Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет113/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
265 
Субъектілі-предикатты қатынасты білдіретін негіз + І жақ жіктеу 
есімдігі түріндегі құрылымдар көне түркі жазба ескерткіштерінде 
молынан кездеседі:
k[adyr] jagyda jagyčy bän täzig käjikdä alp bän (E 44, 6). 
kyrkyz ogly män (S, 2).  
bälä tugma ärdi ogly bän (E, 15, 2).  
Bilgä kagan atysy jolygtigin män...(Mh, X, l).
bu atymyz umay bäg biz (E, 28, 3).
biz az biz (О, 8).
tänsi män (IB, 1).
ala atlygjoltäŋri män (IB, 2).
Altun kanatlygtalymkara kuš män (IB, 4).
Korkmatimiš kut birgaj män timiš (IB, 3). 
Жіктеу есімдіктері аналитикалық форма құрап, сөйлемнің 
соңында келген. Ол етістіктерге де, есімдерге де тіркескен. 
Мұндай қолданыс қазақтың кейінгі дәуірдегі дастандарының 
тілінде де сақталған:
 
Ашып тонның ішінде 
Бір суретті көрдім мен. 
Ашық оты дерт болып, 
Оған мұқтаж болдым мен. 
Іздеуге атам қимас деп, 
Тілсіз, сақау болдым мен.
Мұрадым хасыл болмаса, 
Өмірімді жойдым мен  («Қисса-
дастандар»). 
 
Ботасы өлген түйедей 
Енді боздай қалдым мен. 
Құлыны өлген биедей
Өле жаздай қалдым мен  («Қисса-дастандар»).
 
Ғараб құлға патша айтты сенейін мен, 
Сөзіңе екіншілей ерейін мен. 
Бақшаға бұлар кетсе хабар берші, 
Анықтап өз көзіммен көрейін мен  («Қисса-дастандар»). 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
266 
І жақ жіктеу есімдіктерімен қатар ІІ жақ жіктеу есімдіктерінің де 
анайы түрі сөйлемнің соңында келіп, қиыса байланысуы көне 
түркі ескерткіштерінің тілінде де, қисса-дастандардың тілінде де 
жиі кездеседі:
 
Ötükän jyš olursar bängü il tuta olurtačy sän (Ktm, 8).
 
Рухтары гүл, Таһирсің
Ләғілдей мислі Таһирсің
Көзден аққан жастарым, 
Меһірбан қыл, Таһир сен! («Қисса-дастандар»). 
 
Бұтағынан қайрылған, 
Гүлдей солып қалдың сен. 
Құстарынан айрылған, 
Бақшадай болып қалдың сен («Қисса-дастандар»). 
Ол бастан жарымаған шал едің сен, 
Әлдекім мұнша ақшаны саған берген. 
Япырым-ау, қайдан алдың, шыныңды айт, 
Мата екен өмірімде мен көрмеген («Бабалар сөзі»).
 
Сонымен қатар сыпайы түрінің де (жекеше, көпше түрлері) 
сөйлемнің соңында келуі жиі кездеседі. Оған көне түркі тілінен де, 
қисса-дастандардың тілінен мысал көп:
Ötükän jyš olursar bängü il tuta olurtačy sän (Ktm, 8).
 
Bödkä körügmä bäglär gü jaŋyltačy siz (Ktm, 11).  
Бұл түрде ағасы айтты: – Кетелік біз, 
Бұл таудан тездеп асып кетелік біз. 
Және де аю, қасқыр мұнда болар, 
Бұл таудан асығыспен өтелік біз («Бабалар сөзі»). 
 
 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
267 
Көреміз ақша беріп қызды біздер, 
Талапкер болғандарың жүріңіздер. 
Онда бір ғажайып сурет көріп, 
Ақшамен оны барып көресіздер («Бабалар сөзі»). 
 
Молда келіп шәкіртіне айтады сөз: 
– Неге тілің байланды, айтыңыз сіз. 
Ата-анаң жолынан ауырырақ, 
Жоқ па еді ұстаз хақын білуіңіз («Бабалар сөзі»). 
 
Мысалдардан байқап отырғанымыздай, жіктеу есімдіктері мен 
етістіктер өзара қиыса байланысқан. Келтірілген мысалдардағы 
жіктеу есімдіктері мағынасынан ажырай қоймаған. Ал Таһирсің – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет