Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет22/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   124
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
43 
адамды басқа жаратылыстардан ерекшелейтін, АДАМ ететін 
адамдық белгісінің ең мықтысы екендігін дөп басып айтып өтті. 
Және де қазіргі таңда адам адамды қарумен емес, сөзімен 
жеңетінін түсініп, тілдің қару екеніне мән берген. Әрине сөздің 
артында білім тұрғандығы түсінікті. Тілдің қаншалықты маңызды 
екендігін көрсете отырып, жазудың маңыздылығының тіл 
маңызынан кем емес екенін жеткізіп отыр. 
Ақымет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық әліпбиін алғаш жасап 
шығарған реформатор. Қазақ грамматикасы бойынша терминдер 
атауларын алғаш қазақи етіп жасап, ұсынушы. Қазақ балаларының 
сауатын ашуға арналған «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» 
(1914), ересектердің сауатын ашуға арналған «Әліпби» (1924), 
«Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектердің 
авторы. 
Ақымет Байтұрсынұлы – қазақ грамматологиясының негізін 
қалаушы ғалым. Бұлай деуімізге ғалымның жоғарыда атап өткен 
ерең еңбегінің өзі- ақ негіз бола алатын еді. Десе де ол негізден 
бөлек 
ғалымның 
грамматология 
саласында 
қалдырған 
тұжырымдары туралы да жазғандыжөн көрдік. Жоғарыда 
аталғандай, грамматология жазудың не екендігін, яғни, 
анықтамасын, типологиясын, жазу мен сөйлеудің байланысын 
қарастырады. Ал, қазақ ғалымдарының ішінен жазу дегеніміз не, 
жазу мен сөйлеудің айырмашылығы қандай, тіпті жазу мен оқудың 
байланысы жайлы алғаш пікір білдірген, қазақ тіліне жазуы 
ыңғайлы болу үшін қазақ тілі заңдылықтарына сай келетін ұлттық 
әліпбиін жасаған қазақ ғалымы Ақымет Байтұрсынұлы болды. 
Сөзіміздің 
дәйектілігін 
Ақымет 
Байтұрсынұлының 
тұжырымдарын жіктей отырып, бірнеше жүйеге бөлу арқылы 
келтіргіміз келеді: жазу және сөйлеу; жазу және дыбыс; жазу және 
оқу; жазу типологиясы; жазу және емле; жазу және жазуда 
қолданатын белгілер. 
Қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым Ақымет Байтұрсынұлы 
өзінің «Тіл құрал» атты еңбегінде жазу мен сөйлеу жайлы былай 
дейді: «Біздің заманымыз – жазудың заманы: жазумен сөйлесу 
ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан 
ауызбен сөйлесуге болмайды: жазумен дүнияның бір шетіндегі 
адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
44 
қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. 
Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек 
болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. 
Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай 
орында қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын 
дағдысын білу керек» [17]. Бұл жерден ұғыну керек ақпаратты 
бөліп көрсетсек: 
1) 
жазу – заманның маңызды (байланыс) құралы; 
2) 
сөйлесудің екі түрі бар: жазумен сөйлесу және ауызбен 
сөйлесу; 
3) 
жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуге қарағанда маңыздырақ 
болып келеді; 
4) 
ауызбен сөйлесудің кемшілігі – алыстан ауызша сөйлесу 
мүмкін емес; 
5) 
жазумен сөйлесудің артықшылығы – алыс қашықтықтан 
сөйлесу мүмкіндігін береді; 
6) 
адамға сөйлей білу қажеттілік болып табылады; 
7) 
адам үшін жаза білу қажеттілігі сөйлей білу қажеттілігінен 
артық; 
8) 
адамның жүйелі, қисынды сөйлеуі маңызды және ол қандай 
маңызды болса, жазғанда да сөзді жүйелі, қисында етіп жазу өте 
маңызды; 
9) 
сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жазудың өз жолдары бар 
және оны оқып, үйрену керек; 
10) 
жазғанда сөздердің өз орындары болады, және ол орындар 
өзгеріп отырады және олардың біріне-бірі қиындасуының, 
жалғасуының белгілі дағдылары бар. Жүйелі жазу үшін осыларды 
білу қажет. 
Ғалымның сөзінен жазу мен сөйлеуге қатысты нақты он маңызды 
мағлұмат алдық. Оның әрқайсысын жеке-жеке талдап, тарқатып, 
олардың төңірегінде қаншама қомақты материалдар жинап, терең 
сөз қозғауға болады. Бұл аталған ақпаратты Ақымет 
Байтұрсыновтың грамматология саласына, оның ішінде жазу мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет