«Қазақ тіліне үйретуде деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі»



бет3/5
Дата22.09.2022
өлшемі60,79 Kb.
#39836
1   2   3   4   5
Оқушыларды уәждеуБұл ретте оқытудағы негізгі мәселе мұғалімдер оқушылардың уәжін, атап айтқанда,
ішкі уәжін қалай арттыра алатындығында болып отыр. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенін мойындап, оны мадақтау арқылы сыртқы уәжді қолданады, айталық, бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған жұмысы үшін оқушыларды мақтай алады, ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол жұмысты жақсартқанның өзінде, мұндай оқушыны мақтамайды. Дегенмен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәжді қолдану ішкі уәжді бәсеңдетуі ықтимал.
Саралап оқыту әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі,
оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.
Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3.Берілген білімді пысықтау.
4.Оқушының білімін тексеру, бақылау.
5.Шығармашылық қабілетін арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында..Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Дүние жүзі педагог – ғалымдарының пікірінше, нәтижені оқытудың педагогикалық технологиясы береді. «Қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде құру – педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа болашағы мол бағыты болып отыр», — дейді педагогика ғылымдарының докторы Ж. Қараев [1].
Бүгінгі күні жаңа технология бойынша оқытудың келесі түрлері белгілі: проблемалап оқыту (М.И. Махмутов т.б.), бағдарламаланған оқыту
Ю.А.Самарин, В.П.Беспалько, Т.А.Ильина т.б.), саралап, жекелеп оқыту (Кобдикова т.б.), дамыта оқыту (Ю. Б.Эльконин, Н.Д.Хмель, Т.С.Cабиров, А.А. Бейсембаева, Р.М. Қоянбаев), ұжымдық оқыту( В.К: Дьяченко т.б.), деңгейлеп оқыту (Караев Ж.), дистанциялық оқыту(Г.К.Нұрғалиева, Д.М.Жүсібалиева), модульдік оқыту( К. Жақсылықова). Қандай технология болмасын, оны оқытушы сабақтың жоспары арқылы іске асырады. Ал бүгінгі күні жоспарлау мәселесі әлі шешімін таппай отыр. Сондықтан технологиялық карта әмбебап жоспар, оны барлық пәндерге бейімдеп қолдануға болады.
Осы уақытқа дейін оқытушы қалыптасқан бірыңғай жоспарлауды қолданып келді. Ал жаңа технологиялар қазіргі заман талабына сай жүйелі тұрғыдан оқытуда мұғалімнің рөлін өзгертті. Оқытушы дайын білімді жоспарлап, жеткізуші рөлінен студенттерді білім алуға ұйымдастырушы, кеңесші қызметіне ауысты.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену; ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру; IV кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
«Мұғалім нені білу керек?»
Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.
«Не істей алу керек ?»
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
Әр сабақты жоспарлау.
Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
Оқу модулын құрастыру.
Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет