Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020
132
Ғалым А. Байтұрсынұлы ұсынған функционалды стиль мәтіндері
төртеу – ғылыми стиль мәтіндері, публицистикалық стиль мәтіндері, ресми
стиль мәтіндері, көркем әдебиет стиль мәтіндері [ 5, 12 б.].
Кейбір зерттеуші ғалымдар функционалды стильдердің құрамына
көркем әдебиет стилін қоспайды. Мәселен, «Развитие функциональных
стилей современного русского языка» (М., 1968) деген жинақта көркем
әдебиет тілі функционалдық стиль қатарында сөз етілмейді. В.Д. Левин,
В.П. Мурат секілді зерттеушілер көркем әдебиетті функционалды стиль
үлгісі деп танымайды. Ал көптеген ғалымдар (В.В. Виноградов,
Р.А.Будагов, Л.В. Щерба, А.И. Ефимов, Р.И. Гальперин, А.Н. Гвоздев.
В.Г.Адмони, Е.М. Галкина-Федорук, М.Н. Кожина т.б.) көркем әдебиет
үлгілерін өз алдына функционалды стиль түріне жатқызады.
Зерттеушілерден В.В.Виноградовтың классификациясы көңілге
қонымды. Ғалым тілдің қолданыстағы мақсатты бөлінісін күнделікті
тұрмыстағы сөйлеу стилі (ол қарым-қатынас жасау қызметін өтейді), іс
қағаздар, ресми құжаттар және ғылыми еңбектер стилі (ол хабарлау
қызметін
атқарады),
публицистикалық
стиль
және
көркем
беллитристикалық стиль (ол әсер ету қызметін өтейді) деп қарастырады.
Сонымен, көркем әдебиет стилі, публицистикалық және ғылыми
стильдер, ресми-іс қағаздары стильдері, ауызша сөйлеу стилі деген дәстүрлі
классификация шығады.
Профессор Б. Шалабай: «Қазіргі кезде стилистика ғылымында әдеби
тілдің бес функционалды стилі белгілі. Олар ғылыми, ресми,
публицистикалық, көркем әдебиет және ауызша сөйлеу стильдері. Олардың
өздері қатынас жасаудың нақтылы жағдай, міндеттеріне т.б. байланысты
тағы ұсақ түрлерге жіктеледі. Оның үстіне функционалды стиль араласып
та келе береді. Функционалды стильдердің әр түрінің элементтері қабаттаса
қолданылып, көп қабатты стильдік құбылыстар пайда болады. Бұл
жағдайда стильдердің өзара нәтижесінде және олардың өз ішінде бөлінісі
себепті жасалады. Сөйтіп, тілде функционалды стильдік және стильішілік
жіктеліс өте күрделі, сан тармақты болып келеді» – дейді [10, 73-74 б.].
Ғалымның пайымдауынан функционалды стильдердің тілдік ерекшеліктері
қабаттасып та, араласып та келетіні, өзара жіктеуі күрделі болатыны
айқындалады.
Жалпы алғанда, функционалды стильдің үш негізгі белгісін атап
көрсетуге болады. Олар: 1) қоғамдық өмірдің белгілі бір саласын
бейнелейді, олардың өзіндік қолданыс аясы, өз тақырыбы бар; 2) қарым-
Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020
133
қатынастың белгілі бір жағдайын көрсетеді – ресми, бейресми т.б; 3) өзіндік
ұстанған бағыты, тілінің негізгі мақсат-міндеті бар. Әрбір функционалды
стиль жалпы әдеби нормада пайдаланудағы өзіндік ерекшелігі бар түрлі
жанрдағы шығармаларды қосып алады.
«Қазақ тілінің орфографиялық анықтағышы» атты еңбекте
функционалды стильді мынадай жүйеде ұсынған: «Қоғамдағы әр түрлі
қарым-қатынасты жүзеге асырудың құралы ретінде қызмет ете келіп, тіл
белгілі салаға бейімделе түседі. Осы саладағы қарым-қатынас әдеби тілдің
бес түрлі стильдік тармақтары арқылы жүзеге асады. Олар: ғылым, білім,
оқу-ағарту саласы – ғылыми стил; құқықтық сала, заңнама – ресми стиль;
көркем өнер саласы – көркем әдебиет стилі; қоғамдық – саяси сала –
публицистикалық стиль; тұрмыстық қатынас саласы – сөйлеу тілі стилі»
екендігі көрсетілген [11, 5 б.].
Достарыңызбен бөлісу: