Қазақ тіліндегі қос сөздің мағыналық және тұлғалық топтары (Ә.Қайдар) Қос сөздерге тән ең басты ерекшеліктерінің біріне – олардың тілдегі сөзжасам моделдері арқылы тосыннан, жаңадан пайда болған сөздердей емес, тіл байлығымыздың қорында бұрыннан бар, қолданыста жүрген, көне де байырғы сөздерді екі түрлі тәсілмен – қосарлау ( жұптау, қабаттау) не қайталау арқылы жасалып, қалыптасқан сөз тіркесін жатқызуға болады. Тағы бір ерекшелігі – қос сөздер қазақ тілінің табиғатына тән сөзжасам тәсілдерінің аналитикалық тәсіліне жататын, яғни қосарланған және қайталанған компоненттердің өзара бейтарап тұрып байланысуы арқылы жатады.
Қайталама қос сөздер мағынасына байланысты төрт топқа, тұлғасына байланысты бес топқа, ал қайталама қос сөздерді тұлғасына және соларға сәйкес қалыптасқан мағынасына байланысты екі негізгі топқа және тоғыз кіші топқа бөлуге болатынын Әбдуәли Қайдар атап өткен.
Қос сөздер қандай тәсілмен жасалмасын және олардың құрамдық бөлшегі болып саналатын сыңарлары қандай фоно-морфо-семантикалық өзгерістерге ұшырамасын, бәрібір, оларды біртұтас сөз статусына ие тұлғалық- мағыналық бірлік деп қаралады.
Қазақ тіліндегі қосарлама қос сөздердің мағыналық ерекшеліктерін 4 топқа бөліп қарауға болады.
1-Топ. Екі сыңарының мағынасы айқын, бірыңғай, бір саладағы ұғым-түсінікті,біртектес заттар мен құбылысты білдіретін қосарлама қос сөздер: жолдас-жора
ақыл-ес
мал-жан
қимыл-әрекет
қора-жай
сана-сезім
ас-су
жиын-той
ер-тұрман
Бұл топ қазақ тілінің қосарлама қос сөздер қорындағы ең көп және тақырыптық-мағыналық жағынан сан алуан бай тобының санатына жатады.
2-Топ. Екі сыңары бір-бірімен мағыналас (синонимдес) қос сөздер. Бұл топқа жататын қос сөздердің баршасы сыңарлары бір-бірімен мағынасы жақын, көп жағдайда бірінің орнынан бірі жұмсала беретін сөздер.
а) Екі сыңары бір-бірімен мағыналас және сол мағыналарында жеке-дара қолданылып жүрген дербес сөздерден тұратын синонимдес қосарлама қос сөздер тобы:
аман- есен
аман-сау
есен-сау
күш-қуат
күш-қайрат
амал-айла
құрбы-құрдас
ізет-құрмет
күдік-күмән
ә) Бір сыңардың (көбінесе екіншісінің) мағынасы күңгірттенген, бірақ бірінші сыңарымен синонимдес болып келетін қосарлама қос сөздер:
бала-шаға
өсек-аяң
сүйек-саяқ
жігіт-желең
әп-сәт
жеңіл-желпі
жөн-жосық
кәрі-құртаң
дәрі-дәрмек
б) Екі сыңарының да мағынасы айқын емес қосарлама қос сөздер:
анда-санда
елең- алаң
егжей-тегжей
азан-қазан
айран-асыр
алма-кезек
жапа-тармағай