Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет28/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
57 
2. Екінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүйелі ілім түрінде 
өз алдына оқытыларға керек. 
3. Тіл білімі ереже жаттату түрінде үйретілмей, сөздің тұлға, 
мағана, қисын жағын тану түрінде үйрету керек. Сөздің тұлға, 
мағана жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына 
кірмеске тиіс»! [4, 274-275-б.].
Ғалымның осы жерде айтып отырған уәжіне сүйенсек, тіл – өмір 
сүрудің, тіршілік етудің ең басты құралы болса, сол құралды дұрыс 
жұмсауға үйрету сөз өнері мен сөйлеудің амал-тәсілін меңгерту 
жолымен ғана жүзеге аспақ. Сөйлеу – өнер болса, тіл туралы білім 
– сол өнерге жетудің жолын үйретудің жолы болуға тиіс дегенге 
келіп саяды. «Тіл – алып машина болса», тіл сабақтарында «оның 
тетіктерін білгізе» отырып, дұрыс әрі шебер қолдануға үйрету 
шарт. «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай 
басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады» - деп жазды. 
Олай болса, кез келген тілді, оның ішінде қазақ тілін де оқыту 
әлемде қайталамасы жоқ ана тіліміздің өзіне тән қарым-қатынас 
қағидаларын, сөз әдебін, сөйлеу ерекшеліктерін, сөз жұмсау 
заңдылықтары мен әдіс-амалдарын үйретуді талап етеді деген сөз.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ линвистикасының негізін 
қалаушы ретіндегі ғалымдық миссиясы балаларға тілді үйрету 
мақсатынан бастау алғаны белгілі. Сондықтан ғалым тілдік 
ұғымдарды бастауыш кезеңдегі балаларға түсінікті болуын көздей 
отырып, әр терминнің өзі білдіретін тілдік құбылыспен 
сәйкестігіне барынша ден қойған. Академик Р.Сыздық айтқандай, 
ғалым «термин жасауда тек қазақ сөзінен болуына ғана емес, оның 
ұғымдық-семантикалық жағына ерекше мән берген. «Ұғымды атау 
принципін» қатаң ұстанған. Ғалымға керегі – грамматикалық әрбір 
«ұғымды» қазақша атау және сол ұғымға ең жақын келетін, 
мейлінше түсінікті түрде білдіре алатын сөздерді таңдау» (5, 252-
б.). Осылайша, қазақ линвистикасының алғашқы танымдары 
термин түрінде жүйеленіп, ұлт тілінің ғылым жасауға икемділігі, 
ұтымдылығы мен қызметі айқын көрсетілген. Біздің ойымызша, 
А.Байтұрсынұлының терминжасам ісінде ұлт тілінің қорын 
барынша сарқа пайдалануына түрткі болған екі себеп бар. 
Біріншісі, әрине, тілдік ұғымдардың баланың түсінуіне қолайлы 
болуын ескеруі. Екіншісі – халық танымының тереңінде тұнған 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
58 
сөздердің терминдік сипатқа ие болу уәжділігін асқан сезгірлікпен 
тани алуы. Соңғысы терминдерді тек төл сөздерден алу ниетімен 
ғана шектелмейді, ғалым өзінің алдына сөздік қорда бар сөздердің 
«тосын қырларын» ашып, жаңа сапада қолдану мақсатын қойғаны 
сөзсіз. Бұл – елжанды һәм көшбасшы тұлғаға ғана лайық қасиет. 
Дәл осы ниет ғылыми ұстаным болып бекіп, ұлттық 
терминологияны жасау ісіндегі ұлтжандылығы мен көрегендігін 
ұштай түскен.
Шындығында да, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы зерттеу нысанына 
алған мәселені қай қырынан зерделесе де, тілдің өз табиғатына 
ерекше ден қояды. Сондықтан айтылым, тыңдалым, оқылым, 
жазылым, тілдесім мәдениетіне қатысты зерттеу жұмыстарында 
ғалым бекіткен қағидаларды басшылыққа алып отыру маңызды. 
Бүгінгі тілді оқыту әдістемесімен айналысатын зерттеушілер 
көшбасшы тұлғаның осы бағыттағы тұжырымдарын айналып 
өтпеуі тиіс деп санаймыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының 
ауызша әдеби тілдің өзіндік табиғатын жан-жақты ашып көрсеткен 
қағидалары ерекше құнды.
Тұлға үшін нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасай білудің басты 
шарты – сөйлесім әрекетінің барлық компоненттерінің өзіне тән 
ерекшеліктерін нақты біліп, оларды негізгі қызметіне сай жұмсау 
амалдарын саналы меңгеру. Осы сөйлесім әрекетінің ішінде ең жиі 
қолданылатыны да, қатысым дағдыларының қалыптасуында 
ерекше рөл атқаратыны да, тілдік коммуникацияның өзгеше 
өнімді түрі – айтылым. Айтылымның осы ерекшелігін дәл таныған 
Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөйлеудің асыл мағынасы – біреуге 
білдірейін деген ойын айту. Айтушының мақсаты – тыңдаушыға 
ойын түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді 
алу қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін алса, екінші сөзді ойын 
толықтыру үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау үшін алады», 
- деп, баяншы қолданысына қажетті сөздерді сұрыптап, ұтымды 
қолданудың тілдік қарым-қатынастағы рөлін айқындап береді [6, 
274]. 
Айтылымға тән осындай талаптарды дұрыс сақтауда, оны жүйелі 
меңгертудің жолдарын табуда «айтылым әрекеті» ұғымының 
аражігін айқындап алу шарт. Ауызша сөйленетіндіктен, 
айтылымда ойды жеткізуде сөз мағынасын таңдап қолдану қандай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет