Зат есімдер:Бүгінгі жастар – бақытты жастар.
Сан есімдер:Төрт жерде төрт – он алты.
Есімдіктер: Мәдениет сарайы – анау.
Көмекші етістік пен еліктеу сөз:Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай бастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.
1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбел мен Көкдауыл – аулымыздың аруағы.
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – әр баланың міндеті.
3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.
4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек ету – басты парыз. Әр баланың міндеті – ата-анасын құрметтеу.
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш – тоғыз. Алты жерде алты – отыз алты.
6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынан ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытады. Көрмес – түйені де көрмес.
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді.
Қорытынды
Тұрлаулы мүшелер-сөйлем құрауға негіз болатын предикативтік бірлік. Тұрлаулы мүшелердің сөйлем құрауда атқаратын рөлі туралы ғалымдар арасындағы пікірталас бас мүшелерінің тығыз граматикалық байланысынан туындаса керек. Бастауыш-сөйлемдегі ұйымдастырушы бас мүшенің бірі, оған баяндаушы граматикалық тұлғасы жағынан тәуелді. Алайда баяндауыштың қолданылуындағы дербестік, сөйлемдегі ойды тиянақтау мүмкіндігі-баяндауыш мүшенің сөйлемдегі доминанттық рөлін айқындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
2. С. Аманжолов, Қазақ тілі грамматикасы, 1966 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |