Этнолингвистика және социолингвистика. Этнолингвистика және психолингвистика



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі32,24 Kb.
#18550
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7-семинар, МООЖ


7. Этнолингвистика және социолингвистика.

1. Этнолингвистика және психолингвистика.

2. Этнолингвистика және паралингвистика.

3. Этнолингвистика және лингвомәдениеттану.

4. Этнолингвистика және этимология.

5. Этнолингвистика және ономастика.

Этнолингвистика – психолингвистика мен социолингвистика сияқты тіл

біліміндегі жаңа бір бағыт. Бұл үшеуі бір-бірімен байланысты болғанмен,

әрқайсысының дара ерекшелігі да жоқ емес. Этнолингвистика тілді этносқа

қатысы тұрғысынан алып сөз етсе, психолингвистика тілді адам психикасына

қатысы жағынан, ал социолингвистика тілді қоғам дамуына (социумға) қатысы

тұрғысынан алып зерттейді. Этнолингвистика мен социолингвистиканы белгілі

дәрежеде тіл біліміндегі тұтас бір саланың құрамды екі компоненті деп

қарауға болады. Біріншісі этностың ұлттық, халықтық, тайпалық

ерекшеліктерін негізге алса, екіншісі оның тілдік процестерге байланысты

кейінгі даму сатысындағы әлеуметтік құрылымына табан тірейді.

Этнолингвистика мен социолингвистиканың өздерінің осы хронологиялық сипаты

жағынан бір- біріне кейде қарама- қарсы қойылады.


Себебі бұл екеуінің алдыңғысы негізінен тарихи мәнді тіл деректерін

пайдаланады, яғни қазіргі түрлі тіл материалынан тарихи тұрғыда жүйелеуге

келетіндерін ғана іріктеп тауып алып, оларды тек сол ыңғайда зерделеуге

ұмтылады; ал екіншісі таза бүгінгі күннің тілдік материалына арқа сүйейді.

Мұндай талдау үлгісі сондай- ақ этнолингвистикаға да тән. Өйткені ол

көнелікті айғақтайтын деректермен ғана шектеліп қалмайды, сонымен қоса

бүгінгі нышандайтын деректермен де айналысады.
3.2. Этнолингвистика және паралингвистика

Паралингвистика – тілдік құбылыстар мен фактілерді дәстүрлі

грамматика тұрғысынан емес, қатысымдық теорияның негізгі ұғымдары

тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Паралингвистика қарым-қатынас орнатудың бейвербалды компоненттерін

зерттейтін ғылыми пән. Паралингвистиканың пайда болу және қалыптасу тарихы

Г.В.Колшанскийдың, Н.В.Юшмановтың, Э.П.Шубиннің, Дж.Трейгердің

паралингвистикалық типология жөніндегі осы сияқты т.б. ғылыми еңбектерде

көрініс табады.
3.3. Этнолингвистика және лингвомәдениеттану

Этносты танып-білуге тұс-тұсынан атсалысып, өзіндік үлесін қосушы

қоғамдық ғылым салаларының бірі - мәдениеттану, ол этнос болмысының

ауқымды да маңызды саласымен шұғылданады. Мәдениет жеке адамның басына

тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы

қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани материалдық

байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым.
Этнос мәдениеті ғылыми тұрғыдан былай анықталып жүр: Этнические

культуры – эти особые исторически выработанные способы деятельности,

благодаря которым обеспечивались и обеспечивается адаптация народов к

условиям окружающей их природной и социально-культурной среды (БеляевА.И.

Культурологические гипотезы Этнолингвистические проблемы семантики. М.,

1978г., стр.48). Бұл - мәдениет - әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-

әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс. Өмір - тіршілік салты да,

ортақ тіл, ортақ дүниетанымғ ортақ психология т.т. - осының бәрі этнос

мәдениеті. Ал, соның бәрін танып-білудің ең басты құралы – тіл екендігін

мәдениеттанушы ғалымдардың бәрі мойындайды. В языке народ выражает себя

полнее и многосторонее, чем в чем-либо другом-не только в последнем своем

положении, но и исторически. Все что, есть у народа в его быте и понятиях,

и все, что народ хочет сохранить в своей памяти, выражается и сохраняется

языком. ( Толстой Н.И. Срезневский И.И. Т,. 1981г., стр.573)

Бұл пікірден этнолингвистика мен мәдениеттің тіл әлемінде

тоқайласатынын көреміз. (Ә.Т.Қайдар Этнолингвистика Білім және еңбек,

1985, №10)
Этнолингвистика тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге

тілдің қызметіндегі және дамуындағы тілдік, этномәдени және

этнопсихологиялық факторлардың өзара әсерін де қарастыратын тіл білімінің

саласы (Ж.А.Манкеева Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. А.,1997,

Афтореферат, 27 б.)
Адамзаттың мәдениеті өзімен бірге этникалық мәдениеттің жиынтығын

көрсетеді, ол сан алуан, өйткені бір және басқа қажеттіліктерді

қанағаттандыруға бағытталғантүрлі халықтардың әрекеті әртүрлі. Этникалық

өзіндік ерекшеліктер: адамдардың қалай жұмыс істеп, демалатыны, тамақ

жейтіні сияқты түрлі жағдайларда байқалады. Мысалы, орыс халқының

өміріндегі маңызды белгісі – ұжымшылдығы болып саналады, сондықтан оларда

белгілі бір қоғамға қатыстылық сезімі, өзара қарым – қатынастың жылылығы

мен көңіл – күйі ерекше көрініп тұрады. Орыс мәдениетінің бұл ерекшеліктері

орыс тілі арқылы бейнеленеді. А.Вежбицкая орыс тілі (ағылшын тіліне

қарағанда( көңіл – күйге мейлінше үлкен көңіл бөледі және оларды шектеу

үшін лексикалық және грамматикалық бейнелеулердің едәуір бай репертуарына

ие деп санайды.(Оспанова Б.О. Лингвомәдениеттану. Оқу құралы.Түркістан –

2008,73б.)
3.4. Этнолингвистика және этнография

Этнолингвистика және этнография екеуінің тоқайласар тұсы этнос

болмысының сүбелі саласы-заттық бағалылықты зерделеуге байланысты. Бұл

екеуіне де ортақ объект - тіл әлеміне тән көл-көсір мол дүние.

Зерттеушілердің көпшілігі этнолингвистика мен этнографияны мақсат-

мүддесі ортақ, бағыт-бағдары бір, бір таяқтың екі басындай егіз ғылым деп

қарайды. Алайда тіл әлемін зерттеу барысында бұл пікірге де сын көзбен

қарау керектігіне көзіміз жеткен сияқты. Оның басты себебі: екеуіне ортақ

объект-этнос тілі болғанымен, екеуінің зерттеу тәсілі мен тереңдік деңгейі

бірдей емес. Мәселен, Киіз үй деген объектіні алсақ, этнографтар да,

этнолингвистер де оның құрамын (сүйегін, киізін, бау-шуын), бөлшек-

бөліктерін (шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық, үзік, түндік, белдеу,

желбеу т.б.), сондай-ақ оларды жасау технологиясын сөз етуге міндетті.

Алайда киіз үйге қатысты тіліміздегі бұлардан басқа жүздеген атаулар мен

мыңдаған қосымша ұғым-түсініктерді тәптіштей жинап, этнос тұрғысынан

талдап, тарату этнолингвистердің ғана міндеті болса керек. (Ә.Т.Қайдар.

Қазақ тілінің өзекті мәселелері)
Көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен байланысты, киіз үйдің

шаңырағы - оның символы іспеттес.Қайыңнан жасалып, ошақтағы оттың түтініне

ыстала-ыстала қара түске енген, сан жылдар атадан балаға мирастыққа

қалдырылып отыратын шаңырақтыңқазақ халқының танымындағы символдық маңызы ерекше.


Этнос болмысына қатысты тіл фактілерін этнографиға қарағанда

этнолингвистика әлдеқайда ауқымды да кең пайдаланып, олардың тілдік мән-

мағынасын жан-жақты да терең түсіндіруге тырысады.

Этнографиялық карта алдыңғыға тұғыр-тірек карта болып саналады, яғни

лингвистикалық карта соңғы, этнографиялық картаға негізделеді. Картаға

түсіруде лингвистикалық және этнографиялық бірыңғай матриал бір- бірімен

дәл, дөп түсіп жатуы шарт. Бұлар-мәселенің жай техникалық жақтары. Бірақ

қалай дегенмен де этнолингвистиканың міндетіне жатады. Мұның шынында да

солай екеніне диалектологиялық атлас жасау тәжірибесі дәлел бола алады.

Мысалы этнолингвистикалық мына бір терминнің лингвистикалық және

этнографиялық картасын этнолингвистикалық атласта жеке-жеке екі бөліп емес,

біртұтас бүтін күйде алып, шамамен мына түрде көрсетуге болады.

Моңғол, бурят, қалмақ тілдерінде лау (подвода, почтовые лошади,

подводная повинность) мағынасын білдіретін ула, улаа лейтін термин бар.

Ол негізінен осы мағынада алтай, телеуіт, хақас,шор, сағай, лебеді, қойбол,

тува, осылар іспеттес кейбір сібір түріктерінің тілінде ула, улак,

улағ, улау, улоо, улаг түрінде де қолданылады. Сондай- ақ қазақ,

қырғыз, қарақалпақ, өзбек, осман (Анадолы), түрікмен, ұйғыр сияқты Орталық

Азия түркі халықтары тілінде де жалпы осындай дыбыстық құрамда кездеседі:

улак, улак- улағ, улау, лау, ылоо, улаг, олаг, улов, ула, улаа, улағ. Ал

Орта Еділ түркілерінің (татар, башқұрт, чуваш) тілінде ол ылау, олау,

лав түрінде айтылады. Этнолингвистикалық осы атау қарашай, балқар, құмық

тәрізді кавказдық түркілердің және қырым татарларының тілінде де: ылау,

улав улау улав түрінде сақталған. Осы орайда мына бір дерекке көңіл

аударғымыз келеді. Қарашай, балқар, қабарда, черкес, адыг, абаза, осетин

тілдерінде лаудан, лоудан, лэудан, лэуданэ лексемалары қолданылады. Бұлар

дыбыстық жағынан түрліше тұлғаланған бір- ақ термин және ол жібек матаның

түрі, жібек орамал (шелковый платок), шарф деген бір мағына білдіреді.

В.И. Абаев XVII- XVIII ғасырлардағы орыс, украин халықтарының мәдениетіне

қатысты құжаттарда лаудан лудан сөзінің жібек мата, қамқаның бір түрі

(род камки) деген мағынада қолданылғаны туралы осыдан отыз жыл бұрын

арнайы мақала жазды. Мақала авторының айтуынша, жоғарыда келтірілген

осетин, абаза тілдеріндегі лэуданэ лаудан сөзі адыг (черкес, қабарда)

тілдерінен ауысқан. Ал адыг тілдеріндегі лэуданэ терминін лэу және данэ

есімдерінің бірігуінен жасалған күрделі атау деп қарайды: данэ- жібек

деген мағына білдіретін адыг сөзі. Ал оның бірінші лэу бөлігі лэуэ лоо

деген топониммен байланысты болу керек деп шамалайды. Одним из торговых

пунктов на Черноморском побережье, через которые адыгт поддерживали связи с

другими причерноморскими странами, был Лоо (лэуэ), северозападнее Сочи.

Весь этот район, как известно, до 60-х годов прошлого века был населен

адыгскими племенами. В числе других товаров через Лоо поступали к адыгам

также шелковые ткани из Закавказья и Турции. Сочетание лэу- дан (э)

озночало, стало быть, лоовский шелк, шелк, доставленный из Лоо. Ол

лаудан лудан термині орыс, украин тілдеріне де сол адыг тілінен аландар

арқылы енген болу керек дейді (Этимология, М., 1963ж. 116-119-б.

В.И.Абаев. Историко- этимологический словарь осетинского языка, П.М.,

1973ж. 37-б., И.М.Отаров. Профессиональная лексика карачаева- балкарского

языка, Нальчик, 1978ж. 48-б.)


Бұл жерде этнолингвистикалық әлгі лаудан лоудан лудан лэудан

лэуданэ күрделі терминінің ілгерідегі лау түбірі арқылы жасалып тұрғанын

аңғару қиын емес. Яғни мұндағы лау лоу лу лэу сыңары мен жоғарыдағы

лау атауы- бір сөздің әртүрлі дыбыстық нұсқа- түрі ғана демекпіз. Бұл

келтірілген тіл деректерінен этнолингвистикалық лау терминінің өте көп

аймақта қолданылғанын: Моңғолия, Сібір, Қазақстан, Орталық Азия, Орта

Поволжья, Кавказ өңірлерін басып өтіп, одан әрі тағы Украина мен Ресей

жеріне жеткенін көреміз. Олар және осыншама ұланғайыр өлкені мекен еткен

этностардың талай ғасырғы тарихи жағдайларынан, өзара мәдени қарым-

қатынастарынан, жалпы этносаралық контакты жайынан құнды мағлұмат беріп

тұр. Міне, сондықтан да осы іспетті бір этнолингвистикалық терминнің

этнографиялық картасы ескерілуі тиіс. Себебі бұл- этнолингвистикалық атлас

жасаудың бас талабы, алғышарты- дейді ғалым Е.Жанпейісов.( Е.Жанпейісов

Этнолингвистика Ана тілі)


3.5. Этнолингвистика және ономастика

Ономастика – жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Қазақ ономастикасының ұлттық болмыс концептілерін жасауға қатысты тіл

мен таным процестерінің ара қатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивті

жүйесіне сүйенеді.
Ономастикалық атауларда этнос пен табиғат байланысын бейнелейтін

сөздердің көп болуы, топонимикалық объектілердің көзбен шолуға

негізделгенін, сондай-ақ қазақтардың тұрмыс-салты, этномәдени шаруашылық

түрінің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты түсіндіруге болды. Белгілі бір

географиялық нысанның түрін, түсін, пішінін, көлемін көру де көзбен шолу

арқылы қабылданған. Бұл қабылдауға ұлттық этнографиялық нышандар жатады.

Мәселен, арал сөзі әдетте гидрониммен байланысты, яғни жан-жағын су

қоршаған құрлық дегенді білдіреді. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы

ауданындағы Көкарал топонимінің этнодетерминдік себебі өзгешелеу. Өйткені

ол жерде теңіз немесе көл жоқ. Бұл елді мекеннің жан-жағы құмды, шөлейтті

болып келеді де, ойпаңдау жер көк шалғын, шөлейт теңізіндегі аралдай болып

көрінеді. Осы топонимнің жасалуына, яғни этнотерминдік себептер бар екенін

байқаймыз.

Л.М. Дмитриев былай деп атап көрсетеді: Ғаламның ономастикалық

бейнесінде кеңістік категориясы едәуір маңызды рөл атқарады, өйткені бұл

категория адам мен оның өмір болмысы арасын біріктіре қарастырады

(Онтологическое и ментальное бытие топонимической системе. АКД,

Екатеринбург, 2003, 9-б). Кеңестік концептісі дүниенің ономастикалық

бейнесінде тұлғаның ономастикалық санасы, фрагменті ретінде оның ментальдық

көрінісі мен тілдік байланысу негізін қалаушы концепті болып табылады.

Ономастикалық атауларда ұсынылып отырған кеңістік өмір тіршілік қызметінің

құндылықтары арқылы ғаламды қабылдаушы, субъекті тұрғысынан алғанда

халықтық болып саналады. Ғаламның ономастикалық бейнесіне ғалам туралы,

адамның бір нәрсе жайлы қалыптасқан мағлұматы, бағдарланған білімі енеді.

Ғаламның ономастикалық бейнесі тілдік таңбаларда, жалқы есімдерде ғаламды

қабылдаудың тәсілдері мен формаларын бейнелейді.

Ғаламның ономастикалық бейнесін, ғалам туралы білімдердің жиынтығын,

тілдің жеке бірліктерінде нақты тілдік қауымдастықтың ұлттық мәдени

әлеуметтік тәжірибесі ретінде елестетуге болады. Адам баласының қандай да

бір лингвомәдени қауымдастығының құнды тәжірибесі ғаламды тануы мен түсінуі

тілде жалпы есімдер арқылы ғана емес, сондай-ақ жалқы есімдер арқылы да

беріледі.Сондай-ақ жалқы есімдер онимдер арқылы тілдік таңбаларға, тілдік

бірліктерге айнала отырып, ғаламның ономастикалық моделін, кескін-келбетін

жасай алады. Ғаламның ономастикалық моделі немесе бейнесі адамның ғалам

туралы түсініктерін және ғаламды тану қасиеттерін бейнелейді, сол себепті

олар да антропоцентристік қасиетке ие.


3.6 Этнолингвистика және этимология.

Сөздер мен сөз тіркестерін зерттеу этимологияның төл міндеті болса

да, бұған кейде этнолингвистиканың да мұқтаж екендігі байқалады. Мағынасы

күңгіттенген бірліктердің мәнін ашып, жасалу мотивтері мен қолданыс

шеңберін айқындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне жүгінуіне тура

келеді. Сөз төркінін айқындаудың тағы бір қажеттігі тіл практикасында

мұндай факілерді халықтық этимология тұрғысынан түсіндіру жиі кездеседі.

Кейде этнолингвистикалық түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де

этимологиялық бір деректің өзі-ақ оны айқындай түсуі мүмкін. Мысалы, көне

де байырғы бөрі сөзінің эвфемистік баламасы деп көрсетілетін, қарысқыр

сөзін үлкен ғылыми адамға айтылатын тіркестер ауызекі сөйлеу тілінде

этимологияға бармай-ақ, қырғыз тілінде мойны мен жақ сүйектерінің қарысып

қалуына байланысты қарышқыр деп аталуы арқылы түсіндіруге де болады.

Этимологиялық зерттеулерде кейде этнолингвистикалық факторларды

пайдалану да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда,керісінше этнолингвистикалық

деректер этимологияның негізгі үш–фонетикалық, семантикалық, морфологиялық-

принципіне қосымша дәйектеме ретінде пайдаланылып, этимология объектісін

уақыт-мезгіл кеңістігі мен тарихи дәлдігі тұрғысынан айқындай түсуде өз

үлесін қосып отырады.
Этнолингвистика және диалектология

Этнолингвистика әдеби тіл ауқымымен ғана шектелмей, жалпыхалықтық тіл

фактілерін мүмкін болғанша түгел қамтуды мақсат етеді. Міне, осыған

байланысты этнолингвистика жергілікті (жанды, ауызекі, жаргон т.б.) тіл

ерекшеліктерін зерттейтін диалектологиямен де мүдделес.

Этнолингвистиканың диалектологиямен шендесуі ең алдымен біріншісінің

түбегейлі мақсатына байланысты: ол этносқа қатысты деректердің бәрін тіл

қорының қойнау-қойнауларын тінте қарап, тірнектеп жинап, түгел қамтуды

көздейді. Ал, диалектология болса, әдеби тілдің сыртында жатқан, сонау

тайпа тілінен бастау алып, жергілікті тұрғындар қолданысында сақталып келе

жатқан көне де байырғы сөздерді, көрші халықтар тілінен әр кезде қабылдаған

ауыс-түйістерді, жергілікті кәсіпшілікке байланысты ұғым-түсініктерді

жинақтап, түсіндіру арқылы этнолингвистиканың бастау алар бұлақтарының бірі

болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет