Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет116/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124
ол – сілтеу есімдігі.
Жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігінің арасында тұлғалық 
айырмашылық жоқ. Ол есімдігі бұл‚ сол‚ анау‚ мынау, т.б. 
есімдіктермен қатар сілтеу есімдігі ретінде қолданыла береді. 
Бұл басқа түркі тілдеріне де тән. Жіктеу есімдігінің 3-жақта ол 
кісі түрінде өзгеруі бұл есімдіктің осы ерекшелігімен 
байланысты сияқты. Себебі қазақ әдебіне сәйкес кісіге қол 
шошайтпайды, сыйлы, құрметті адамдарға қатысты сілтеу 
есімдіктерін қолдану әбестік болады. Адамға қатысты сілтеу 
есімдіктерінің қолданылуы көбінесе экспрессивті мәнде, 
жақтырмағандықты білдіреді. Сондықтан жіктеу есімдіктердің 
қолданысынан қазақ ділін (менталитетін) байқауға болады. 
Мұқағали Мақатаевтың
 
Су сұраса, сүт берген, айран берген 
Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!
Қарғаның валетіндей едірейіп 
Қасыңа мына біреу қайдан келген? 
деген өлең жолдарындағы мына біреу тіркесі сол адамды 
жақтырмағанын білдіреді. 
Келтірілген деректер қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін‚ яғни орыс 
тіліндегі мы‚ вы тұлғалары қазақ тілінде де сол үлгіде қолданыла 
алмайтынын көрсетеді. Қазақ тіліндегі жіктелу жүйесін дұрыс 
түсіну үшін‚ ең алдымен‚ анайы жіктеу мен сыпайы жіктеуді өзара 
ажыратып алу керек. Сонда ғана жіктеу жүйесінің табиғаты толық 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
275 
ашылады. Орыс тілінде «бірегейлік-жинақтылық» корреляты 
бойынша я‚ ты есімдіктері бірегейлік қатарында танылса‚ қазақ 
тілінде бірегейлік қатарында мен‚ сен (анайы жіктеудің І‚ ІІ 
жағының жекеше түрі)‚ біз‚ сіз (сыпайы жіктеудің І‚ ІІ жағының 
жекеше түрі) есімдіктері қолданылады. О.Бетлингк бvз‚ сvз 
есімдіктеріндегі тұлғасын І‚ ІІ жақ есімдіктерінің кірігуінен 
пайда болған‚ яғни біз<бі+сі (мен+сен)‚ сіз< сі+сі (сен+сен) деп 
есептейді. Бұл пікірді А.В.Бондарко да қуаттап‚ көрсеткішін 
жақтық плюрализаторы деп есептейді [9‚ 96-97]. Қазақ тілі 
жалғамалы тіл болғандықтан, қопармалы тілдердің табиғаты 
қайшы келеді.
Сонымен‚ мен‚ сен‚ біз‚ сіз есімдіктерінің қазақ тіліндегі өзіндік 
ерекшеліктері: 
1) ерекше референт болып табылады; 
2) жекелік мәнде қолданылады; 
3) тұрпат межесі бойынша адамзаттық қатынаста қолданылады
4) мазмұн межесінде жақтық қатынаста қолданылып‚ өзара 
қарама-қарсы қойылады; 
5) инклюзив/ эксклюзивтік қатынаста қолданыла алмайды.
Ал біздер есімдігінің құрамына келетін болсақ‚ ол, ең алдымен‚ 
«мен+сен» немесе «біз+сіз» болып‚ сөйлеуші мен тыңдаушыдан 
құралуы‚ сондай-ақ «мен+сендер/сіздер» және «мен+сендер/сіздер 
емес (ол/олар)» болып құралуы да мүмкін. Бұл қарама-қарсылық 
инклюзив және эксклюзив формалары арқылы көрініс табады. 
Қазақ тілінде инклюзив/эксклюзив контекст арқылы ғана 
ажыратылады. «Біздер=мен+сен/сіз» инклюзиві мен «біздер = 
мен+ол» 
эксклюзиві 
жұптық 
мәннің‚ 
ал 
«біздер 

мен+сендер/сіздер» инклюзиві мен «біздер = мен+олар» 
эксклюзиві көптік мәннің формалары емес. Себебі мазмұн межесі 
бойынша‚ бұлар – әртүрлі референттердің жиынтығы. Біздер 
есімдігінің құрамы «мен+сен/сіз + сендер/сіздер+ол/олар» болып 
келуі мүмкін.
Сонымен қатар біздер есімдігінің құрамы мен+сен /сіз + 
сендер/сіздер+ол/олар болып келуі мүмкін. Осыған байланысты 
А.Байтұрсынұлы: «Бастауыш бір жақты болса, баяндауыш 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
276 
онымен айтылған түрде ымыраласады. Бастауыш әр жақты болса
мәселен, бастауыш біреу емес, бірнеше болса жана әрқайсы әр 
жақты болса, онда баяндауыш басым жағымен ымыраласады.
Бізге мәлім, бірінші жақ айтушы, екінші жақ тыңдаушы, үшінші 
жақ бөгделік болатыны. Бірінші, екінші, үшінші жақ қатар 
келгенде, айтушы сөзді өзіне орайлай сөйлегендіктен, бірінші жақ 
екінші, үшінші жақтан басым болады. сондықтан айтушы мен 
тыңдаушы екеуінің бірдей амалын, жайын, болмысын көрсететін 
баяндауыш о да бірінші жақпен айтылады» [52].
Сөйлеушінің сөзі тыңдаушыларға ғана емес‚ оны естімей тұрған 
басқа 
адамдарға 
да 
арналатындықтан, 
оның 
құрамы: 
мен+сен/сіз+сендер/сіздер+ол/олар бола алады. Сендер/сіздер 
құрамы да әртүрлі болуы мүмкін: 1) сендер/сіздер = «сен+сен»/ 
«сіз+сіз»; 2) сендер/сіздер = «сен+ол»/ «сіз+ол». 
Қазақ тілінде көптік жалғау жіктеу парадигмасының ІІ жағында 
ғана сөз байланыстырушылық қызмет атқарады. Басқа кездің 
бәрінде көптік форма сөздерді байланыстыра алмайды (алма жеді 
– алмаларды жеді‚ оқушы келді – оқушылар келді). Осыған 
байланысты Қ.Кемеңгерұлы, С.Исаев, А.Айғабылов еңбектерінде 
көптік тұлғасы жалғау ретінде емес‚ жұрнақ ретінде сипатталады 
[10].
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде анайы жіктеудің І 
жақ көпше түрі жоқ екені айтылады. Қазақ тіліндегі жіктеу 
есімдіктерінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес, сен есімдігінің көпше 
түрі сендер болғанмен, мен есімдігінің көпше түрі мендер бола 
алмайды. Ал кейінгі грамматикаларда көрсетіліп жүргендей, біз, 
біздер есімдігіне ауысса, ол сыпайы жіктеуге айналып кетеді. 
Анайы жіктеудің І жақ көпше түрінің біз-ге ауыса алмайтыны 
тәуелдеудің анайы-сыпайы түрін салыстырғанда‚ ерекше көзге 
түседі. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерін зерделей 
отырып, ғалымдардың тәуелдеу мен жіктеуді, ең алдымен, анайы 
және сыпайы түрге бөліп алғанын көреміз. Анайы түрін іштей І 
жақ (мендік), ІІ жақ (сендік), ІІІ жақ (бөгделік), сыпайы түрін І жақ 
(біздік), ІІ жақ (сіздік), ІІІ жақ (оларлық) түрінде бөліп алған. 
А.Байтұрсынұлы бала сөзінің жіктелуін былайша көрсетеді: 
 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
277 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет