Жоспар Үстеу туралы жалпы түсінік Қазақ тіліндегі үстеу.Үстеу туралы пікірлер Үстеудің негізгі морфологиялық ерекшеліктері Үстеудің түрлері және жасалу жолдары
Кіріспе
Сөз таптары-сөздердің құрылымдық семантикалық немесе лексика грамматикалық топтары.Сөз таптары бір-бірінен білдіретін мағыналары,морфологиялық белгілері,сөзжасамдық және сөз өзгерімдік қасиеттері мен синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады.Сөз таптарының өзіндік ерекшеліктері,ортақ белгілері,өзара байланыстары мен даму жүйесі бар.Тілдегі осындай сөз таптарының бірі-үстеу.
Үстеу сөздер дербес сөз табы ретіндегі өзге грамматикалық категориялардан кейін қалыптасты.Соған орай,кейінгі жылдары үстеу сөз табына байланысты көптеген зерттеулер мен оқулықтар,ғылыми еңбектер дүниеге келді.Бұл бағытта әсіресе Л.Н.Харитонов,З.З.Абсалямов, С.А.Давлетова,С.В.Фузайлов, А.Ысқақов,А.Шукюров, О.Джамильдинов,Е.Б.Саурықов,Ә.О.Ыбырайым сияқты ғалымдарды атауға болады.
Үстеу-латын тілінен алынған «adverbium» (ad-жақындық мағынасы бар префикс+вербум «сөз,етістік» ) және сөзбе сөз «етістік» дегенді білдіреді (ескі қазақ тілінен аударғанда «сөз» және «етістік» - «сөйлеу» мағынасындағы етістік,сондай-ақ алғашқы қазақ грамматикаларында «етістік» мағынасында сөйлеу термині қолданылады). Бұл термин әдетте сөздік позицияны алатын сөздердің белгілі бір тобының тәуелді сипатын көрсетеді.
Үстеулер түркі тіл білімінде ең күрделі,ең даулы сөз таптарының бірі.Үстеулер жайлы оның тарихы,лексика-грамматикалық ерекшеліктері жайында талай-талай ғылыми еңбектер жазылады. Соған қарамастан қазіргі тіл тұрғысынан қарағанда үстеу сөздердің әлі де айтылмай келе жатқан мәселелері жеткілікті екені анық.Қазақ тіліндегі үстеулердің зерттеулер тарихы өткен ғасырдағы грамматикалармен тығыз байланысты.Мәселен,И.Гигановтың Грамматика татарского языка атты еңбегі 1801 жылы,М.А.Қазем-Бектің Общая грамматика турецкого-татарского языка (1846),Грамматика алтайского языка (1864) атты еңбектері, Г.М.Мелиоранскийдің Краткая грамматика казах-киргизского языка деген зерртеуі (1894,1897) және тағы басқа еңбетер жарық көрді.