8-сынып
Қазақ тілінен бастапқы бақылау диктанты
Мақсаты:
1.ҮІІ сыныпта теориялық ұғымдарын тәжірибеде қолданылуын талдау, тапсырмалар арқылы білім- біліктерін бақылау.
2. Тыңдаған мәтннің ерекшелігін аңгарып, орфогрфиялық пунктуациялық, стильдік жазу машығын байқау.
Диктант
Кедей ауылы
Аршалының қалың құзының қақ ортасында отырған бір ауылға кез бола кеттік. Тау елін көргенім де осы еді, көзіме бір түрлі жат көрінді. Бас-аяғы екі-үш қора екен, үшеуі үш төбешіктің басында, бұзылған мола сықылданып тұр. Малдары қалай күн көретінін білмеймін, қора маңында
бір шашақтан артық шөп көрінбейді. Оның өзіңе де мал тісі тиген тәрізді емес, төңірегін талмен қоршап, төбесін таспен бастырып тастапты.
Не де болса, осы ауылдан ат шалдырып аттануға көңіліміз кетті. Ортада тұрған тас қораға қарай ойыстық. Жолдағы үйге-ақ түсе салайық деп едім, жолдасым болмады. Келген үйіміздің есік алдында қара кер ат байлаулы тұр. Тер қатып, қиналған мал тәрізді. Төрт аяғын бауырына алып бүріскен, қырып алар қызыл жоқ Қасына біз де атымызды байлап, қораға ендік. Есік іздеп жүргенде, бір тулаққа қолымыз тиді. Тартып қалсақ, талақпен қаптаған үйдің есігіекен, сәлем беріп кіріп келдік. / 131/
(Ғ. Мұстафин)
Грамматикалық тапсырмалар:
І.а) Үйдің іші таң.... деп басталатын сөйлемді сөз құрамына талдау жаса.
ә) Морфологиялық талдау жаса. (қолымыз)
ІІ а) Малдары қалай күн көретінін ... деп басталатын сөйлемді сөйлем
мүшелеріне -талда.
ә) Бірінші сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
8- сынып
Қазақ тілі пәнінен І тоқсандық бақылау диктанты
Мақсаты:
Тыңдаған мәтіннің ерекшелігін аңғарып, орфографиялық және пунктуациялық ережелерге сай сауатты жазу машықтарын байқау.
Жай сөйлемдерден алған білімдерін талдау тапсырмалар арқылы тексеру.
Диктант
Қарлығаш би
Алдынан Шайхан Тәуір көрінді. Шайхан Тәуір тасасынан күмбезі істіктеу, биіктігі он бес - он алты метрдей мазар асқақтайды. Ол әйгілі Төле бидің күмбезі екенін Рысқұлов біледі. Өзінің арғы бабасы екенін де біледі. Баяғы Тәуке ханның тұсында қазақтың үш жүзінің басын қосып, берекелі, бәтуалы ел болуына аянбай қызмет еткен аса ірі қайраткер екеің де біледі. Жоңғар сияқты жауға қарсы тұрарға қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақтарды біріктіруді, бір ел етуді Төле би Рысқұловтан екі жүз жыл бұрын армандаған, әрекет қылған... Ташкентте он екі жыл билік құрып, ақырғы талқаны тоқсан үш жасында таусылып, осы Шайхан Тәуірге қойылып еді ғой.
Рысқұлов Төле бидің күмбезін сонау он бесінші жылы Ташкентке оқу іздеп әдейі барып көріп еді. Күмбездің маңдайшасындағы арабша «Қарлығаш би» дегенді оқып, таң қалған. Сөйтсе, Төле биді мұндағы ел «Қарлығаш би»деп атайды екен. Демек, онда Қарлығаш құстың қасиеті болғаны да. Өрт шалған халқына қарлығаш сияқты қанатымен су себелеп, шырылдап өткен бір сабаз. (146 сөз)
( Ш. Мұртаза. )
Достарыңызбен бөлісу: |