Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл–ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Сабақ барысында топтағы барлық оқушылардың білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы–оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады.
Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Оқытушы білімі төмендерге көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы ирформатика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы
Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы
Оқушы белсенділігінің оянуы
Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі
Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы
Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі
Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі
Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы
Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды сатысы бойынша оқушының информатика сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды.
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
«Саралау қолданылатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әр түрлі оқитынын түсінеді және бір бірінің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалауды үйренеді»
Leppien «Difference» – латын тілінен аударғанда бүтінді түрлі формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп бөлу, саралау дегенді білдіреді.
Оқытуды саралау дегеніміз - оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психолого-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.
Ал, саралап оқыту дегеніміз:
- оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиеттері ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру нысаны;
- әртүрлі оқушылар тобы үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз ететін дидактика жүйесінің бір бөлігі.
Саралап оқыту бірнеше мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
Әлеуметтік тұрғыдан:
- қоғамның шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған;
- қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін ұмтылу.
• Деңгейлеп оқыту технологиясының басты артықшылығы:
• – әрбір оқушының даму деңгейіне сай оқу материалын меңгеруін қамтамасыз
ететіндігі болып табылады;
• – деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға
қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде
оқушылардың даму ерекшеліктерін қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау, т.б.
ескеру керек;
• – мұғалім әрбір топ үшін талаптардың ара жігі айқындалған нақты жүйелерін
құрып ұсынып отыруы тиіс. Оқушылар біліміндегі ақаулықтарды жоюға
Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын
анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.