Қазақ тілінің дыбыс жүйесі пәні және оның зерттеу нысаны Пәні: қазақ тілінің дыбыстық және сөз жүйесі


 Зерттеу және сипаттау мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы, эксперименттік, физиологиялық, фонология немесефункционалдық болып бірнеше салаға бөлінеді



бет3/7
Дата09.05.2022
өлшемі3,06 Mb.
#33612
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-дәріс Бектуган Аружан

3. Зерттеу және сипаттау мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы, эксперименттік, физиологиялық, фонология немесефункционалдық болып бірнеше салаға бөлінеді.

  • 3. Зерттеу және сипаттау мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы, эксперименттік, физиологиялық, фонология немесефункционалдық болып бірнеше салаға бөлінеді.
  • Сипаттамалы (синхрониялық немесе статистикалық деп те аталады) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табылады. Бастауыш, орталау, орта және жоғарғы оқу орындарында оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады. Сипаттамалы фонетиканың негізгі тұжырымдары академик I.Кеңесбаевтың 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында баяндалған. Сипаттамалы фонетиканың зерттеулеріндегі жетістіктер І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, К.Бейсенбаева, З.Базарбаева, т.б. ғалымдардың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.   
  • Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) – тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, дамуы, дыбыстық жүйедегі өзгерістер, буын, екпін, үндесу заңдылықтары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары негізінде айқындалады.
  • Бүгін қазақ тілінің тарихи фонетикасы түркі тілдері тарихи фонетикасының бір саласы ретінде қалыптасу үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет