3-Топ: Сыңарлары бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы (антонимдес) қос сөздер. Қазақ тіліндегі қосарлама қос сөздердің мағыналық топтарының үшінші түріне сыңарлары бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылатын қос сөздер жатады:
азды-көпті
артық-кем
аз –көп
алыс-беріс
ойлы-қырлы
аш-тоқ
ілгері-кейін
ыстық-суық
Қос сөз сыңарларының мағынасына байланысты – бірыңғай мағыналас, мағынасы жақын және қарама-қарсы мағыналас деп үш топқа бөлуге болады.
Қосарлама қос сөздердің тұлғалық топтары 1-ТОП: Екі сыңары бірдей –лы/-лі қосымшалы қосарлама қос сөздер: әкелі-балалы
ерсілі-қарсылы
апалы-сіңлілі
үлкенді-кішілі
алмалы-салмалы
күйлі-қуатты
балалы-шағалы
ағалы- інілі
ұшты-күйлі
2-ТОП: Екі сыңары –ы/-і, –сы/-сі тәуелдік жалғауын қабылдау арқылы жасалған қосарлама қос сөздер: үсті-басы
іші-сырты
беті-қолы
іші-тысы
іші-бауыры
3-ТОП: Екі сыңары да көсемше –ып/–ып/-п тұлғасын қабылдау арқылы жасалған қосарлама қос сөздер: өліп-өшіп
асып-тасып
сылап-сыйпап
билеп-төстеп
өліп-тіріліп
қатып-семіп
4-ТОП: Екі сыңары бірдей етістіктің бірінші жақ тұлғасы арқылы жасалған қосарлама қос сөздер: өлдім-талдым
бақтым-қақтым
жеттім-жетістім
жүрдім-бардым
жаздым-жаңылдым
күйдім-жандым
5-ТОП: Екі сыңары да болымсыз мағыналы –сыз/–сіз жұрнақты қосарлама қос сөздер: үнсіз-түнсіз
арсыз-ұятсыз
елсіз-жұртсыз
үйсіз-күйсіз
уайымсыз-қайғысыз