Кілт сөздер: сөйлемнің тұрлаулы мұшелері, бастауыш, баяндауыш, бастауыш пен баяндауыштың байланысу жолдары.
Кіріспе
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болу керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.
Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Мысалы, Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің (ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.
Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді; 2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |