Қазақ тіліндегі есімшенің түрлері мен қызметі



бет8/8
Дата10.04.2023
өлшемі49,15 Kb.
#81196
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
13-семинарға

Ы.Маманов күрделі етістік деп көсемше формасы мен көмекші етістіктердің тіркесуінен болған күрделі сөздерді атайды. Олардың көсемше формасында тұрғандары лексикалық негізгі мағынаға ие болса, соңғы көмекші етістік сыңарлары грамматикалық мағына үстейтін элементтер ғана. Сонымен қатар күрделі сөздің құрамындағы көмекші етістіктер күрделі етістіктердің басқа грамматикалық формалармен түрленуінде конструктивті қызмет атқарады. Осылайша, Ы. Маманов күрделі етістіктердің төрт түрін көрсетеді:
кесімді күрделі етістіктер (алып кел, жеп қой, ішіп жібер, т.б. бұлардың негізгі мағынасы амалдың, істің кесімді түрде орындалатынын білдіруінде);
босаң күрделі етістіктер (ала келу, айта беру сияқты амалдың босаң орындалғанын білдіретін етістіктер);
бейімдік күрделі етістіктер (отыр, тұр, жүр, жатыр көмекші етістіктерімен тіркесу арқылы жасалған етістіктер);
қалау мәнді күрделі етістіктер (-ғы, -гі, -қы, -кі формасы мен кел етістігінің тіркесуі арқылы жасалған етістіктер). Ы.Маманов құранды күрделі етістіктерді бұл топқа қоспайды.
Ахмет Байтұрсынов: «Етістік – заттардың еткен-етпеген істерін көрсететін сөздер. Етістік болған-болмаған екі түрлі істі көрсеткендіктен екі түрге бөлінеді: 1) болымды; 2) болымсыз. Мұнан бөлек етістік тағы екі түрге бөлінеді: 1) есімше; 2) көсемше. Етістікте он түрлі етіс бар: сабақты, салт, ортақ, өздік, өзгелік, беделді, ырықсыз, шығыс, дүркінді, өсіңкі. 14 рай бар: тұйық, билік, ашық, шартты, ереуіл, реніш, қалау, сенімді, сенімсіз, мұң, көніс, қайрау, азалы, теріс рай»


*

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет