Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
248
Ескі ай, есірке, Жаңа ай, жарылқа! Шумақтары этнограф ғалым
ойының жалғасы бола алады.
Космонимдерге, айдың, күннің, жұлдыздың қасиетіне сенуден
пайда болған: Айың оңнан тусын!, Алдыңнан нұр, артыңнан күн
тусын!, Жұлдызың жоғары болсын! фраземалар семантикасында
осы уәждердің ізі байқалады.
Алғыс сөздерді әйелдер де, ер адамдар да қолдана береді. Қарғыс
мәнді сөздерді ер адамдардан гөрі әйел адам көп айтады.
Әйелдердің қарғысында онша зіл болмаған болу керек, себебі,
тілде әке қарғысы – оқ, шеше қарғысы – боқ деген тіркес бар.
Қазақ тілінде алғыс мәнді сөздерден гөрі қарғыс мәнді ұғымдар
басымырақ екен. І. Кеңесбаевтың сөздігінде алғыс мәнді – 108
фразема, қарғыс мәнді – 127 фразема тіркелген. Бұл сандар қазақ
тіліндегі қарғыс-алғыс мәнді фразеологизмдердің түпкілікті
көрсеткіштер деген ой тумаса керек. Тілдегі саны одан әлдеқайда
көп.
Қазақтың ауыз әдебиетінде көп кездесетін ұғым – қарғыс.
Ежелгіден тіл өнері дарыған қазақ халқы қарғыс айтуға да шебер
болған. Қарғысты іштей:
•
жалпы адамдарға арналған: Атауыңды іш! Аштан өлгір!
Атаңа нәлет! Аузыңа қан толсын! Әруақ солсын! Басың
көбеймесін! Жаның шықсын! Жағың қарыссын! Иттей ұлып қал!
Ит өлімін берсін! Тілің кесілсін! және т.б.
•
әйелдерге арналған: Бетің тіліңгір! Бетеге болғыр! Қараң
жамылғыр! Қара бет болғыр! Байың өліп, бақытың күйсін! және
т.б.
•
балаларға арналған: Жетім қалғыр! Жер жұртқыр! Қарғыс
атсын! Көктей сал! Қара шешек келгір! Жетпей желкең қиылсын!
Қыршыныңнан қиылғыр! және т.б.
•
жан-жануарларға арналған: Арам қатқыр! Жау алғыр!
Кебенек келгір! (ешкіге), Ақшелек болғыр! (түйеге), Киеңкі
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
249
болғыр! (жылқыға), Қара талақ болғыр (малға), Топалаң келгір!
(қой, ешкіге) және т.б.
•
дүние-мүлікке, заттарға арналған қарғыстар: Адыра
қалғыр! Жау алғыр! Жау тигір! Қараң қалғыр! Опасыз дүние! Өрт
тигір! Кебін болғыр! және т.б.
Қарғыс сөздер қиянат жасаған адамдарға өлім немесе сондай
бақытсыздық тілеуден, діни ұғымнан, сенімнен туған. Қарғысқа
зәрлі, қаһарлы, өткір сөздерді қолданған. Қарғыс сөздерді көбінесе
әйелдер қолданған. Ер адамдар теріс бата бергенде қарғаған. Бұл
“бата” деп атанғаны болмаса, қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр
түрі. Мысалы: Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып
тұр... Бұл теріс батаның, қарғыс батаның белгісі (М. Әуезов).
Батаның бұл қарғыс түрі ел ішінде өте сирек қолданылған, ол
атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның теріс
батасын алғандарды халық жек көрген. Қарғыстың ең ауыры –
ананың ақ сүтін көкке саууы және атаның теріс батасы болып
саналған.
Алғыс, қарғыс мәндегі сөздер экспрессивтілік пен эмоционалдық
реңкте қолданылады. Өзінің табиғатына қарағанда халықтың әр
кезеңіндегі тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің негізінде
жасалып, ғасырлар бойында атадан балаға ауысып, сөйлеу
тілімізде, әдебиетімізде сақталған элементтер. Қазақ тіліндегі
алғыс және қарғыс мәнді сөздердің қолданылу ерекшеліктері
туралы С. Түлекованың “Қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді
фразеологизмдер” [С.Тулекова, 1975; 20 б.] атты кандидаттық
диссертациясында қарастырылған.
Халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдени мұрасы және рухани
байлығы, экономикасы мен қоғамдық саясаты көрініс тапқан
фразеологизмдерде қандай да бір нақты құбылыстың, жағдайдың
бейнесі ашық көрініп тұрады. Бұлар фразеологиялық бейнеге
ерекше экспрессиялық нышан берілгендіктен, фраземалар
идиомалануға анағұрлым “икемді” болып тұрады.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
250
Қорыта келгенде, адамзат санасы арқылы табиғат пен қоғамның
мифологиялық ізінің әр түрлі кезеңдерін сақтаған тілдің өзі көп
қабатты миф болып табылады.
Номинативтік бірліктердің ішінде екіншілік мағына нәтижесі
болып табылатын фраземалардың ішкі форма табиғатын ашу үшін
фраземажасамға қатысушы лексикалық және грамматикалық
сыңарларына ономасеологиялық және семасиологиялық тұрғыдан
талдауларды қажет етеді. Ономасеологиялық концепция бойынша
фразеологиялық
номинацияның
көзі
болып
табылатын
фраземалардың ішкі формасының психологиялық негізі – қандай
да бір заттың қасиеті туралы көзқарас немесе бейне. Беретін
мағыналары (бейнелі) халыққа белгілі, тілдік бірлік болып
қалыптасқан фраземалардың ішкі формасы фразеологиялық
бейнелердің символы ретінде гнесеологиялық қызмет атқарады.
Ономасеологиялық концепция бойынша фраземалардың ішкі
формасы кезінде пайда болуына объективті шындық себепші
болған, өз заманының өзекті құбылыстары мен қасиеттері
жалпылама бейнелі тұжырымдар жасауға себепші болған, қазіргі
тұрғыдан
халық
санасында
бейнелі
тіркестер
ретінде
қабылданатын тіркестер. Кейбір ғалымдар фраземалардың ішкі
формасы оның генетикалық бейнесінің нәтижесі деген пікір
айтады. Генетикалық бейнедегі фраземаның ішкі формасы көп
қырлы бейнелердің біреуі ғана. Ішкі форма дегеніміз – “заттың
бейнесі ғана емес, бейненің бейнесі” (А.А. Потебня).
Фразеологиялық мағынада көрінетін ақиқат шындықтың бейнесі
олардың ішкі формасының сигнификативтік негізінде жатыр.
Фраземалардың денотаттық және коннотаттық мағыналарының
арасын байланыстырушы ретінде денотат туралы қандай да бір
түсініктің жалпыламалық, абстракты қасиеті түрінде өмір сүретін
нақтылы фразеологиялық коннотацияны қалыптастырады.
Қазақ тілінің фразеологиялық қорын бейнелі және бейнелілігі жоқ
деп бөлуге болады. Бейнелі фраземалар ішкі форма негізінде
ерекше
семантика-стилистикалық
және
экспрессивтік
қасиеттермен байиды.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
251
Тарихи даму барысында кейбір фразеологизмдердің ішкі формасы
қандай да бір себептермен жойылуы мүмкін. Олардың
мағыналарындағы мәдени коннотацияны экстралингвистикалық
факторлардан іздеуге болады. Фраземалар мағынасындағы
экстралингвистикалық ситуацияның көзін ашу, қандай жағдайда
немесе қандай себептердің тұсында фраземалар пайда болды деген
сұраққа жауап беруден туындайды.
Фразеологизмдер мен олардың ішкі формасының арасындағы
тығыз байланыс уәждерін ашуға жасалынған талдаулардан дәлелін
табуға болады. Қазақ тіліндегі біз талдаған фраземалардың
уәждену көздері төмендегідей:
•
адамның анатомиялық атаулары мен қимыл қозғалыстары
байланысынан туған фраземалар;
•
жануарларға байланысты пайда болған зооморфтық
фраземалар;
•
алғыс және қарғыс мәнді фраземалар;
•
діни және мифологиялық фраземалар;
Этнос табиғатын толық танып-білуге қажетті тілдік фактілерді, тіл
байлығының қабатында, астарында жатқан этнолингвистикалық
деректердің “ізіне түсу, түп-тамырын қопару” арқылы сөйлетуге
болады. Әрбір зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің тура,
айқын мағыналарын ғана емес, олардан тараған туынды
мағыналардағы астарлы ойларға үңілу қажет. Тіл байлығы сөз
санымен ғана емес, оның сапасымен, мағына тереңдігімен,
ауқымдылығымен де өлшенеді.
Тілдік таңбаның ерекше түрі болып табылатын фразеологиялық
бірліктерде ұлттың мәдени жемістері, халық ауыз әдебиетінің
таусылмас арналар, діни философиясы, дүниетаным көздерінің
іздері жатыр.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
252
Достарыңызбен бөлісу: |