Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.
Үйірлі баяндауыш:Тілек бұл сөзге онша таңғалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.
Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей бастады.
Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.
Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.
Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.
Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы – осы.
Баяндауыш болатын сөз таптары:Етістіктер:Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.
Сын есімдер: Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.
Достарыңызбен бөлісу: |