«Қазақ тіліне үйретуде деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі»



бет1/5
Дата22.09.2022
өлшемі60,79 Kb.
#39836
  1   2   3   4   5
Байланысты:
bayandama


Ақмола облысы, Ақкөл ауданы
«П. Исаков атындағы № 1 Ақкөл орта мектебі» ММ

«Қазақ тіліне үйретуде деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі»
Аудандық тамыз кеңесі

Баяндамашы: Клышева Асем Толеуовна

Ақкөл-2017ж.
«Қазақстанның орта мектептеріндегі оқыту әлі де тиісті дәрежеде тиімді болмай отыр. TIMSS және PISA зерттеулері нәтижесінде алынған деректер Қазақстандағы жалпы орта білім беру жүйесінің теориялық білім беру, оқушылардың ақпаратты есте сақтау, табу және зерделей білуін қамтамасыз ету деңгейінде жеткілікті дәрежеде тиімді екенін көрсетті. Дегенмен, бұл жүйе оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын игеру және қолдану мүмкіндіктерін, мәселен, математикалық білімін тәжірибеде қолдану және математикалық ойлауын дамыту немесе оқылым барысында мәтінді талдау және бағалау сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін салыстырмалы түрде әлсіз болып табылады. Орта мектепке арналған оқу бағдарламасының ғылыми сипаты басым және тым ауқымды болуы тиімді оқытудағы негізгі кедергі болып табылады». (М.Милованович, 2014)
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Жаңа технология түрлерін қазақ тілі пәнінің сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру көзделетін төмендегідей құндылықтар мен дағдылар анықталған



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет