Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы


Менің қиялымдағы Қазақстан – 2050



бет18/35
Дата09.06.2023
өлшемі127,45 Kb.
#99941
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
2 5460798703499489474

Менің қиялымдағы Қазақстан – 2050
Жоспар:
І Кіріспе
Елбасы Жолдауы- болашақтың жарқын жоспары
ІІ Негізгі бөлім
1. Көз алдымда бақытты елім
2. Білімді ұрпағы мерейін тасытқан
ІІІ Қорытынды
«Гүлің болып егілемін, елім »

Қарсы алған уақытты


Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранындағы әр сөз ерекше қуат сыйлайтындай. Әсіресе, ешкімге бағынбайтын уақыт деген асаудың өзін мәңгілік досындай қарсы алу кез келген халықтың қолынан келе бермес. Сондықтан да мен қазақ болып туғанымды мақтаныш етемін. Көреген Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын оқып шыққан соң, нақты мерзімге жасалған әлемдік қауымдастық бағдарынан мәлімет алдым. Шынында да, жаһандық дағдарыстар мен әлемдегі өзгерістерден үрейленбеуге негіз бар екен. Себебі оларға дайынбыз. Енді орнықты дамуды жалғастыру үшін 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың, жалпыға ортақ еңбек негізінде берекелі қоғам құру керектігін түсіндім. Алдымызда тұрған 37 жылда атқарылар қыруар міндеттер толығымен орындалса, менің қиялымдағы Қазақстан да әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болады. Сонда әрбір қазақстандық «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алатын болады. Еліміз әлемдік азық- түлік нарығының көшбасшысы болады. Менің көз алдыма қазір-ақ отар-отар қойын, үйір-үйір жылқысын, табын-табын сиырын жаңа технологиямен бағып отырған және қазақылығымен ерекшеленіп отырған көркем де тым заманауи ауқатты еңбек иелері елестейді. Олардың балалары ауылдық жерде отырып –ақ үш тілде еркін сөйлеп, «Болашақ» бағдарламасымен ең таңдаулы оқу орындарына түсе аларлықтай білімді. Қалалар сәулетімен ғана тамсандырмай, дәулеттілері мен қайырымдылары әр адамның жанына үңіліп, рухани байлықты бәрінен де жоғары қоятын тұрғындарымен дүние жүзін таңғалдырады. Менің қиялымдағы Қазақ Мемлекеті - халқының саны ғана емес, сапасы да түрлі халықаралық стандарттардан асып түсетін сауаттылығы жоғары ел. Оның әрбір ұлы мен қызы үлкенді сыйлай білетін және ата-ананы қастерлей алатын, өзінің салты мен дәстүрін берік ұстанады. Әсіресе, қазақ тілінде сөйлейтіндер саны артып, осы бір бейнелі де көркем тілдің халықаралық дәрежеде қолданысқа ие болғанын да елестетемін. Мұхтар Шахановтың «Қайыршысы жоқ ел- ең мықты ел» деген сөздерінде айтылғандай, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен күнкөрісі ешбір елмен теңестіруге келместей артатынына да сенемін. «Махамбеттің монологі» арқылы білетініміздей, батыр ақынның «Мен сенемін күні ертең пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем» деген арманы да келешекке үлкен міндет артып тұр. Біздің қазіргі арманымыз да қоғамымыздағы жемқорлық, сыбайластық, рушылдық сияқты пенделік әдеттерден әбден тазаруымыз болып отыр. Ендеше, менің елімнің де сондай қара қылды қақ жарар билері мен шешендерінің қайта туылып, тарих сахнасына шығарына сенімім мол. Қазақ топырағында туылған кез келген сәби мемлекет қамқорлығына алынып, осы менің қиялымды шынайы өмірінде көре аларына күмәнім жоқ. Елбасымыз жаңа буынға үлкен сенім артып отыр. Әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер, Назарбаев университеті – соның нақты айғағы. Келешекте Астана Экономикалық форумында қабылданған G-Global диалогі арқылы бақытты сәбилеріміздің жарқын күлкілері, жастарымыздың оқу, өнер, спорттағы жетістіктері бүкіл әлемді тамсандыратынына үмітім мол. Себебі аталған жолдау бізге ғана емес, кейінгі толқынға да бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейтінін сеземін. Сол сияқты қыздар тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігі айтылған. Шынында да, бұл да – қазіргі күндегі өзекті мәселе. Өзім де қыз бала ретінде келешекте халқымның асыл мұрасын ұрпағыма беруім керек екенін толық түсінемін. Болашақ ана, болашақ жар, шаңырақтың шырақшыларына елбасымыз артып отырған ауыр әрі абыройлы атқа лайықты болуды әрбіріміз армандауымыз қажет. Сонда ғана өзімізді өз жеріміздің қожайыны сезіне отырып, сырт елден гөрі өз елімізде өмір сүруді артық санайтын нағыз отансүйгіштерді тәрбиелей аламыз. Менің қиялымдағы Қазақстан да елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналып, қай кезеңді де қайқая қарсы алатын жан -жақты дамыған азаматтары мен берекелі әрі мерекелі елі бар, халқы әділ де қауіпсіз әлем орнатуға бар күшін аямайтын, нағыз отансүйгіштер тұратын ұлы мемлекетке айналады. Менің қиялым ғана емес, елбасымыз нұсқаған даңғыл жол да бізді сондай жарық әрі шаттыққа толы болашаққа бастап бара жатыр. Осы сенім маған күн сайын жігер сыйлап, әнұранымыз шырқалып, көк туымыз көкке көтерілген әрбір сәтте:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін!
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің, Қазақстаным!-
деп бар даусыммен әлемге жар салғым келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет