Фразеологизм – тілден тыс шындықты бейнелейтін
екіншілік аталым нəтижесі, лексикалық
сөзжасам тəсілдерінің бірі
Жоғарыдағы зерттеудің талдау барысы көрсеткендей, ФТ-дiң
құpамындағы мəдениетке қатысты атаулаp көpкемдiк сөз iспеттi,
əpтүpлi зат пен құбылысты бейнелi атау үшiн ұpпақтан ұpпаққа
беpiлiп келе жатқан дайын сөз үлгiлеpi, таным бірлігі pетiнде,
таpихи-лексикологиялық сөз тудыpушы құpал pетiнде қызмет
етедi.
Бұл тіркестердегі қандай да бір компоненттер мағыналарының
идиомалылығы жəне оның белгілі бір сөзбен ғана қолданылу
жағдайы фразатүзуші фактор болып табылады.
Осылайша əдетте елеулі семантикалық өзек ретінде көрінетін
белгілі бір сөзбен басқа сөздер де тіркесе алады, сөйтіп мұндай
жағдайда өзіндік сөзжасамдық парадигма жасалады. Сөзжасамдық
парадигмадағы лексикалық құралдардың қызметі сөзжасамдық
163
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
морфемалардың қызметтеріне ұқсас болып келеді. Олардағы сөз-
дің дəрежесі «төмендейді», яғни ол лексикалық мағынасын толық
жоғалту арқылы морфологиялық жағынан маңызды болып, тек
таза құрылымдық қызметке ғана ие болады.
Фразеологиялық деңгей элементтердің анағұрлым күрделі
бірлікке бірігуі кезінде көрініс беретін айрықша белгілерінің
негізінде аңғарылады. Бұл ерекшеліктен мынандай бір деректі
айқын көруге болады, «тілдің бірінші жіктелімінде» өзі көрініс
табатын жəне тура немесе туынды аталу негізінен дербес бола-
тын тура аталымның нəтижесін көрсететін аталымдық қызметпен
қатар, атау беру процесі де жанама аталымның негізінде жүзеге
асырылады. Сөздің тіркесімділігі оның семантикалық мəн-маз-
мұнына сəйкес келмеген жағдайларда синтагмалық маңызы басым
түсіп, «мəнмəтіндік тəуелділігі» орын алады.
Сонымен, айрықша «фразеологиялық деңгей» құрамындағы
элементтер тұрақтылығы жəне сөз тіркестерінің лексикалық құ-
рамы мен грамматикалық құрылымындағы өзгермелі элементтер-
ді шектеу арқылы ерекшеленеді.
Қарым-қатынас жасаудың жəне тікелей шынайы болмыстың
аса маңызды құралының əлеуметтік құбылысы ретіндегі тілдің
материалдық анықтамасы адамның тілді бағамдап, түсінуінің тек
диалектикасы мен динамикасын ғана ескеріп, зерделеуді талап
етпейді. Ол сол сияқты лексикалық бірліктер жиынтығында көрі-
ніс тапқан материалдық өндіріс пен мəдени-тарихи тəжірибенің
нақты талаптары мен түрлерін ашып-айқындап беретін тарихи
дамуға да назар аудару қажеттігін көрсетеді.
«Бұл тұрғыдан алғанда тұрақты сөз тіркестерінің тарихы мен
этимологиясы үнемі ғалымдардың назарында, өйткені сөздердің
бірігуі – ол қандай да бір жүйелі əңгіме, белгілі бір дəрежеде
қалыптанған бейне» [240].
Сонымен, «Фразеология – көнерген сөздерді, дəуірі өткен грам-
матикалық тұлғаларды жəне уақыт пен əдеби норма ығыстырған
синтаксистік құрылымдарды өз бойында сақтап қалған тіл қа-
зынасы. Ол тұлға арқылы ұлттық əдет-ғұрыптарды, наным-сенім-
дерді, тарихи аңыз-əңгімелерді, дүниенің бейнелік көрінісін де
бойына сіңіреді»
[241].
Элементтер белгілі бір тілде жұмсалым тұрғысынан тұтас бір
бірлік ретінде қарастыру қажет болатын топтарды түзетін болған
164
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
жағдайда ғана күрделі бірліктер айрықша деңгейге бөліне алады.
Олар осы топтардан тыс нақты қолданыста болмайды.
Сөйтіп фразеологизмдер арқылы сөзжасам негізінде сөздік
қорды ұлғайту процесі іске асады.
Сөзжасамдық модельдер, фразеологиялық бірліктер белсенді
қолданыстан ығыстырылса да, бір кездері осы үлгіде жасалған
сөздерде ұзақ уақыт бойына сақталып қалады.
Тілдегі туынды сөздердің арасында сөзжасамдық архаизмдер
ғана көп емес, сонымен қатар дайын бірліктер де мол кездеседі.
Сөзжасамдық модельдер туынды бірліктердің құрылымымен
байланысты болатын амал-тəсілдер жиынтығының жүйесі екен-
дігі белгілі.
Сондықтан тілдегі терминдер жүйесіндегі фразеологизм ұғы-
мының анықтамасы ең алдымен тіл бірлігі ретіндегі қайта жаса-
латын сөз тіркестерінің анықтамасымен тығыз байланысты бо-
лады. Бұл анықтаманың қисыны əдетте мынаған келіп саяды: тіл
бірліктері сөйлемде жасалмайды, керісінше, дайын күйінде қайта
жасалады – тұрақты сөз тіркестері де өзінің белгілі мағынасымен
жəне лексика-грамматикалық құрамымен дербес құрылым түзе
отырып қайта жасалады. Тұрақты сөз тіркестері фразеологизмді
тілдің өзге бірліктерінен ерекшелейтін əмбебап қасиеттерінің не-
гізінде белгілі бір жүйеге ұйымдасқан тіл бірліктері болып табы-
лады.
Олар көп жағдайларда еркін мағынадағы сөздің тұрақты ма-
ғынадағы сөзбен өзара кірігуін көрсететін қостағанды болып ке-
леді. Олардың тек біртұтас күйінде ғана аталымдық қызмет
атқаратындығына бинарлығы кедергі келтіре қоймайды.
Фразеологиялық тіркестердің құрылымындағы компоненттер
арасында грамматикалық қарым-қатынас болмайды. Бастапқы
кезде компоненттерінің арасында синтаксистік қатынастар болса
да, бертін келе екі бөлігі де үнемі қайталана берудің нəтижесінде
лексикалық тұтас бірлікке, ал атап көрсетілген етістіктер сөз-
жасамдық элементке айналды
[242].
Осыған қарамастан олардағы грамматикалық мағына жасай-
тын компонентті бөліп алуға болады. Фразеологияда оны ұйытқы
компонент деп атайды. Фразеологиялық тіркестер негізінен екі
типке бөлінеді:
165
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
1) субстантивтік: он екі мүше, опасыз жалған, қанды көйлек
жау, қызыл шақа, өмірдің оғындай, көздің құрты;
2) етістіктік: таяққа жықты, тер төкті, ат ойнатты, көз
ілмеді, құлағына құйды, тіл тигізді, табанын жалады, сөз қоз-
ғады, сазға отырғызды, қабағын аңдыды, қабақ шытты, көңіл
айту, жұлыны үзілді.
Көмескіленген компоненттердің шеткерілігін
(перифериялығын) сипаттайтын фразеологизмдердің
құрылымдық ерекшеліктері
«Құрылым» термині құрамындағы терминдердің орналасу үл-
гісі, қарым-қатынас жəне байланыс ұғымдарымен əрқашан да
астарлас келеді. Фразеологизмдердің семантикалық топтарының
құрылымы тілдік бірліктердің ішкі бірізділігін көрсететін жүйе-
нің айрықша бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Фразеологизмдер – бұлар тілдік бірліктердің тұрақты құры-
лымы. Олар аталым процесін жүзеге асыратын стилистикалық
таңбалар ретіндегі жекелеген нақты белгілер арқылы жанама
ұғымның экспрессивтік бейнелілігін жасау нəтижесінде пайда бо-
лады.
Фразеологиялық тіркестердің құрамдас элементтері жұмса-
лымдық тұрғыдан алғанда тұтас бірлік ретінде қарастырылады.
Дайын күйінде қайта жасалатын фразеологиялық тіркестердің
құрылымдық тұтастығы оларды тіл бірлігі ретінде анықтауға негіз
болады.
Фразеологиялық тіркестерді зерттеушілер басқа сөздерден
өзінің модальдылығымен, беретін мағынасы мен лексика-грам-
матикалық құрамының тұрақтылығымен, сонымен қатар қолда-
нуға дайын материал ретіндегі өзіндік құрылымымен ерекшеле-
нетін сөздер деп атап көрсетеді.
О. Есперсеннің пікірінше, олар «қолдануға дайын формула-
лар ретінде» көрінеді, яғни тұрақты тіркестер сөйлеу кезінде қай-
та-қайта жасала бермейді, ол дайын күйінде қайталанады. Бұл
ерекшелік олардың құрамындағы компоненттерінің семантикалық
жағынан біртұтастығына, берік түрде орын алған лексикалық
ортаға мағыналық тұрғыда тəуелді болуына байланысты.
166
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Алайда фразеологиялық бірліктердің аталымдық қызметі мен
синтаксистік құрылымына қатысты сипатының алуан түрлі бо-
луы оларды «лексикалық парадигма» деңгейінде тілдік бірліктер
ретінде қарастыруға еш кедергі келтірмейді. Мысалы, көптеген
фразеологиялық тіркестер түркі тілдерінде атау беру үшін жеке
сөз бірліктері жоқ, кездесе қоймайтын заттар мен құбылыстарды
атау тəсілі қызметін атқарады. Мəселен, хакас тілінен дерек-
тер келтірейік: бүркіт, қыран құс – хара хус, горностай – хара
хузурух, гусак – іргек хас, лещ – тектірбе палых, лиловый –
хызыл көк, подснежник – хой пор чозы, подсолнух – сал хузух
жəне т.б.
[243]. Мысалдардан байқағанымыздай, жоғарыда келті-
рілген фразеологиялық тіркестердің көпшілігі зоонимдер мен фи-
тонимдердің қатарына жатады.
Сонымен қатар кейбір фразеологиялық тіркестер екіншілік
аталымдар ретінде қолданыста бар лексикалық бірліктердің сино-
нимдері қатарында пайда болды. Мысалы: сумерки (іңір) – қаз.
көз байланған уақыт; ұйғ. көз бағланған вахит; не подчиняться
(бағынбау) – қаз. бой бермеу; ұйғ. бой бермəу.
Сондықтан фразеологизмдердің құрылымын зерделеу сөздер-
дің семантикалық құрылымын жан-жақты тереңірек тануға, ашып-
айқындап жəне сипаттауға толық мүмкіндік береді.
Біздің ойымызша, барлық əр типтес фразеологиялық тіркестер
ортақтығының мəні мынада тəрізді: ең алдымен олардың барлық
типтері қайта жасалу (яғни, дайын құрылымдар) жəне əртүрлі
жасалу белгілері бойынша бір топқа бірігеді.
Тілдік бірліктер модельдерінің аса маңызды ерекшелігі олар-
дың ұдайылығы, яғни қайталанушылығы болып табылатындығы
белгілі. Дегенмен, солай бола тұра, Р.А. Будагов атап көрсеткендей,
«адамзаттың кез келген жанды тілінде тек жүйелі ғана емес, сол
сияқты жүйеге қарсы да үрдістер мен категориялар болады»
[244].
Фразеологиялық тіркестердің модельденбеуінің себебі олардың
компоненттерінің құрамындағы бөліктердің семантикасын жоғал-
туында жатса керек. Яғни, фразеологиялық тіркестердің құры-
лымындағы компоненттер өздерінің мағыналық дербестігін жо-
ғалтқан, өйткені олар беріп отырған екіншілік мағына оның құра-
мындағы əр компонентпен жеке-жеке емес, керісінше, тұтас тілдік
бірлік ретіндегі сөз тіркесімен тығыз байланыста болады.
167
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Бірқатар ғалымдар фразеологиялық тіркестердің құрамындағы
компоненттердің қызметін құрылымдық қызмет атқаратын сөзжа-
самдық морфемалардың қызметтеріне ұқсас мағынада қарасты-
рады.
Фразеологиялық тіркестер өзінің құрылымы (тұлғасы) жағы-
нан еркін сөз тіркестеріне жақын болып келеді. Бұл олардың
шығу тарихымен түсіндіріледі. Шын мəнінде, фразеологиялық
тіркестер сөз тіркестерінен жəне еркін түрдегі сөйлемдерден шы-
ғады
[245].
Фразеологиялық тіркестердің аталымдық қызметі оларды сөз-
жасамның лексикалық тəсілі ретінде қарастыруға негіз бола
алады. Өйткені өзге сөздермен салыстырғанда тілдегі əртүрлі
құбылыстарды бейнелеп көрсету мақсатында ғасырлар бойы қол-
данылып отырған бұл фразеологиялық тіркестердің типология-
лық құрылымдық ерекшелігі – олардың дайын құрылымдар түрін-
де қолданылуы болып отыр. Лексиканың перифериясындағы
фразеологиялық тіркестердің осындай құрылымының нəтиже-
сінде тілдің белсенді қорынан шыққан көптеген сөздер, архаизм-
дер жəне т.б. дəл осы фразеологиялық тіркестердің құрамында
сақталып қалған. Фразеологиялық тіркестердің атап көрсетілген
құрылымдық ерекшелігін ескере отырып, зерттеушілер типоло-
гиялық жағынан қарастыру бағытында мынандай мəселелерді
алдарына мақсат етіп қояды:
1) Фразеологиялық тіркестерді өзге тілдік құрылымдардан ме-
желеу, яғни ара-жігін ашып көрсету:
а) күрделі сөздерден
ə) қос сөздерден
б) қайталаулардан
в) аналитикалық етістіктерден
г) терминдік сөз тіркестерінен
д) мақал-мəтелдерден жəне т.б.
Осыған байланысты фразеологиялық тіркестерді əртүрлі қы-
рынан қарастыру жайлары орын алып отыр. Мысалы, А. Ысқақов
өзінің «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде фразеологизмдерді
күрделі сөздер тарауында еркін сөз тіркестерінің идиомалануының
жəне жай сөзден күрделі сөзге айналуының нəтижесі ретінде
қарастырады [246]. Қараңыз: қырғи қабақ, қас пен көздің арасын-
168
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
да. Бұлардың негізінде ұғымның тек таңбалануы ғана емес, соны-
мен қатар метафоралануы мен бейнеленуі де жатыр.
Фразеологиялық тіркестердің қалыптасуындағы бұл дерекке
М.Б. Балақаев та назар аударады. Фразеологизмдерді сол сияқты
татар тілтанушысы Ф. Ғаниев өзінің еңбегінде осы тұрғыдан қа-
растырады. Ол күрделі сөздер мен фразеологиялық бірліктердің
арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашып көр-
сетеді.
«Жалпы тіл білімінде» атап көрсетілгендей, «күрделі бірлік-
тер тек мынандай жағдайларда ғана айрықша деңгейге бөліне ала-
ды, яғни егер элементтер белгілі бір тілде жұмсалымдық тұрғыдан
оларды тұтас бір бірлік ретінде қарастыру қажет болатын топ
құрып, осы элементтер бұл топтардан тыс нақты қолданылмайтын
болған жағдайда» [247]. І. Кеңесбаев тұрақты фразеологиялық
тіркестер категориясына қос сөздерді де жатқызады. Мұнда олар-
дың құрамындағы компоненттерінің үздіксіз өзара байланысты-
лығын негізге алады
[248]. Мысалы: телегей-теңіз.
Қазіргі қазақ тілінде телегей жеке сөз ретінде дербес қол-
данылмайды. Жоғарыда келтірілген қос сөздің құрамында оның
сөз тіркесіндегі анықтауыш + анықталушы тəрізді атрибуттық ма-
ғынасы бар, бұл да оның еркін сөз тіркесінен шыққандығын
көрсетеді.
Ойрот тілінде телегей – əлем, жер шары, табиғат (ООС. 146-б.),
көнетүркі тілінде telim – көп, елеулі, өте (КТС. 552-б.), сол сияқты
taliy – теңіз, мұхит (КТС. 529-б.).
Байқап отырғанымыздай, қазақ тілінде құрамындағы компо-
ненттерінің үздіксіз байланысынан тыс ол өзінің мағынасын бере
алмайды. Яғни, қос сөздер компоненттерінің өзара біртұтас болуы
оларды фразеологиялық тіркестерге жақындатады, соларға ұқсас
болады.
Н.А. Баскаков нақты атап көрсеткендей, осы тəріздес сөз тір-
кестерінің сөздерге жұмсалымдық жағынан жақын болуының не-
гізінде кейбір түркітанушылар оларды не синтаксис саласына, не
сөзжасамға жататын лексикалық сөз тіркестері немесе лексикалық
бірліктер ретінде көрсетеді
[249].
Шынында да, фразеологиялық тіркестер көп жағдайларда сөз-
дерге балама бола алады. Дегенмен фразеологизмдер, бірқатар ға-
169
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
лымдар атап көрсеткендей, олардың сөздерден айырмашылығы –
ережелер жүйесінен ауытқуы, оларды модельдеуге болмайды.
Яғни, фразеологизмдер – сөз тіркестерінің айрықша типі, олардың
құрылымы тілдегі сөз тіркестерінің ережелеріне сəйкес келмейді.
Тілде олардың жасалымына қатысты айрықша ереже жоқ. Тілдің
семантикалық жүйесінде фразеологизмдердің мағыналары сəйкес
келетін типтік мағыналар аңғарылмайды. Фразеологиялық тір-
кестердің өте айрықша, жеке мағыналық сипаты осыған байла-
нысты. Фразеологиялық тіркестер тілден тыс шындықтағы зат-
тар мен құбылыстарды атайтын қызметіне қарай сөздерге жақын
келеді, бірақ өзінің бейнелеуіш-экспрессивтік тəсіл ретінде қыз-
мет атқаратын жасалу жолы арқылы ерекшеленеді
[250].
Сондықтан фразеологиялық тіркестердің құрылымына тəн
ерекшеліктердің бірі – жеке-жеке жасалуы болып табылады.
Түркі тілдеріндегі фразеологиялық тіркестердің типологиялық
моделі ретінде компоненттердің сипаты да, олардың орналасу
тəртібі де ескерілетін, фразеологиялық тіркестердің бірқатар топ-
тарына ортақ ұйымдастыру үлгісін, яғни бір типтес жасалымдар-
дың барынша ортақ үлгісін атауға болады.
Бұл жерде мынандай бір деректі айта кеткен жөн. Фразеоло-
гиялық тіркестердің құрылымдық ұқсастығы тарихи тұрғыдан
дəлелденген тілдердің ортақ дереккөздерінде ғана емес, соны-
мен қатар туыстығы күмəнді жəне аралары алшақ жатқан дерек-
көздерде де байқалады. Мысалы, А.Е. Тəжмұратованың пікі-
рінше, орыс тіліндегі бірқатар фразеологиялық тіркестер мағы-
налары жағынан да, синтаксистік құрылымы жағынан да қазақ
тіліндегі фразеологиялық тіркестерге ұқсас болып келеді, мыса-
лы: тірі жан – живая душа, қолын байлау – связать руки, та-
бысқа жету – добиться успеха жəне басқалар
[251]. Осы аталған
əмбебап сипатына байланысты жалпы тіл білімінде ұқсастықтары
мен айырмашылықтары, оларды туындатып отырған салдарлар-
ды түсініп, зерделеуге ұмтылу атап көрсетіледі. Мұндай жағдай
лингвистикалық типологияға оң əсерін тигізеді. Ол өз кезегінде
тілдердің бір-біріне алыс-жақындықтарына қарамастан құрылым-
дық жақындығының дəрежесін зерттейді.
Қазіргі түркі тілдерінде көптеген ортақ фразеологиялық тір-
кестердің шығу негізі бір дереккөзге саятын тəрізді, олар қатар
даму процесінің нəтижесі болып табылады.
170
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Қазақ тіліндегі жəне өзге түркі тілдеріндегі фразеологиялық
тіркестердің құрылымы жөнінде сөз еткенде түркітануда бұл
мəселе төңірегінде біржақты пікір жоқ екендігін атап өткен жөн.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, фразеологиялық тіркестер тілдегі
маңызды құрылымдық элементтер ретіндегі лексемаларды бірік-
тіру ережелеріне құрылымы еш сай келмейтін тілдік бірліктер
болып табылады, басқаша айтқанда, фразеологиялық тіркестер –
ол комбинаторлық сөздердің ережелерінен ауытқудың нақты дə-
лелі. Олардың айтуынша, фразеологиялық тіркестер компонент-
терінің қайталанбас тұтастығымен сипатталады, сондықтан ком-
поненттердің семантикалық өзгеруінің нəтижесін алдын ала бол-
жау мүмкін емес, себебі фразеологиялық бірліктің мəнінің өзі мо-
дельге қарама-қайшы келеді. Яғни, фразеологияда модель ұғы-
мы жоқ. Екінші бір ғалымдардың айтуынша, қазіргі түркі тілде-
ріндегі жəне ескерткіштердегі фразеологиялық тіркестер ортақ
мағынаға біріктірілген, өзіндік грамматикалық модельдер түзе
отырып, негізінен белгілі бір модель бойынша, белгілі бір заңды-
лықтар бойынша жасалады, яғни фразеологиялық тіркестердің
грамматикалық құрылымында модельденген сипат бар. Мыса-
лы, дене мүшелері, өсімдіктер атауларының жəне т.б. негізінде
жасалған фразеологиялық тіркестер: жить, существовать –
қаз. күн көру, ұйғ. күн көрмəк; падчерица – қаз. өгей қыз, хак. оой
хыс; қаз. қаба сақалды кісі; тат. каба сакаллы кеше жəне т.б. Көріп
отырғанымыздай, олар толық сəйкес келеді. Бірақ кейде жекелеген
компоненттерде өзгерістер немесе басқа нұсқалары да кездеседі.
Мысалы: тошнить – қаз. жүрегі айну, ұйғ. көңли айнимоқ; неме-
се қаз. екі аяғын бір етікке тығу; ұйғ. икки путини бир өтуккə
тиқмақ; қаз. жүрегіне кілт табу, əзірб. үрəj инə ачар тапмаг –
найти ключ к сердцу; қаз. түрі (келбеті) келіскен «строй-ный,
красивого тела сложения» – ұйғ. андазиси келишкəн; қаз. аяққа
басты – ұйғ. таванға ташлимоқ; қаз. табаны тозу – тат. чабата
туздыру; қаз. жүрегін тырнау – тат. күңелне тырнау «хватать за
душу; волновать, беспокоить»; қаз. басын айналдыру – түрік. bas
dondurmek «кружить голову».
Сол сияқты өзге түркі тілдерінде нұсқалары мен баламалары
кездесе қоймайтын фразеологиялық тіркестер де бар. Мысалы:
ұйғ. көзи йорумақ – босану; пахта атмақ – алдау, өтірік айту; па-
171
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
хиси қангичə – еркінше, құмары қанғанша; у пилдирлапла қапту –
ол өлі мен тірінің арасында жатыр (науқас адам туралы); женим
ичимгə патмайду – қуанышым ішіме сыймай тұр жəне т.б.
Тат. калай əтəч «қалайы əтеш» – сотқар, төбелескіш, əтеш.
Салпы якка салам кыстыру – мадақтау; чырай сыту – сұста-
ну, қабақ шыту, тыржию; кара таракан болу – артық саналу,
арпа ішінде бір бидай?; тегермəненə су қою – біреудің диірменіне
су құю; əт тибенгесендə йөрүчə – жалқау, жұмыссыз, үйсіз-
күйсіз, қараусыз жүру; тұң колак – саңырау, құлағы нашар есту;
жилеген корыту – зықысын шығару; жилкəсен кимеру – біреудің
арқасында күн көру; түрік. kokunden koparmak, kokunu kurutmak
(kok – түбі, тамыры) – түп-тамырымен құрту.
Фразеологиялық тіркестер өзге тілдік бірліктер тəрізді тарихи
өзгерістерге ұшыраған динамикалық категория болып табылады.
Негізінен бұл өзгерістер құрылымында орын алды. Қазіргі түркі
тілдеріндегі жəне көнетүркі ескерткіштеріндегі фразеологиялық
тіркестерді салыстымалы-салғастырмалы зерделеу нəтижесінде
төмендегі құрылымдық өзгерістерді атап көрсетуге болады:
1) Қазіргі түркі тілдеріндегі фразеологиялық тіркестердің
байырғы түркі сөздеріне жататын бөлігі семантикалық-құрылым-
дық жағынан көнетүркілік фразеологиялық тіркестерге сəйкесті-
гін толық сақтап қалған. Мысалы, teka saqal «мұрты мен сақалы
сирек келген адам» (КТС. 550-б.).
2) Көнетүркі ескерткіштеріндегі фразеологиялық тіркестердің
бір бөлігі жай сөзге айнала отырып, құрылымдық жағынан бұ-
зылған. Мысалы, 1) tanil – таңғалу; tanla – таңғалу, есі кету, та-
ңырқау; қазіргі тілдерде 1) таң қалу 2) tanla – таң ағару. Мысалы ,
tan tanladi «таң ағарды, таң шапақ атты» (КТС. 533-б.); қазіргі
тілдердегі қолданыста – таң атты.
3) Қазіргі түркі тілдеріндегі фразеологиялық тіркестердің бір
бөлігі ертеректе, керісінше, бір сөзбен ғана айтылатын болған.
Мұны Г.А. Байрамовтың пікірі бойынша түсіндіруге болады.
Фразеологиялық бірліктердің қалыптасуы белгілі бір уақыт
аралығын қамтиды. Ал лексикалық бірліктер тіл пайда болғаннан
бері қолданылып келе жатыр [252]. Яғни, фразеологиялық мағы-
налардың белгілі бір жеке сөздермен берілуі фразеологиялық
тіркестермен берілуге қарағанда анағұрлым көне болып табылады.
172
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Мысалы, қолқа салу. Оның қазақ тіліндегі мағынасы (өзге де
түркі тілдеріндегі) – өтіну, қояр да қоймай сұрап алу.
Көнетүркі тілінде келтіріліп отырған мағына жеке qol сөзімен
берілген. Мысалы, er tanrika soqusmis qut qolmis – (еркек тəңірімен
кездесіп, одан бақыт тілейді).
Сүрен салды – қуу, артына түсу, қуғындау жəне т.б. Көнетүркі
ескерткіштерінде осы мағынадағы sur етістігін кездестіреміз. Ол
алтай тілінде сақталып қалған сүр- – қуу, қуып шығару (ООС.
134-б.). Көптеген тілдерде туынды тұлғалары жасалған: өзб. сур-
гун – айдау, жер аудару, қуғындау, айдалған, жер аударылған
(ӨОС. 387-б.), əзірб. сүркүн – қуғындалушы, сүрмəк – қуғындау
(ОƏС. 135-б.). Қазақ тілінде қуғын-сүргін қос сөзінің құрамын-
дағы сүргін сөзін оған туыстас ретінде қарастыруға болады. Яғни,
sur мағынасы қазақ тілінде тек фразеологиялық тіркестер тұл-
ғасында жəне қос сөздер арқылы беріледі.
4) Фразеологиялық тіркестердің тағы бір бөлігі құрылымдық
өзгерістерге ұшыраған, мұнда компоненттерінің біреуі алмасты-
рылған. Мысалы, ic ton – «іш киім, дамбал» (КТС. 201-б.) – қазіргі
қазақ тілінде (өзге тілдерде де) іш киім.
qulaq japrat – «құлағын түру» (КТС. 465-б.), қаз. құлақ түру.
tus tusa – «түс көру» – қаз. түс көру;
uminc kes – «үмітін үзу» – қаз. үміт үзу;
topata tut – «құрмет тұту, құрметтеу, ардақтау» – қаз. төбесіне
көтеру.
5) Көнетүркі ескерткіштеріндегі фразеологиялық тіркестердің
бірқатары қазіргі түркі тілдерінде кездеспейді. Оның мағынасы
басқа фразеологиялық тіркестермен берілуі ықтимал. Мысалы,
qadas jaq jajuq – «алыс жəне жақын туысқандар» (КТС. 402-б.), jas
bol – «қайтыс болу, қаза табу» (КТС. 244-б.), arquq qilinc – «бір-
беткейлік» (КТС. 55-б.), acijlis tut – «молшылықта ұстау, өмір сүр-
гізу» (КТС. 5-б.).
Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше сипатқа
ие ұлттық мүдделі мақсаттың бірі – халық рухын, оның өзегі
мəдениетті жаңғырту. Ал, мəдениетті, рухани əлемді миф, өнер,
дін, əдет-ғұрыптар, материалдық өндіріс туындылары жəне т.б.
осы тектес негізде құрылатын этнотаңбалық (семиотикалық)
жүйені бейнелейді. Бірақ көшпенділер мəдениетінде, соның ішінде
қазақ мəдениетінде ұлттық мəдениеттің таңбалық негізі, рəміздік
173
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
жүйедегі ұлттың психологиясы, сакрализациясы негізінен тіл
арқылы сипатталады. Сондықтан мəдениеттің коммуникативтік,
мұрагерлік табиғатына сəйкес оның ашық жүйе ретінде сақталуы,
кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымда игерілуі, жаңа заманға
сай тіл арқылы іске асатынын қазіргі тіл білімінің антропоөзектік
бағыты дəлелдеп отыр. Демек, белгілі бір этностық (ұлттық)
ұжымда мəдени коммуникацияның іске асырылу құралдарының
дені тіл арқылы қызмет етеді де, мəдениетті тарихи-əлеуметтік
процесс ретінде сипаттайды. Олай болса, тіл тек коммуникативтік
құралы емес, сонымен бірге адам болмысының, əрекетінің, соның
нəтижесінде туған мəдениетінің көрінісі. Осылайша қалыптасқан
мəдениеттің этнотаңбалық белгісі тілден тыс көріне алмайды.
Осыған орай тіл тек денотативті коммуникация құралы ғана емес,
сонымен бірге, коннотативті (белгілі бір əлеуметтік, мəдени,
танымдық мəні бар) құрал.
Осы арада этномəдени кеңістікті бағалауыштық коннотация-
лар арқылы экспрессивті бейнелеп, тілдің жанама номинациялық
құрылымына енетін фразеологиялық тіркестердің орны ерекше.
Себебі фразеологиялық тіркестердің құрамындағы мəдени мəнді
компоненттер мазмұнындағы ұлттық ерекшелік олардың ішкі
тілдік құрлысымен ғана емес, сол ФТ-де бейнеленген ұлттық
мəдениет деректерінің бірегейлігімен де сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |