Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы


а көрсеткішімен келеді: көб халайиқ айтадүр үшбу кіші бимәрмән  дүр/ мән талибымны тапмадым мән зармән деп айт сән-а



Pdf көрінісі
бет120/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

а көрсеткішімен келеді: көб халайиқ айтадүр үшбу кіші бимәрмән 
дүр/ мән талибымны тапмадым мән зармән деп айт сән-а(98 а, 1, 
2, 3); әгәр диýанасән тағдын өзүң ташла сән-а (98 а, 9, 10). 
Ғалым мана, сана құрамындағы -а элементін қаратпа сөзге, 
бастауыш, баяндауыш болып тұрған сөздерге көңіл аударту, 
олардың мәнін күшейте түсу сияқты қызмет атқаратынын айтады: 
«Зер сала қарасақ, бұлайша тұлғаланған мән, сән есімдіктері І және 
ІІ жақта айтылған етістіктері бар сөйлемдерде келеді: биғам болұб 
йер астыгә кірдім мән-а (38 б, 3, 4)... Мұндағы мән есімдігі – 
бастауыш, бірақ ол сөйлемнің соңында келіп тұр, ал өлең 
мәтінінде инверсия, яғни бастауыштың баяндауыштан соң келуі – 
кәнігі құбылыс. Демек, бұл жерде «мән йер астыға кірдім, мән 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
284 
дәрйа болұб таштұм» деген сөйлемдерді түсінеміз, сондықтан -а 
элементі есімдікке жалғасып, оны күшейту оған көңіл аударту 
қызметін атқарып тұр... Шылау сөздің немесе басқа бір толық 
мәнді сөздің аффикс қатарына өтуде оның орналасу 
позициясының, яғни инверсияланатын әрекетінің рөлі зор екенін 
айтқан зерттеушілер де бар. Мысалы, бір нәрсені (айтушыны не 
тыңдаушыны, мезгілді, қимыл амалын т.с.с.) баса көрсету үшін 
белгілі бір сөздердің сөйлемнің ең соңына көшіп, инверсияға 
ұшырайтыны айтылады. Бұған біз мен, сен, ол есімдіктерінің 
сөйлем соңында қайталануын мысалға келтіре аламыз. 
Хикметтердегі: хуррам болуб йер астыға кірдім мән-а деген өлең 
жолында мән сөзінің инверсиялануы осыны көрсетеді. Бұл жерде 
мән есімдігіне а элементін жалғауы арқылы оны баса көрсету 
әрекеті екі еселеніп тұр» [13].
Бұл орайда мана, сана тұлғаларының этимологиясына берілген 
профессор Р.Сыздықтың тұжырымы шындыққа жанасымды 
сияқты. Себебі са, сан, сана сөздері бір түбірден өрбісе, мана 
тұлғасы туралы не деуге болады? Бұл тұлғаның тілімізде 
болғанына жоғарыдағы дәйектер дәлел бола алады. Сонымен 
қатар бұйрық рай тудыратын -а формасы жоқ екені белгілі. Әрі 
мағыналық жағынан да, қызметі тұрғысынан сипаттағанда да, 
сана, мана тұлғалары әу баста І, ІІ жақ тұлғалы жіктеу 
есімдіктерінен өрбігені байқалады.
 
қосымшасының көне түркі тілінде, әсіресе Енисей 
жазбаларында мен, сен жіктеу есімдіктеріне ғана емес, басқа да 
тұлғаларға (есімдерге де (äzisim-а, äzis-а), етістіктерге де 
(kadašyma kinime adyryltym-a (Е 10, 12); sizimä küna aja azydym-a (E 
11, 1); оrunumig karamyg azydym-a (Е 11, 3); jeti böri ölürdim-a (Е 
11,10); barsyg kökmäkig ölürmädim-a (Е 11, 10), т.с.с. жалғанады. 
Бұл дәйектер де  қосымшасының назар аудару, күшейту мәнін 
үстейтінін айғақтайды. Бұл орайда Ы.Маманов төмендегі 
тұжырымдары әбден құптарлық: «Тілдің грамматикалық 
құбылыстары қалыптасқан жүйеге негізделеді. Қай тіл болмасын 
олардың грамматикалық құбылыстарды қалай болса солай, кез 
келген дыбыстардың жиынтығынан немесе кез келген сөздердің 
тобынан құрала бермейді. Әрбір грамматикалық құбылыстың 
тұрақты қалыптасқан жүйелі тәртібі бар. Әрине, грамматикалық 
құбылыстардың қалыптасқан жүйелі тәртібі әр тілде әр басқа. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
285 
Түркі тілдерінің грамматикасының қалыптасқан жүйелі тәртібін 
морфология тұрғысынан сөз таптары, түбір сөздердің тұлғалары 
мен сөз таптарының грамматикалық формалары белгілейді. 
Синтаксистік тұрғыдан, сөздердің бір-бірімен байланысу 
амалдары мен байланысу формалары, сөйлем түрлері, сөйлем 
мүшелерінің сөйлемдегі орын тәртібі белгілейді [14, 125-б.].
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін терең 
пайымдап, өзіне дейінгі тіл білімпаздарының еңбектерін 
зерделей отырып, жіктеуді‚ ең алдымен‚ анайылық және 
сыпайылық жөнге жіктейді де оларды іштей жекеше-көпше 
түрге саралайды. Сонымен қатар ортақ, оңаша тәуелдікті 
жіктеу іштей тағы да анайы-сыпайы, жекеше-көпше түрге 
бөлініп, жіктеу үлгісі бірізділікпен, жүйелі түрде баяндалған. 
Бұл жіктеу кейін Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде де [15] 
сабақтастық тапқан. Қ.Кемеңгерұлы еңбектері орыс топтарына 
арналғандықтан, қолданған атаулары орысша болғанымен, 
жіктеу ерекшелігін танытуда А.Байтұрсынұлының еңбектерін 
басшылыққа алған. Сол себепті А.Байтұрсынұлы мен 
Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде біраз ұқсастықтар байқалады. 
Атап айтқанда: 
а) жіктеуді анайы-сыпайы жөнге ажырату; 
ә) анайы жіктеуді І жақ (мендік), ІІ жақ (сендік), ІІІ жақ (бөгделік); 
сыпайы жіктеуді І жақ (біздік), ІІ жақ (сіздік), ІІІ жақ (оларлық) 
түрінде жіктеу; 
б) қазақ тілінде анайы жіктеудің І жақ көпше түрі жоқ екенін 
көрсету;
в) тәуелдеулі жіктеу түрлерін, олардың өзіндік ерекшелігін (қиғаш 
жалғануын) көрсету; 
г) жіктеулерді есімдерге қатысты да, етістіктерге қатысты да 
қолдану; 
ғ) есім жіктеулерінің е- көмекші етістігінің қатысуы арқылы да 
жасалатынын айту; е- етістігінің жіктелу үлгісі; 
д) етістік жіктеулерінің болымды-болымсыз түрлерін көрсету; 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
286 
е) анайы жіктеудің І, ІІ жақтарында сөздер өзара жекеше, көпше 
ымыраласып, ІІІ жақ көпше түрінде ымырадан шығып кететінін 
көрсету.
«Жіктеу» жалғаулары дегеннің орнына «айқындық» жалғаулары 
деп қолданғанмен, Қ.Басымұлының еңбектері де жіктеулерді 
анайы-сыпайы 
түрге 
бөлуі 
жағынан 
А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Кемеңгерұлы 
еңбектерімен 
сарындас. 
Т.Шонановтың 
«Самоучитель казахского языка для русских» деген еңбегіне пікір 
жазушы Байменов пен Қасымов та автордың жіктеудің көпше түрі 
етістік түбіріне -ыңыз қосымшасы жалғану арқылы жасалады 
(алыңыз) деген тұжырымына қарсылық білдіріп, алыңыз деген сөз 
сыпайы жіктеудің жекеше түрі болатынын, ал етістігінің анайы, 
көпше түрі, алыңдар болуы керектігін айтады [16, 45-б.].
Т.Шонанов тәуелдік жалғауларын түсіндіруде М.Терентьев, 
П.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов еңбектерін басшылыққа 
алады да көпше түрі -ыз/-із қосымшалары жалғану арқылы 
жасалады деп (баламыз, қаламыз) түсіндіреді [10]. Осы үрдіс 
кейіннен І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінде жалғасын 
тапқан. А.Байтұрсынүлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымұлдары оңаша 
тәуелдеу мен анайылық жөн, ортақ тәуелдеу мен сыпайылық жөн 
бірдей айтылады деп түсінсе, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, 
Н.Сауранбаев еңбектерінен бастап тәуелдеу оңаша, ортақ түрге 
сараланғанмен, сыпайылық жөн ІІ жақпен ғана шектеледі. Бұл 
кейінгі еңбектерде де сабақтастық тауып, мектеп оқулықтарында, 
«Қазақ тілінің грамматикасында», А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»,
С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық 
сипаты», т.б. еңбектерде жіктеу мен тәуелдеудің сыпайылық жөні 
ІІ жаққа байланысты ғана түсіндіріледі.
Қазақ тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде А.Байтұрсынұлы 
жолымен Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымұлы, Байменов, Қасымов 
сияқты ғалымдардың жіктеулерді анайы және сыпайы түрге 
ажыратқанын көреміз. Алайда кейіннен бұл ғалымдар назарынан 
тыс қалып, сыпайы түрі екінші жаққа ғана қатысты сөз бола 
бастайды. 
Ондай 
еңбектердің 
қатарына 
І.Кеңесбаев, 
С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, С.Исаев 
еңбектері мен «Современный казахский язык», «Қазақ тілінің 
грамматикасы» т.с.с. жинақтарды жатқызуға болады. Жіктеуді 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
287 
анайы және сыпайы түрге сараламаудың нәтижесінде аталған 
еңбектерде І жақ анайы жіктеудің көпше түрі мен осы жақтағы 
сыпайы жіктеудің жекеше түрінің орындары ауысып кеткен. 
Формальды жағынан қарастырғанда, жақ грамматикалық 
категориясы етістік жақтарының алты мүшелі қатарын 
білдіреді. Сөйлеуші ақиқатты өз деңгейінде қабылдап, түрлі 
тілдік тәсілдерді қолдана отырып, сөйлем құрайды. Яғни адам 
сөйлеуші жақ ретінде, сөз болып отырған болмыстағы басты 
әрекет иесі ретінде де қызмет атқарады. Жекеше І жақтық 
қатынас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет