«Қазақ тіліне үйретуде деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі»


Құндылықтар Дағдылар



бет2/5
Дата22.09.2022
өлшемі60,79 Kb.
#39836
1   2   3   4   5
Байланысты:
bayandama

Құндылықтар

Дағдылар

• шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау;
• қарым-қатынас жасау қабілеті;
• өзгелердің мәдениетіне және
көзқарастарына құрметпен қарау;
• жауапкершілік;
• денсаулық, достық және айналадағыларға
қамқорлық көрсету;
• өмір бойы оқуға дайын болу



сын тұрғысынан ойлау;
• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
• проблемаларды шешу қабілеті;
• ғылыми-зерттеу дағдылары;
• қарым-қатынас дағдылары (тілдік
дағдыларды қоса алғанда);
• жеке және топпен жұмыс істей алу
қабілеті;
• АКТ саласындағы дағдылар



«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың шығармашылық және зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.


«Қазақ тілі» пәні. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәртебесіндегі өзара қарым-қатынас құралы.
Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын әрбір жеке тұлға өмірінде бірегей қызмет атқарады.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тілдік сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және оқушының ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Сонымен қатар, оқушыларға түсіну мен жауап беруді, тілдесім мен аудиобейне материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіруді үйретеді. Көркем мәтін және жай мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды жасау, синтез, анализ жасау дағдыларын меңгертеді.
Пән бойынша оқу мақсаттары мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді:
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым.
2-бөлім. Оқылым.
3-бөлім. Жазылым.
4-бөлім. Әдеби тіл нормалары.
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі мына дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- мәтіннен ақпаратты анықтау;
- негізгі ойды анықтау;
- тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
«Оқылым» бөлімі оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- ақпаратты түсіну;
- мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
- әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
«Жазылым» бөлімі төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- жоспар құру;
- әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
- жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
- оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
- мәтіндерді түзету және редакциялау.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- орфографиялық норма;
- орфоэпиялық норма;
- лексикалық норма;
- грамматикалық норма;
- пунктуациялық норма («Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы)
5-сынып 5.О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау. 6-сынып 6.О1. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру 7-сынып 7.О1. Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер)ақпаратты интерпретациялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет