Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
244
Ақ мол болсын! (Ауыз әдебиетінен) деп наурызда айтылатын
тілектер.
Қазақ тілінде малға байланысты көрініс тапқан тілдік фраземалар
өте көп. Сондықтан ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын
фраземалардың әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы орны ерекше
болса, оны танымдық тұрғыдан талдау – қазақы өркениеттегі
ұлттық мәдениеттің табиғаты мен бітім-болмысын ашуда үлкен
мүмкіндік береді.
Адамның өмірі басқа жан-жануарлар, жәндіктермен де тығыз
байланысты болғандықтан, ит-құсқа, басқа да ұсақ жәндік атаулы
тіршілік иелеріне қатысты фраземалар бар.
Ит – жеті қазынаның бірі саналатыны белгілі. Түркі тілдерінің
көпшілігінде, соның ішінде қазақ тіліндегі ит-құс – қасқыр және
бөрі сөздерінің орнына қолданылған табу. Түркі тілдеріндегі табу
және эвфемизм мәселелерін зерттеуші ғалым, профессор Ә.
Ахметов ит-құстың ішкі формасы, уәжі туралы былай дейді:
“Қазақ балаларына қасқырдың атын атауға болмайды, қасқыр
малға шабады деп сендірген. Өйткені олардың астарында дәстүрлі
наным-сенімдерден туындайтын атын атаса ит-құс малға шабады
немесе адамға қастандық істейді деген этнографиялық ұғымдар
жатыр. Ит-құс атауымен бірге қара құлақ, ұлыма, серек құлақ,
теріс езу секілді жанама атаулардың бәрі сөз магиясына деген
нанымның салдарынан туған эвфемизмдер” [Ә.Ахметов, 1995; 132
б.].
Қазақ тілін басқа түркі тілі материалдарымен салыстыра зерттеу
нәтижесінде ит-құс сөзінің этимологиясы айқындала түседі.
Қазіргі кезде тілде қос сөзге айналып кеткен қасқыр деген бір
ұғымды білдіретін ит-құс о баста бөрі және бүркіт деген табу
сөздің орнына қолданылған ит және құс деген дара эвфемизмдер
екеніне көз жеткізуге болады. Бұл мәселе жөнінде түркі
тілдеріндегі киноморфизмдерді этнолингвистикалық тұрғыдан
зерттеп жүрген жас ғалым С. Бектемірованың еңбектерінде жан-
жақты талданған.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
245
Қазіргі қазақ тілінде балағаттау, ұрысу сөздерін тура айтпай,
эвфемистік түрдегі фраземаларды қолдана аламыз: ит терісін
басына қаптау, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу, иттің етінен жек
көру, аш иттің артын сұқ ит жалайды және т.б.
Қазақ халқының дүниетанымында киелі саналатын құстар да
болған. Солардың бірі – қарға. Ескі жылнамаларда жазылған
аңыздар бойынша көне түркілердің Ашина тайпасын жау шауып,
жаппай қырып кетеді. Сонда жалғыз бала аман қалады. Баланы
қасқыр емізіп, аспан әлемінің елшісі – қарға әкеліп асыраған. Осы
баладан түркілердің ұрпағы тараған екен деседі [Қ.Сартқожаұлы,
1984; 19 б.]. Сондықтан көк бөрі түркілердің символы ретінде
соның ұрпағы саналса, қазақта “қарға тамырлы” деген тіркестің
төркіні осыдан болар.
“Қаны бір қазақпыз” деп бүкіл үш рудың азаматын, “түбі бір
түркіміз” деп қырғызды, башқұртты, ұйғырды да, “өзбек – өз ағам”
деп оларды да бауырына тартқан. Қазақ халқы кімде де, қай ұлтты
да сыртқа теппеген, қайта жақын тартып жанаса жүрген. Өз
қандасын “қанына тартпағанның қары сынсын” деп барын ортаға
салып, туысқандықтың туын, ел намысын жоғары ұстай білген.
Қазақ халықында қарғаны киелі құс санағаны жөнінде деректер аз
емес. Біздің де қолымызға қарға тышар, қарға тамырлы қазақ,
қарғам-ау деген сөз қарағым, қалқам мағынасында қолданылуы,
“қарғам, қарашығым, қарғатайым” деп қарттар немере-
шөберелерін еркелеткені, қанша балаң бар деп сұрағанда, әдетте
бірнеше қарғам бар деп жауап қайтарғаны осы қарға ұғымындағы
киелілік сенімінен қалған болуы керек. Якут шамандарының ең
қуатты пірі де қарға болған.
Қазақ тілінде адамға қатысты қолданылатын зооморфизмдердің
коннотативтік
мағынасында
халықтың
мәдени-тарихи
тәжірибесімен байланысты туған бірқатар фраземалардың бар
екені жинақталған деректерден көзіміз жетті. Мысалы: арадай
талау “барлығына бірдей тұс-тұстан жабылып жеп жібере
жаздады”, аузын бақадай ашу “қатты қорқыту, зәресін ұшыру”, ала
жылан аш бақа “ел ішіне іріткі салушы”, бақа қыбыр “жай, баяу
|