Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
243
қамалды
деп суреттеген, тату балаларды – егіз қозыдай деп
теңеген.
Төрт түлікте қоймен қосылып айтылатын мал – ешкі. Оны
Сексек/Шекшек ата баласы деп те атаған. Ешкіге қатысты
мынандай фраземалар бар: ешкі көзбену, ешкінің асығындай, ешкі
болсын, теке болсын, балаларға сүт болсын, көгендейлі лақтай,
текені әке, ешкіні шеше ету, лақтай секіру. Ешкінің серкесін мал
баққан жұрт қатты құрметтейді: серкесіз қой болмайды деп қоралы
қойға басшы ретінде серке қояды да, оны көсем серке дейді. Ат
мүйізді ақ серке қойды бастар жар-жар-ау" – осының дәлелі.
Қазақ
халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында, салт-
санасында амандықты тілейтін мал-жан аман болсын!
фраземасының құрамындағы жан сөзінен бұрын мал сөзін
алуының өзі малды қатты қадірлегендіктен айтылғаны анық.
Әйтсе де, малды бағу, күту онша жеңіл болмаған, мал өсіру, оны
қысы-жазы бағудың ауыр бейнетін халық көтерген. Бұрынғы
қасиетті деп аталатын мал иелеріне арлаған қарғысты адамдар мал
ауруларымен байланыстырып қарғаған. Мәселен, жылқы ауруы –
жамандату, қой ауруы – қарасан, түйенің – сусамыр, ақшелек,
қойдың – топалаң, ешкі ауруы – ыза, шешек болған. Еңбектің ауыр
азабын тартқан адам: қарасан келгір!, жамандатқыр!, сусамыр
болғыр!, топалаң болғыр!, кебенек келгір!, ала өкпе болғыр! деп
қарғайтын болған.
Негізгі шаруашылығы мен күнкөріс тіршілігі малмен байланысты
болғандықтан жыл мезгілдерінің рақымды болуын, малға жайлы
болуын тілеген өлеңдер көп-ақ. Солардың бірі:
Ұлыс күні
қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Сонда олжалы жыл болар.
Ұлыс оң болсын!