Есімше тұлғалы етістік:Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.
Тұйық етістік:Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.
Одағай: Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.
Үстеу:Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.
Еліктеу сөз:Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.Баяндауыш құрылысына қарай дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.Дара баяндауыш бір сөзден жасалады: Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкені. Жолаушылар саны – отыздай.
Достарыңызбен бөлісу: |