Қазақ тілінің орфоэпиясы туралы


Графика, әріп, әліпби және орфография



бет2/2
Дата17.10.2022
өлшемі35,03 Kb.
#43639
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
Қазақ тілінің орфоэпиясы

Графика, әріп, әліпби және орфография.
Жазу мен әліпби мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты болады. Алдымен әр тілдің
дыбыс қорын анықтап, содан кейін әр дыбысты әріптермен таңбалау қажет. Жазбаша тілді
ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады. Тіл білімінде әріптерді және олардың тіл
дыбыстарына қатысымын графика (грек. Grahike- жазылған, өрнектелген,
зерттейді. Ал жазу заңдылықтары мен ережелерін орфография (грек. Orthos-дұрыс, графика-жазу, сызу) қарастырады. Демек, алфавит, орфография, графика тіл білімінде жазу
мәселесіне тікелей қатысы бар, бірін-бірі толықтырып тұрған ғылыми атаулар деп
білеміз. Жазу барысында әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, сол тілдің
графикалық жүйесі де соғұрлым дамығандығын көрсетеді. Сондықтан тіл білімінде жеке әріп пен дыбыстың (фонеманың) бір-біріне жақын, сай болуы ерекше маңызға ие болады. Қазақ жазуы тарихында араб, латын, орыс (кириллица) графикалық жүйесі бірінен соң екіншісі қолданылып келеді. Шындығында, қазақ жазуының алғашқы бастауы, басқа түркі тілдері сияқты түркі жазба ескерткіштерінде жатыр деуге болады.
Түркі әліпбиінде 34 әріп болса, оның 33 әрпін ата-бабамыз ғасырлар бойы қолданып
келген. Әліпбидің негізгі сүйегін 28 таңбалы Құран әрпі құраса, оған парсылар 4 таңба (пе, ше, жа, ге ) түркі оқымыстылары 1 таңба (ң) және ауғандар 1 таңба қосқан екен.
Қазақ жазуы мен әліпбиі тарихында А.Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілінің
дыбыс жүйесіне бейімдеп жасаған әлем тіл білімінде өзінің жетістіктерімен ерекшеленетін
сингармоалфавиті мен сингармоорфографиясының маңызы зор болды. Себебі қазіргі
жазуымыздың өзі А.Байтұрсынов еңбектеріндегі жазу теориясымен сабақтасып жатыр.
А.Байтұрсыновтың араб графикасына негізделген (төте жазу) еңбегі 1912 жылдардан бастап белгілі болып, 1914, 1925, 1926 жылдары әр түрлі басылымдарда елге танылды. Қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріптің қызметін А.Байтұрсынов жасаған әліпбиде 16 әріп пен дәйекші атқарған еді. Қазақ тілінің табиғатына сай келтіру мақсатында араб графикасына өзгерісенгізген, ғалым 24 әріптің ішінен араб жазуынан 16 таңбаны дайын күйінде алған да, 8 таңбаны өзі қосқан. Араб жазуынан алынған екі әріптің таңбасы А.Байтұрсынұлы әліппесінде басқа әріптерді таңбалайды.
А.Байтұрсынов жасаған алфавиттің әлеуметтік лингвистикалық жетістігі қандай десек,
төмендегі мәселелерді атап көрсету қажеттігі туындайды: - Ғалым қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар, оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты дыбыстар екенін айтып: «бұл дыбыстардың ішінде «қ» һәм «ғ» ылғи жуан айтылады, «к», «г» һәм «е» ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, … онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын «қ» мен «ғ» –ны қосқанда, дайым жіңішке айтылатын «к», «г», «е» - лерді қосқанда, бәріне 43 белгі керек»,- дейді. А.Байтұрсынов қазақтың сингармонииялық сөйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым процесінде толық қамту үшін осы 43 түрлі дыбысты дәйекшіні қосқанда 25 белгімен жазу техникасын ойлап тапқан; Қазақ жазуы тарихында 1924 жылы 12-14 маусым аралығында Орынбор қаласында өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезінің маңызы зор болды. Осы құрылтайда қазақ жазу емлесін бір ізге түсіру мәселесі жөнінде Елдос Омаров арнайы баяндама жасаған еді . Осы
сьезде құрылған комиссия жазу емлесін айтпастан бұрын «...Әуелі қазақша дыбыстар қандай екенін, оған лайық таңбалардың нендей болуын ашып алу керек» деген тоқтамға келіп, қазақ тіліндегі «24 дыбыс былай жіктелсін: 1) дауысты (а, о, ұ, ы, е ); 2) жарты дауысты (и, у, л ); 3) ұяң (м, н, ң ); 4) ымырасыз (д, г, ғ ); 5) ымыралы (ж, з ); 6) қатаң (б, п, т, с, ш, қ, к ). Бұл әріптердің әліпби реті былай болады: а, б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м,н, ұ, о, у, е, ы, и »,- деп қаулы қабылданған екен. Қазақ әліпбиі мен жазуы жоғары жақтың шешімі бойынша 1929 жылғы 25 маусымда жаңа орфографияға көшіріліп, бұрынғы араб графикасының орнына латын әріптерін қабылдады. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде 9 дауысты, 2 жарты дауысты, 18 дауыссыз дыбысты таңбалайтын 29 әріп болды. Алғашқы кезде бас әріптер болған жоқ еді, сондықтан 1930 жылғы 11 маусымдағы жоғары жақтың шешімі бойынша әліпбиге бас әріптер енгізілді. Латын графикасын қабылдаған қазақтың жаңа жазуы фонетикалық басшылыққа алды. Жаңа жазу заңдылығы 30 параграф және 12 ескертпеден тұрса, оның 18 бөлімі орыс тілінен енген сөздерге, терминдерге, қалған 12 бөлімі қазақ сөздерін жазуға қатысты болды. Фонетикалық принципті басшылыққа алған сол кездегі жазу емлесінің кемшілігі жеке сөздерді, әсіресе, орыс тілінен енген сөздерді бірнеше вариантта құбылтып жазуға жол берді. Осы кемшілікті көрсете келіп, Қ.Жұбанов бір ғана «коммунист» сөзі 16 түрлі жазылып жүргенін сынады. Латын графикасына негізделген жазуды жетілдіружұмыстарына Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов т.б. ғалымдар араласты.Қ.Жұбанов тіліміздің фонологиялық ерекшеліктерін дөп басып тани білген ғалым қазақ тілі дыбыстарын буын құрамында қарастырып, дауыстылардың таңбасы “буынның жуан-жіңішкелігін білдіретін қарақшы” деген дәлелді пікір айтады. Кезінде ұу, үу, ый, ій - қосынды дыбыстар екендігін көрсете отырып, оларды жазуда жалаң у, и әріптерімен таңбалау туралы айтқан ұсынысы жазу сауаттылығын жақсарту бағытындағы сол алғашқы ізденіс кезеңі үшін маңызы болғанын жоққа шығара алмаймыз. Себебі, латын графикасына негізделген алғашқы дауысты дыбыстар қазақ әліпбиінде 13 әріп (17 таңба) арқылы белгіленген болса, ғалым енді оны қазақ тілінің ішкі мүмкіншілігін ескере отырып, 7 әріппен таңбалауға болатындығын көрсетеді. Латын графикасын қабылдауда кеткен кемшіліктер меньолқылықтарды түзеу жөніндегі жұмыстарға Қ.Жұбанов белсене ат салысты. Басқа тілден енген сөздерді дұрыс жазу үшін олардың дыбысталу қалпын бұзбау қажет, яғни алфавитке сол тілдің дыбысын дәл жеткізе алатын таңба болуы керектігін айтып, халықаралық мәні бар сөздерді дұрыс таңбалау мақсатында қазақ әліпбиіне ф, х, һ әріптерін енгізу туралы да ұсыныс жасайды.
Қазақ әліпбиінің орыс графикасына негізделген жаңа жобасын ғалым С.А.Аманжолов жасаған еді. Оның авторлығымен 1940 жылы латын графикасымен жазылған емле ережелері де жарық көрді. Бұл алфавитте 41 әріп, яғни орыс әліпбиінен 32 әріп және қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін танытатын 9 әріп, болды. Әліпбидегі әріптер орналасу тәртібі бойынша алдыңғы жағында орыс тіліне тән әріптер, ал соңғы жағында қазақ тіліне тән әріптер орналасты. 1951 жылы ұ дыбысының бұрынғы таңбасы (ỹ) сәл өзгертіліп, қазіргі күйінде жазылатын болды. Сондай-ақ, әліппеге ё дыбысы енгізілді. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің орналасу тәртібі 1957 жылы қайта өзгертіліп, қазіргі тәртіппен жазылған еді. Қазіргі әліпбиімізде 42 әріп бар, оның 9-ы қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне сай келтірілген (ә, ө, ү, ұ, і, ғ, қ, ң, һ ) әріптер болса, 33 әріп орыс тілінен өзгеріссіз алынды. Бұл әріптер 15 дауысты, 25 дауыссыз және дыбыстық мәні жоқ 2 әріп (ь, ъ) таңбаны бейнелейді. Қазақ тілінің алғашқы орфографиялық сөздігі 1941 жылы жарық көрсе, одан кейін толық басылымы 1963 жылы жарияланып, ал 1978, 1988 жылдары кейбір кемшіліктер түзетіліп, жетілдіріліп қайта басылады. Бұл сөздіктердің шығуына белгілі тілші ғалымдар арасындағы қызу пікір алмасу, талқылау барысында 1957, 1983 жылдары толықтырылып қабылданған
орфографиясының негізгі ережелері » негіз болды. «Қазақ жазуындағы жетекші принцип
қандай, яғни фонетикалық принцип пен морфонологиялық принциптің қайсысын ұстанып
жазып жүрміз?» деген мәселе жөнінде ғалымдар пікірі бір-бірінен алшақ
Шындығында, қазіргі жазуымызда сөздің түбір тұлғасын сақтап жазу да, сөздің айтылу
ерекшелігін ескеріп жазу да бар екенін көреміз. Мысалы, I. Фонетикалық принцип бойынша
жазу: 1) үндестік заңы бойынша жазылатын сөздер; 2) кейінгі ықпал заңына бағына
жазылатын сөздер (жүрегі-жүрек, қабы-қап); II. Морфологиялық принцип бойынша жазу: 1)
Сөз тұлғасын сақтап жазу (жамбады-жанбады, башшы-басшы); Осы орайда М.Жүсіпұлы
қазақ орфографиясының негізгі принципі – сингармофонологиялық принцип деп көрсетіп, «
Қазақ тілінің сингармофонологиялық принципі үш түрлі орфографиялық принципті қамтиды:
а) морфологиялық, себебі: морфема әркез бір түрлі жазылады; ә) фонетикалық, себебі
морфема, сөз көбінеше айтуынша жазылады; б) фонологиялық (фонемалық), себебі:
морфеманың құрамында әр кез бір түрлі фонемалар қоры сақталады», - дейді.

Тақырып бойынша сұрақтар.


1.Қазақ тілінің айтылымы жөніндегі В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский еңбектеріндегі алғашқы
деректер.
2.Қазақ тілінің орфоэпиясы жөніндегі М.Дүйсебаеваның зерттеуі туралы.
3.Қ.Ниеталиеваның авторлығымен жарық көрген орфоэпиялық сөздігі туралы.
4 Р.Сыздықованың «Сөз сазы. Сөзді дұрыс айту нормалары» еңбегі туралы.
5.М.Серғалиев құрастырған «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігін» туралы.
6 С.Мырзабековтың «Қазақ тілінің айтылым сөздігі» туралы.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013 – 220 б.
2.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мем.Тіл.дамыту. инст., 2010 – 608 б.
4 Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай», 2013 – 640 б
5.Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008 – 608 б.
6.Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лек, фон, морфол, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006 – 336 б.
7.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 – 664 б.
8.Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016 - 194 б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет