а) елік, емен
ә) елу, жетеу
б) бүгін, ертең
8.Заттың қимылын білдіретін сөз табы : а) етістік
ә) сан есім
б) сын есім
9.Етістіктің сұрақтары: а) кім? не?
ә) қандай?
Б) не істеді? не қылды?
10.Қимылды білдіретін сөзді көрсет : а) оқыды
ә) гүл
б) жасыл
Павлодар қаласының №37 жалпы
орта білім беру мектебінің
Ә.М.Абдрахманованың « Қазақ тілінен
2-сыныпқа арналған жұмыс дәптеріне»
ПІКІР
Ә.М.Абдрахманованың ұсынып отырған «Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған жұмыс дәптері» атты әдістемелік құралы қазақ тілінен қосымша оқушылармен жеке жұмыс жасауға негізделген.
Мұғалім бұл құралды жасауда бастауыш сынып оқушыларын ана тілін оқытудың тиімді тәсілі-оларға тартымды, қызықты ойындар,тапсырмалар, ойын-жаттығулар беруді негізге алған.Оқушылармен жеке жұмыс жасауда грамматикалық ережелерді оқып-жаттап қана қоймай, қызықты тапсырмалар арқылы қазақ тілінен білім-білікті қалыптастыру, бекіту үшін дәптердің маңызы зор. Берілген жаттығулар, тапсырмалар баланың қызығып өз бетінше орындай алуына негізделіп құрылған.Тапсырмалар жүйесі деңгейлеріне лайықты жасалған.Оқушылардың тілдерін дамыту, сауатты жазу,сауатты сөйлеуге үйретеді.
Құрал әр оқушының өздігінен жұмыс істеуде қолданылады.