Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020
130
Ғалымдар арасында функционалды стиль ұғымы туралы екі түрлі
көзқарас бар: біріншісі, функционалды стильдер әдеби тілдің түрлері;
екіншісі, функционалды стильдер –
тілдесімдік құбылыс, яғни тілдесім
стильдері. Екінші көзқарас доминанттық көзқарас, сондықтан бұл пікір
басым көпшілік ізденістердің ғылыми негізі болып табылады.
А.Байтұрсынұлы функционалды стиль ұғымын
тілдік
және
тілдесім
деп
түсінген, ғалымның пайымдауынша функционалды стиль – «сөйлеудің» бір
түрі [ 5, 12 б.].
Жалпы алғанда, функционалды стильдің үш
негізгі белгісін атап
көрсетуге болады. Олар: 1) қоғамдық өмірдің белгілі бір саласын
бейнелейді, олардың өзіндік қолданыс аясы, өз тақырыбы бар; 2) қарым-
қатынастың белгілі бір жағдайын көрсетеді – ресми, бейресми т.б; 3) өзіндік
ұстанған бағыты, тілінің негізгі мақсат-міндеті бар [6, 93 б.].
«Тілдегі стильдердің дамып жіктелуі
белгілі бір жанрдың пайда
болуымен байланысты. Сондықтан әдеби тілдің стильдерін таптастыруда ең
алдымен жанрлық принципті негізге алу қажет» [7, 15 б.]. Ал жанрдың
пайда болуы, жазба әдеби тілдің даму қалпын көрсетеді. Жазба тілдің
жетіле түсуі ғылым мен техника, әдебиет пен өнер салаларының дамуына
байланысты. Ғылым мен мәдениет салаларының дамуы жаңа жанрлардың
пайда болуына ықпал жасайды. Ол жанрға сай тілімізде жаңа стиль
қалыптасады. Кейінгі жылдары қазақ тілінің тек грамматикалық құрылысы
жетіліп, лексикасы
молығып қана қоймайды, сонымен бірге қазақ әдеби
тілінің стильдер жүйесі, функционалды стильдері де дамып жатыр.
Зерттеушілер әдеби тілдің стильдік тарамдалуына жанр принципін
негіз етеді. Соған орай көркем әдебиет жанрына көркем әдебиет стилі, тағы
сол сияқты әр жанрға әр стиль сай келмек. Тілдің функционалдық стиль
дегеніміз, жоғарыда көрсетілгендей, әдебиеттің белгілі бір жанрына немесе
әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір саласына сәйкестендіріліп қалыптасқан
тұлға-тәсілдер жүйесі, семантикасы мен экспрессиясы жағынан біршама
тұйықталған (әр стильге қарай іріктелген) тілдік құралдар тобы.
Демек, тілдің функционалдық стильдері – ең алдымен оның әдебиет
жанрына қарай ажыратылған тарамдары.
Стиль туралы сөз қозғалғанда,
тілдің барлық элементтерін қамтуға тура келеді: «Стиль ойды білдіру
құралдарының жүйесі ретінде, тіл құрылымының барлық элементтерін:
дыбыстарды да, грамматикалық тұлғаларды да, сөз қазынасын да,
фразеологиялық тіркестерді де және осы салалардың композициялық-
синтаксистік жағынан құрылу тәсілдерін де қамтиды» [8, 230 б.].