Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
40
көрсетті. Яғни, алдымен қазақ дыбыстарына әріп арнау – жаңа
әліпби жасау деген сөз. Сол кездегі араб графикасының қазақ
дыбыстарын толық жеткізе алмайтынын ескеріп, әріптің тіл үшін
шығарылғанын айтып, «қарпі жоқ деп тілдегі дыбысты жоғалту
емес, ол дыбысқа жоқ қаріпті іздеп табарға керек» [18]
деген
тұшымды пікір айтып, қазақ ағартушылары алдына нақты
тапсырма қойды. Бұлай жасау тек бізде ғана емес, өзге жұрт та
солай жасайтынын, яғни бұл жағдайдың қалыпты екенін жеткізеді.
Кемшіліктер нақты белгілі болған соң, оларды реттеу жолындағы
жұмыс айқын болмақ. Сонымен қатар
оқу құралының да жанды
қинамайтын, жеңіл әрі түсінікті болуға тиіс екенін айтып, сол
жолда қызмет етті.
Жазу тәртібін ретке келтіру. Ғалым жұмысын қазақ тілінің төл
дыбыстарын анықтап, оларға өзінің айтуы бойынша «жазу
белгілерін», яғни әріптерді табудан бастады. «Қазақ тілінде 24
дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты
дауысты.
Дауысты дыбыстар: ﺍ(а),ﻭ (о),ﺅ (у),ﻯ (ы),ﻩ (е). Дауыссыз
дыбыстар:ﺏ (б),پ (п),ﺕ (т), ﺝ(ж), چ(ш),ﺩ (д),ﺭ (р),ﺯ (з), ﺱ (с),ﻍ (ғ),ﻕ
(қ),ﻙ (к),گ (г),ﺙ (ң),ﻝ (л),ﻡ (м),ﻥ (н). Жарты дауысты дыбыстар :ﺅ
(у),ﻱ (й)» [18].
Ғалымның түсіндіруі бойынша, енді осы дыбыстардың ішінде
үнемі жуан (қ, ғ), үнемі жіңішке айтылатындары бар (к, г, е).
Қалғандарының жіңішке, жуан нұсқалары бар. Қалған 19
дыбыстың
әрбірін жуан, жіңішке етіп жазып отырсақ, 38 әріп
керек болады, оған қалған 5 дыбыс таңбасын қоссақ бар жоғы 43
әріп керек болады екен. Араб әліпбиінде онша әріп жоқ
болғандықтан, ғалым жіңішкелікті білдіретін арнайы белгі «ء» –
дәйекшіні енгізеді. Сол арқылы әліпбидегі әріптер санын азайтты.
Бұған себеп болғаны, қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың
дауысты дыбыстарға бағынатындығы.
Бұл дегеніміз, дауысты
дыбыс жуан болса, сөздегі дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақ,
ал егер дауысты дыбыстар жіңішке болса, дауыссыз дыбыстар да
жіңішке айтылмақ. Себебі, қазақ тілі сингармониялық тіл. Бұл
шешім сол кез үшін жоғары деңгейде табылған жаңалық болды.
Қазіргі таңның өзінде бұл шешімнің оңтайлы болғанына ешкімнің
дауы жоқ. «Дауысты дыбыстарымыз: а-ﺍ, о-ﻭ, ұ-ﺅ, ы-ﻯ-лардың