл; ükäk – мұнара; sin – төсек; sütük – ірі қара малдың сүйегінен 

жасалған  бұйым;  tar – үрленген  тері  қаптардан,  бөренелерден 

жəне қамыстан құрастырылған сал; tartiγ – буып-түйетін қайыс; 



ustam – қайысқа не ерге алтыннан ия күмістен салынатын əшекей; 

ütük – үтік; uzänü – үзеңгі; tim – шарап толтырылған мес; tolqug – 

үрленген  қап,  мес;  torqu – жібек,  қазақ  тілінде:  торғын//торқа



torpig – егеу.

Тағам атаулары: qaqurjan – май жағып, пешке пісірген нан; 

qor – сүтті ия қымызды ашытатын ұйытқы; uruš – астықтың уыз-

данған  дəнін  қуырып  жасаған  тағам;  süllüg et –  шикілей  піскен 

(қаны бар) ет > sül «жаңа, жас, нəрлі» т.б.; tutmač – ұннан жаса-

латын  тағам,  лапшаның  түрі;  turmak – ішіне  ірімшік,  май  ия  ет 

салынып пісірілген ет; ügrä – ұннан жасалған тағам; ügür // ujur – 

тары; erük – өрік; taγna – айран; uδitma – ірімшік > uδ~uj – ұй. 



Киім  атаулары:  suluq – сəлде;  suqarlač börk – үшкір  ұшты 

ұзын  бөрік;  ilärsük  –  қарынға  тағатын  белбеу;  saqaldiriq – 

тамақтың  астынан  бөрікті  ұстап  тұру  үшін  байлап  қоятын  жібек 

жіп; etik – етік; tizildirik – əсемдік үшін етікке тағылатын металл 

тізбектер; qars – түйенің ия қойдың жүнінен істелген сырт киім.

Мəдени бұйымдар атаулары: М. Қашқари сөздігінің деректері 

материалдық өндірістің белгілі бір салада қалыптасқан мəдение-

тінің  көріністерінен  де  хабар  береді.  Мысалы:  siričγa – əйнек; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет