Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы



бет11/16
Дата14.10.2023
өлшемі211,66 Kb.
#114891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Үcтeyдiң cөз тaбы peтiндe бacты бeлгici – oның ceмaнтикaлық cипaты бoлып тaбылaды.Coғaн cәйкec cөйлeмдe бeлгiлi бip қызмeт aтқapaды, oл – пыcықтayыш жәнe eтicтiкпeн тipкeciп жұмcaлaды, aл мopфoлoгиялық жaғынaн түpлeнбeйдi. Oл қимыл, ic-әpeкeттi әp түpлi мeкeндiк, мөлшepлiк cындық cипaттapы мeн мaқcaт, ceбeптepiн бiлдipeдi. Ocындaй мaғынaлық epeкшeлiктepiнe бaйлaныcты, oлap мынa ceмaнтикaлық тoптapғa бөлiнeдi: мeзгiл үcтeyлepi, мeкeн үcтeyлepi, мөлшep үcтeyлepi, cын-қимыл (бeйнe) үcтeyлepi, күшeйтпeлi үcтeyлepi, мaқcaт үcтeyлepi, ceбeп-caлдap жәнe тoптay үcтeyлepi.

Мезгіл үстеуі. Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл үстеулері қимыл, іс-әрекеттің жүзеге асу уақытын, мезгіл, мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері мыналар: бүгін, биыл, қазір, ала жаздай, енді, ертең, таңертең, кешке, күндіз, қыстыгүні, әуел-баста, қыстай, жаздай, кеш, әлі т.б. Енді бұлардың бар күшін салып жатқаны... (Мүсірепов). Әлі де желісі үзілмей, ой соңында келе жатқан (Әуезов) тәрізді сөйлемдердегі енді, әлі қимылдың мезгілін біддіріп тұрған үстеулер. Мезгіл үстеулері құрамына қарай негізгі, туынды түбір және күрделі түбір болып бөлінеді. Негізгі түбір үстеулер морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сөздерден тұрады. Олар: қазір, бұрын, ерте, жаңа, кеш, енді, кеше т.б. Туынды түбір үстеулер басқа сөз таптарынан сөз тудыратын жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.

Мезгіл үстеулердің жасалу жолдары:

  • 1. -ша/ -ше/: бүгінше, биылша, әзірше. Мысалы: Биылша біз бұл құрылысты тоқтата тұруды жөн көрдік (“Ана тілі” газ.) Уақыт қана емдейтін, ұзап барып айығатын әзірше үзілмес шер (Әуезов).
  • 2. Көлемдік (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мезгіл үстеулер: әуел баста, жазда, қыста, баяғыда, күнде, түнде, басында, лезде, ілуде, бағанадан, бүгіннен, түннен, бұрыннан, баяғыдан, әуелден, ертемен, таңертеңмен
  • 3. Күрделі түбір мезгіл үстеулері бірнеше сөздердің бірігіп, қосарланып, тіркесіп тұрақтануы арқылы жасалады. Олар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, қыстыгүні, жазғытұрым, кешқұрым, әуел баста, бүгін-ертең, енді-енді, апақсапақта, бұрын-соңды, ала жаздай, күні-бүгін, таң сәріде, жаз бойы. Мезгіл үстеулері қимылдың мезгілін білдіріп, етістікпен тіркесіп, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемнің мезгіл пысықтауышы қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет