Functional styles of Kazakh language
M.E. Kubesova
Suleyman Demirel University
2-nd year doctoral student
Almaty, Kazakhstan
192301001@stu.sdu.edu.kz
Abstract.
The article presents the definitions and results of scientific research regarding
the term
functional style
. A scientific literature review of the functional styles was conducted.
Classification, grouping, development of functional styles in Kazakh linguistics is described,
features are indicated and conclusions are drawn. Many issues of functional styles are studied,
stylistic features are taken into account. The language of the press before the October
Revolution, the language of the Soviet press, the language of the modern press, radio and
television, the spoken Kazakh language, the official language, and the scientific language are
considered. The studies of a group of scientists who have studied these functional styles of
language in detail are systematically presented.
Keywords:
stylistics, style, functional style, scientific style, official style, journalism
style, academic style, literary language.
Кіріспе
Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеулердің нысанына айналған
функционалды стильдердің зерттелуіне, жіктелуіне, топтастырылуына
ғылыми шолу жасалып, ерекшеліктері көрсетіліп, тұжырымдар жасалады.
Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020
128
Зерттеуде пайдаланылған негізгі әдістер:
сипаттама, жүйелеу, талдау,
жинақтау, жалпылау, салыстыру.
Негізгі бөлім
Функционалды стильдер – стилистика ғылымының негізгі
категориясы. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет ету
ерекшеліктерімен тікелей байланысты, шынайы қарым-қатынаста,
сөйлеуде, мәтінде көрінеді. В.В. Виноградов функционалды стиль
жөніндегі ой-пікірін былайша тұжырымдайды: «Стиль – бұл
жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің белгілі бір саласында қарым-қатынас
құралдарының сұрыпталып тіркесуі, қолдану тәсілдерінің қоғамдық
тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей
біріккен жиынтығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет
атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұрады» [ 1, 73 б.].
Функционалды стиль термині – орыс тіл білімі ғалымдарының
танымынан туындап, қалыптасқан ғылыми атау. Лингвистикада
функционалды стиль мәселелерімен айналысқан ғалымдар В. Виноградов,
Г. Винокур, Л. Щерба, Р. Будагов, М. Кожина «функционалды стильді –
тарихи және әлеуметтік категория» ретінде түсіндіреді. Функционалды
стиль тілдің әр түрлі қызметімен (функциясымен) тікелей байланыста
болатындығы атап көрсетіледі, сонымен қатар стиль тілдің қандай мақсатта,
кімге арнап жұмсалатындығына қатысты құбылыс болғандықтан, оның
қызметтік сипатының маңызы зор екені айқындалады. Зерттеушілер тілдің
қызметінің түрлерін былайша көрсетеді. А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша,
1) қарым-қатынас жасау қызметі (коммуникативтік), 2) ойлау құралы
ретіндегі қызметі, 3) адамзаттың әлеуметтік тарихи тәжірибесін меңгеру
құралы ретіндегі қызметі, 4) ұлттық мәдени саладағы қызметі, 5) таным
құралы қызметі деп бөледі; В.А.Аврорин тіл: 1) қатынас құралы
(коммуникативтік), 2) ойды білдіру (экспрессивтік), 3) ойды қалыптастыру
(конструктивтік), 4) тәжірибе мен білім жинау (аккумулятивтік)
қызметтерін атқарады деп есептейді. Ал В.В.Виноградов тілдің қызмет ету
сипатын қарым-қатынас қызметі, хабарлау қызметі, әсер ету қызметі деп
үшке бөледі. Тілдің әлеуметтік қызметіне функционалды стильдердің әсері
бар екені белгілі. Демек, функционалды стильдердің пайда болып,
қалыптасуына тілдің әлеуметтік қызмет өрісі, яғни экстралингвистикалық
факторлар тікелей ықпалын тигізеді. Қазақ тіл білімінде функционалды
стиль терминінің мәні мен маңызын айқындап, өзіндік ерекшеліктерін
|