Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет21/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
41 
жіңішке айтылуы үшін алатұғын белгіміз мына «ﺅ» (знак 
предупреждающий), бұл белгі дәйекші болып сөздің алдына 
қойылады» [18] дейді ғалым. Сол белгі арқылы сөздер толығымен 
жіңішке оқылды.
Ғалым ﻯ (ы) дыбысына тура келетін араб әліппесінде әріп жоқ 
екенін айтып, араб графикасындағы ﻱ таңбасын нүктесіз «ﻯ» 
белгісін алады. Яғни, осылай қазақта бар дыбысқа жаңа әріп 
арнайды. Осы секілді араб графикасында жоқ ұ, о, г, е, п, ң, у 
дыбыстарына жаңа таңба арнайды. 
Сонымен қатар араб, парсы тілдерінен еніп қазақтың өз сөзіндей 
болып кеткен сөздерді қазақ тілінде қалдыру керек пе, әлде қуып 
шығарамыз ба дегенде, өзінің сақтау жағында екенін айтады. Басқа 
тілдерде де тілге ыңғайланған сөздерді сақтайтынын айтып, ойын 
негіздейді. Ондай сөздерге араб тілінің адал-халал, арам-харам, әл-
хал сөздері, парсы тілінің ән-аһн, қожа- хоажа сөздерін мысалға 
келтіреді. 
Ғалым әліпби әріптерін, жазу тәртібін осылай ретке келтірді. 
Сынап пікір жазғандар болғанымен, сол кезде жалпы халық та, 
ағартушылар да мойындап, қолданысқа енген әліпби осы болды. 
Бұл әліпби «қазақтың алғашқы ұлттық әліпбиі» атауына ие болды. 
Ғалым әліпбиді жасаумен қатар «Оқу құралының ең ұлығы – бала 
оқытатұғын кітап» (1912) [18] дей отырып, балаларға арнап оқу 
құралын да жасады. Онда оқығанды есте қалдыру мақсатында 
орындалатын түрлі жаттығулар болды. Бұл қазақ жазуы үшін де, 
қазақ тарихы үшін де аса маңызды оқиға болып табылады. 
Көріп отырғанымыздай, Ақымет Байтұрсынұлы әр дыбыстың 
дұрыс таңбалануына аса мән беріп, таңбаны үнемдеуі қажет екенін 
де ескеріп, расында мінсіз әліпби түзіп шықты. Ғалымның бұл ісі 
жайлы профессор Н.Ф. Яковлев өз баяндамасында түркі 
халықтарындағы әліпби жүйесін орнатудың қарапайым жолы 
өздігінен біршама күрделенгенін айтады. Ғылымның ұсынар 
қарапайым жолы бұл тілде сөз мағынасын ажыратумен 
байланысты қанша осындай дыбыстық айырмашылықтар барын 
көрсету, себебі әр тілде екі категориялы дыбыстық 
айырмашылықтар бар: біреуі сөздерді мағынасына қарай 
ажыратумен байланысты болса, екіншісі онымен байланысы 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
42 
жоқтары деп хабарлайды. Бұл жерде сөз мағынасымен байланысы 
жоғы мәтіндегі дыбыстардың байланысу заңдылығы бойынша 
сөйлеу барысында автоматты түрде пайда болып, әліпбиде 
көрсетілмеуі тиіс, ал сөз мағынасымен байланысы барлар әліпбиде 
көрсетілуі тиіс екенін айта келе былай жалғастырады: «Но все дело 
в том, что мы встретились с интереснейшим явлением: работники 
на местах, из которых некоторые даже здесь присутсвуют, как тов. 
Байтурсын из Казахстана, по своей инициативе сделали до 
извсестной степени открытие, а именно, они использовали 
фонетические законы тюркских языков, те из них, которые 
проводят явления сингармонизма без исключения, и вместо того, 
чтобы вводить для довольно большого количества гласных звуков 
особые буквы, они использовали тот факт, что в слове в этих 
языках могут быть или только твердые гласные, или только мягкие 
гласные. Они ввели особые знаки, которые должны это качество 
обозначать на целом слове, таким образом, алфавит, в котором все 
решительно звуковые отличия выражены, оказался на 
значительное число знаком экономней» [13]. Демек, Ақымет 
Байтұрсынұлының әліпбиді жасауда тапқан шешімі заманының 
елеулі жаңалығы болғаны айқын екенін көреміз. 
Ғалым әліпбидің үйренуге және үйретуге жеңіл болуы шарт 
екеніне ерекше мән берді. Ғалымның өзі әліппенің оңай болғанын 
көздеп, біріншіден басынан аяғына шейін оңай әрі қысқа сөздерді 
алғанын, бұл өз кезегінде балалар үшін еш қиыншылық 
тудармайтынын айтады. Ал, екіншіден «бұл әліппеде әр дыбысқа, 
өзіне деп анықтап, харіп арналды; олай болғанда бұрынғыдай бір 
харіп әр түрлі орында әр түрлі оқылмай, қай орында да болса, бір 
харіп бір-ақ түрлі оқылады; бұл һәм оқуды жеңілдетеді» [17] деп 
бір әріптің тек бір түрлі оқылатыны оқуды жеңілдететінін 
жеткізеді.
«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының 
бірі. Осы дүниядағы адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, 
қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан 
айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен 
айырылғаннан жеңіл болмас еді» [17]. Бұл жолдар да қазақ тіл 
білімінің негізін салушы, түркітанушы, ақын, әдебиет зерттеуші 
ғалым, педагог, аудармашы публицист қоғам қайраткері Ақымет 
Байтұрсынұлына тиесілі. Тілді қарым-қатынас құралы ғана емес, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет